Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Информатика пәнінің алғырлары

Сабақ тақырыптары:
1. Информатика пәнінің алғырлары
2. Қайталау операторлары (слайд)


Информатика пәнінен ашық сабағымызға қош келдіңіздер!
Сабақтың тақырыбы: Информатика пәнінің алғырлары
Сыныбы: 7 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: пәнінен алған білімдерін жинақтау, пәнінен алған білімдерін бақылап, бағалау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.
Сабақтың типі: қайталау сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: тест, сұрақ – жауап, практикум, көрсете баяндау, топпен және жеке жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі:
- Интерактивті тақта, үлестірмелі парақтар, кубик т. б.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар өз орындарына отырғызылады. Әр топта өз еркінше бөлініп 2 топ болып отырады.

Мұғалім:
Сәлеметсіңдер ме оқушылар.
Біздің бүгінгі өткізілгелі отырған сайыс сабағымыз өтілген тараулар бойынша өткен білімдерімен байланысты. Сендердің алған білімін ойын элементтері арқылы тексеремін. Өздеріңіз көріп отырғандай 2 тобымыз 6 оқушыдан құралған. Әр топ өздеріне қойылған тапсырмаларды бірлесіп, ақылдасып шешулеріне мүмкіндіктері бар. Балалар, алдарында бағалау парағы жатыр. Бүгін өз - өзімізді бағалаймыз. Тапсырма орындап біткеннен өздеріне баға қоясыңдар.
Енді ортаға шығып сергіту сәтін жасап алайық.
Бір - бірімізге қарама қарсы қарап тұрамыз.
Амандасу салтымен сабағымызды бастайық. Қазір мен әр елдің амандасу түрін айтайын, сендер соны іс қимылмен көрсетіңдер, жарайды ма балалар.
- Қазақтар қол алысады;
- Италяда құшақтасады;
- Бразилияда бір бірінің иығын қағады;
- Никарамада арқасымен /тигізіп/;
- Зимваведе шынтақпен;
- Австарлияда шапалақпен, секіру, бөксемен.
Міне балалар дене мүшелерімізді шынықтырып, қайталадық.
Қане отырамыз.
Мен топ басшыларын таңдаймын. Енді топ басшы өз топ құрамын өзі таңдар алады. Кезекпен таңдау қажет.
Бірінші топ басшы кімді таңдайтынын айтады, неліктен таңдағанын сұрап жауап аламын.
әр топ сол құрылған топтарымен отырады.
Ескерту: әркім өз тобына отырады және өз топ басшыларына бағынады.

І.«Мақсатты тану».
Тақтада «Идея себеті» суреті ілінеді.
Әр оқушыға стикер тарқатамын, яғни әрбір оқушы сол стикерге осы сабақтан және информатика пәні бойынша нені үйреніп жүргендіктерін жазып жапсырады. /Корзина ішіне/.
/Компьютерді жетік меңгеремін, дискімен жұмыс жасауды үйренемін, слайд жасай аламын, есептер шығарамызт. т.б./
Өзін өзі бағалау критерийлері бар бағалау парағы тарқатылады.
өз мақсатымызға жету үшін болашақта өзіміз дұрыс шешім қабылдай алу үшін өзін өзі бағалау өте жақсы көмектеседі, өзін өзі тануға үйретеді. Бағалау термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққан.
Оқушыларға бағалау критерий таратамын.

ІІ. Мозайка құрастыру. 1 минут уақыт беріледі. Музыка әуені ойналады ///.
Біткен топ белгі береді. Қолдарын біріктіріп көтеру.
Яғни мозайкадан құрастырылған өмірлік ұстанымдарды айтып шығу керек.
Осындай ұстанымды тек сабақта ғана емес, өмірде де ұмытпай қолданып, жүрулеріңе тілектеспін.
Жарайсыңдар. Үш шапалақ.
Мозайканы жинап алу.

ІІІ. Миға шабуыл. Енді экранға қараңдар. Маша мен Аю мультфильмі көрсетіледі.
Сұрақ балалар маша неге пианино үйрене алмады, ноталардан қатты жаңылысты неге? Топпен кеңесу. Болған топ белгі беру.
/Әр нәрсенің өз заңдылығы болады, сол заңдылықты білмесең, оқып үйренбесең, онда қателесесің, жаңылысасың/.

ІV. Шығармашылық жұмыс. «Кім тапқыр».
Сұрақ: Сызықтық алгоритмнің жасалуы қалай орындалады?
Жауап: тізбектеліп.
Яғни келесі жұмысымыз осы сызықтық алгоритмнің жасалуы бойынша болып отыр. Төмендегі жұмысты орындап шығу.
/Музыка ойналады. Мен қазақпын./
1. ЭЕМ 1 буыны (1946 - 1958жж), электрондық лампалар мен релелер.
2. ЭЕМ 2 буыны (1958 - 1964жж), жартылай өткізгішті транзисторлар.
3. ЭЕМ 3 буыны (1964 - 1972жж), интегралдық сызбалар.
4. ЭЕМ 4 буыны (1972 - 2015жж), үлкен интегралдық сызбалар.
5. ЭЕМ 5 буыны (ондаған жылдардан соң)- болашақ.
Жылдары бөлек, буындарымен, сонымен қатар не қолданылғаны да сәйкестендіріп іліп шығу керек.
Іліп болған оқушылар орнына жайғасады. Белгі береді.
Болса оны қорғап беруі керек, әр топ жеке жеке.
Бағалау.

Оңтүстік Қазақстан облысы,
Түркістан қаласы, Ататүрік атындағы №17 мектеп - гимназиясының
Информатика пәнінің мұғалімі Арбекова Багадат Коканбаевна

Толық нұсқасын жүктеу
Қайталау операторы слайдын жүктеу
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Информатика пәнінің алғырлары. Сайыс сабақ

Информатика пәнінің алғырлары. Сайыс сабақ

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, олардың информатика пәнінен алған білімдерін бақылап,...
Алгоритмнің түрлері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)

Алгоритмнің түрлері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)

Сарқан қаласы, Ақын Сара атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі Асель Данияровна Адамбекова...
Информатика пәнінің алғырлары

Информатика пәнінің алғырлары

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, пәнінен алған білімдерін бақылап, бағалау. Дамытушылық:...
Информатика сайысы

Информатика сайысы

информатика пәнінің мұғалімі Мұхамедин С.Қ. Мақсаты: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау. Оқушылардың ойлауын, компьютерлік...
Информатика жұлдыздары

Информатика жұлдыздары

СҚО, Шал ақын ауданы, Кеңес орта мектебінің информатика пәні мұғалімі: Мұхамедин Сырым Қойшыбайұлы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету