Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

«Паскаль – программалау тілі» қолданбалы курсы

Мектеп: Т. Қатаев атындағы «№22 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Бағыты: жаратылыстану - математикалық бағыт
Сыныбы: 10
Курсты құрастырушының аты - жөні: Дильманова Умит Мейрамбековна
Санаты: 2
«Паскаль – программалау тілі» қолданбалы курсы

Курстың негізгі мақсаты:
Оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын дамыту, пәндік білімін тереңдету, дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдай жасау. Олимпиада есептерінің негізгі типтерін қарастыру, ондай есептерді шешудің жиі қолданылатын тәсілдерін үйрету арқылы оқушылардың программалау технологиясын жетік меңгеруіне көмектесу.
Курстың негізгі міндеті:
программалаудың негізгі идеялары мен принциптерін оқыту, белгілі әдістерді (алгоритмдерді) меңгерту;
программалау тілдерінің айырмашылықтарын, файлдық құрылымды атап көрсету;
программалау тілінің алгоритмдік конструкциясын таныстыру;
құрылымдық және модульдік программалау ұғымын, массивтерді құрастыру, сипаттау және өңдеу арқылы нақты тәсілдерін көрсету;
бір есепті әртүрлі әдістермен және құралдармен шешу.
Күтілетін нәтиже:
Есептерді шешудің жиі қолданылатын тәсілдерін үйренеді.
Алға қойған мақсатқа жетуге үйренеді.
Программалау технологиясын жетік меңгереді.
Мамандық таңдауға, практикалық жұмыстарға бейімделеді.
Шығармашыл жеке тұлға қалыптасады.

Түсінік хат
Қазіргі заманғы информатиканың негізгі теориялық ұғымы – алгоритм мазмұндық ұғым ретінде енгізіледі. Алгоритмдерді жазу үшін блок - сызбалар және құрылымдық программалаудың формальді тілдері пайдаланылады.
Бұл бағдарлама «Паскаль – программалау тілі» тақырыбында 10 сыныпқа арналып жасақталды.
Соңғы уақытта құрылымдық программалау тілі - Паскальға ерекше көңіл бөлінуде. Себебі олимпиада материалдарын орындау талабына сай оны тек Паскаль программалау тілінде жазу ұсынылады.
Қолданбалы курстың құндылығы өтілген материалдан кейін деңгейлік тапсырмалардың берілуімен ерекшеленеді. Курстың мазмұны Паскаль программалау тілінің әліппесінен басталып, құрылымдық программаларды құру тәсілдерін толық қамтиды. Қолданбалы курс бағдарламасы мектеп оқушыларының түсінігіне сай құрылған.
Мұнда Паскаль программалау тілінің командаларына түсініктеме беріліп, сәйкес мысалдармен жүйелей түсіндіру оқушының материалды жан - жақты игеруіне игі әсерін тигізеді.
“Жиым” тақырыбын түсіндіруде әр түрлі тәсілдер мен мысалдар келтірілген. Аталған тақырып программалау тіліндегі ең күрделі тақырыптардың бірінен саналады, әрі ол барлық операторлардың қызметін қамтиды. Сондықтан оны түсіндіруге жеңіл, игеруге аса тиімді әдістер қолданылған.
Графиктік және символдық ақпараттарды программалау тілінде өңдеудің ұтымды әдістері мысалдар арқылы беріліп, түсіндірілген.
Жоғарыда аталған мәселелерді негізге алар болсақ, бұл курс бағдарламасы оқушылардың Паскаль программалау тілінде есептерді жүйелі шығаруына және олимпиада есептерін шешуде оңтайлы жолдарын таба білуіне бағытталады.

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Өрнектер. Арифметикалық өрнектерді жазу ережелері

Өрнектер. Арифметикалық өрнектерді жазу ережелері

Оқушыларға өрнек ұғымымен таныстыру. Оқушыларға арифметикалық өрнектердің жазу ережелерін үйрету...
Visual Basic программалау тілі бойынша тексеру жұмысы

Visual Basic программалау тілі бойынша тексеру жұмысы

Visual Basic программалау тілі бойынша алған білімдерін тексеру. Оқушылардың дүниетанымын дамыту, Visual Basic программалау ортасында жұмыс жасау...
Стандартты функциялар. Стандартты типтердің сипатталуы

Стандартты функциялар. Стандартты типтердің сипатталуы

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю.А.Гагарин атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі Тайкенов Дархан Есенбайұлы...
Паскаль – программалау тілі. Формальды жазылу тәсілі

Паскаль – программалау тілі. Формальды жазылу тәсілі

ШҚО, Семей қаласы, №21 жалпы білім беретін мектеп Абылхасымова Ұ. Ж....
Стандартты функциялар

Стандартты функциялар

Пән аты: Информатика Сабақтың тақырыбы: Стандартты функциялар. Стандартты типтердің сипатталуы. Өрнектер және олардың жазылуы Сабақтың мақсаты:...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету