Сайтқа кіру Тіркелу

Сандық пернелермен жаттығу

Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы,
Ш. Қалдаяқов мектеп – гимназияның
информатика пәні мұғалімі
Арыстанова Күнімкөз Бөрғазықызы

Сабақтың тақырыбы: Сандық пернелермен жаттығу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға пернетақтаның бөліктерін таныстыру, сандық пернемен жаттығу жасауды үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін, жылдамдыққа, сандық пернемен жаттығу жасау арқылы ғылыми - көзқарасын дамыту.
Тәрбиелілік: сабырлыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: практикалық, зерттеу сабағы.
Сабақтың типі: баяндау, көрсету, практикум
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, тест сауалдары, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: пернетақта, Stamina бағдарламасы, смайликтер, стикер, плакат, бағдаршам, слайд.
Пән аралық байланыс: қазақ тілі, математика пәндері, орыс, ағылшын тілдері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
1. Амандасу.(Сынып оқушыларына жағымды ахуал орнату).
2. Топқа бөлу. ( Пернетақта, монитор, жүйелік блок суреттері арқылы үш топқа бөлінеді).
ІІ. Ою - өрнек перфокартасы арқылы үй жұмысын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ. Миға шабуыл. Проблемалық сұрақ.
Постер қорғау «Пернетақтаның сандық пернелерімен танысу».
IV. Тапсырмалар
1. Практикалық жұмыс (әр топқа жеке топтық жаттығу беріледі).
2. Тапқыр болсаң тауып көр(Үш топ бір - біріне өлең жолдарымен сиқырлы сұрақтар қояды).
Сергіту сәті (видеоролик арқылы көз жаттығуын жасау)
3. Полиглот(әр топ сөзді тауып, оны қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аударады).
4. Жасырын пернелерді тап. (Слайдта пернетақтаның жасырын тұрған пернелерін табу керек).
5. Жұмбақтар әлемі. (Жалпы екі топқа да жұмбақтар жасырылады).
V. Компьютермен жұмыс(Stamina бағдарламасы арқылы жаттығу).
VІ. Қорытындылау.
1. Өлең жолдарымен жұмыс. (Бүгінгі сабақты қорытындылау үшін оқушылар білімдерін өлең жолдарымен айтады).
2. Бағалау. (Топтық жұмыста жинаған смайликтері бойынша бағаланады).
VI. Үйге тапсырма.
І. Амандасу. Сәлеметсіздер ме! Оқушылар, балалар. Бүгін біз өте қызықты және өмірде қажетті ақпараттармен танысамыз. Сабағымыз көңілді өту үшін маған көмектесесіздер деп ойлаймын, мен сіздерге сенемін.
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу үшін оқушылар көздерін жұмып мұғалімнің сөздерін қайталайды.
1. Мен информатика сабағында отырмын
2. Мен білгенімнің барлығын есімде сақтаймын
3. Менің көңіл күйім жақсы
4. Мен білімді, ақылды, шығармашыл оқушымын
5. Мен сабаққа дайынмын.
6. Мен өзіме сенемін
7. Мен жетістікке жетемін
2. Топқа бөлу (Пернетақта, монитор, жүйелік блок суреттері арқылы үш топқа бөлінеді). Оқушылар өздерінің арасынан топ басшысын сайлап алады. Топ басшысы өз топтарының атауы бойынша мағлұмат беріп өтеді.
ІІ. Ою - өрнек перфокартасы арқылы үй жұмысын тексеру (тест арқылы). Экранға тест тапсырмасы слайд түрінде көрсетіледі. Оқушылар тестті кестеде орындап, дұрыс өрнекті табу керек. Өрнектен алфавиттің әріпі шығады. Біздің бүгінгі сабағымыздың бас әріпі С әріпі.

1. Ақпарат деген не?
А) сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер.
В) компьютердің құрылғыларының көмегімен жеткізу белгісі
С) бейнелеу тәсілдері арқылы жүзеге асатын мәліметтер
2. Файлды сақтау үшін қандай бұйрықты орындаймыз?
А) Сақтау
В) Құру
С) Ашу.
3. Ақпаратты уақытша сақтайтын жадыны көрсет?
А) буфер
В) жады
С) процессор
4. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі
А) бит
В) байт
С) 1
5. Индикатор деген не?
А) пернетақтаның өшірулі тұрғанын көрсетеді.
В) пернетақтаның қандай режимде жұмыс істеп тұрғанын көрсететін кішкене шамдар
С) пернетақтаның қосылу тұрғанын көрсетеді.
6. Ақпарат енгізу құрылғысы
А) жүйелік блок
В) монитор
С) пернетақта
7. Байттардың аты бар қандай да бір тізбек қалай аталады?
А) файл
В) бума
С) құжат
8. Windows деген не?
А) терезе
В) есік
С) кесте
9. Ақпаратты тасымалдауыштар тізбегін тап?
А) диск, флешка, дискет
В) принтер, колонка, тышқан
С) видеокарта, процессор, монитор

ІІІ. Жаңа сабақ. Миға шабуыл.
Проблемалық сұрақ. Сурет арқылы оқушылармен диалог жүргізу. Суретте не бейнеленген? Сендердің ойларыңша бұл зат неге ұқсайды?
Бұл тұтас зат па немесе бір заттың бөлігі ме?

Жауабы: Пернетақтаның сандық бөлігі.
Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы Сандық пернелермен жаттығу.
Пернетақта туралы өткен сабақтарда өткенбіз. Бүгінгі сабақта пернетақтаның сандық пернелерімен жаттығу жасаймыз.
Жаңа сабақты үш топ зерттеу жұмысын жүргізе отырып, постер арқылы қорғайды. Үш топқа тапсырмалар беріледі.
1. «Пернетақта» тобының тапсырмасы
Сандық пернелер деген не? – цифрлық ақпаратты енгізуге және меңзерді басқаруға арналған. Цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта, олар 10 пернеден тұрады. Сонымен қатар +,-,*,/,= амалдары бар. Пернетақтада оң жақта орналасқан. Бұлардың көмегімен цифрлық ақпараттарды компьютерге енгізуге, сондай - ақ меңзердің экранда қозғалуын басқаруға болады.
«NumLock» пернесі пернетақтаның оң жақ қосымша бөлігінің жұмыс режімін ауыстырып қосады.
2. «Монитор» тобының тапсырмасы
Сандық перненің қосымша атқаратын қызметін ата?- сандық перне қосымша тышқан қызметін атқаратын қасиеті бар. Сандық пернелерінің санының төменгі жағында бағытталған стрелкалар орналасқан сол стрекалар арқылы оңға, солға, жоғары, төмен жылжуға болады. 5 санының пернесі арқылы қызмет жүзеге асыру командасы орындалады.
Сандық перненің қосымша тышқан қызметін атқаратын командасын орындау үшін компьютерде «Панель управление» бөлігін таңдап «Специальные возможности» арнайы мүмкіндіктер белгішесін тышқан көмегімен шертіп, шыққан терезеден «Мышь» тышқан бөлімін таңдау қажет. Осы жерде «Управление мышью с клавиатуры» терезесінде тышқанды сандық перне арқылы қолдану «Использовать цифровую клавиатуру для перемещение указателя мыши» деген жерде тышқанмен вкл/қосу басамыз. Немесе пернетақтадан Ctrl+Alt+NumLock пернелерін бір мезетте басу қажет.
3. «Жүйелік блок» тобының тапсырмасы
Сандық пернені қазіргі кезде, өмірде қай жерде қолданалады.
Математикалық есептер шығару барысында компьютердің «Калькулятор»
стандартты бағдарламасын қолдану арқылы есептер шығаруға болады.
Бухгалтерияда есептеулер жүргізу үшін сандық пернелер қолданылады.
Экономика саласында қолданылады. Ұялы қызмет байланыстарында
телефон нөмірлерін теру барысында қолданылады. Дүкендерде, сауда саттық
орындарында қолданылады және т. б.

IV. Тапсырмалар
1. Практикалық жұмыс
Осы тақырып байланысты әр топ сандық пернелермен жаттығу жасайды.
1. «Пернетақта» тобына жаттығу. Калькулятор бағдарламасын қосып, математикалық есепті шығар.
1) 6, 3 - 2, 3+7, 5=11. 5
2) 8, 1+1, 9 - 3, 8=6. 2
3) 12, 9 - 5, 7+6, 031=13, 231
4) 9, 5 - 5, 3+3, 3=7. 5
2. «Монитор» тобына жаттығу. Ұялы телефонның нөмерлерін түрлі әдіспен жазу.
3. Жүйелік блок тобына жаттығу. Логикалық есеп.
Ойлаған санға бірді қостым, қосындыны екіге көбейттім. Көбейтіндіні төртке бөлдім. Бөліндіден үшті азайттым. Бір шықты. Мен қандай сан ойладым? Шешімі: (((x+1)*2)/4)- 3=1 x=7

2. Тапқыр болсаң тауып көр.
Үш топ бір - біріне өлең жолдарымен сиқырлы сұрақтар қояды

«Пернетақта» тобының «Монитор» тобына қоятын сұрақтары
Бір бетшені аштым да,
Мәтін жаза бастадым
Бірақ тілін шетелдің
Аудара алмай тастадым
Тілді қалай өзгертем
Көмектесші, достарым!

«Монитор» тобының «Жүйелік блок» тобына қоятын сұрақтары
Міне, тағы қиналып - ақ тұрмын мен,
Нөмерлерді жаза алмай пернемен
Сандар жазылмайды қайтемін?
Көмек берші, енді нені басамын?

«Жүйелік блок» тобының «Пернетақта» тобына қоятын сұрақтары
Іздеп - іздеп пернеден таба алмадым
Ақыры есімімді жаза алмадым
Достарым, айтыңдаршы бас әріпті
Перненің қай жерінен таба аламын?

Сергіту сәті
Бейнеролик арқылы оқушылар көзге арналған жаттығулар жасайды.

3. Полиглот
«Пернетақта» тобы
Сөзді тап. Орысша, ағылшын тіліне аудар
Сна, Қсуо, Пренеқтата, Сқатуа, (Сан - цифра - number, қосу - плюс - plus, пернетақта - клавиатура - keyboard, сақтау - сохранить - save)
«Монитор» тобы Сөзді тап. Қазақша, орысша тілге аудар.
I W D W O S N, Dletee, Edn, Hemo(Windows - терезе - окно, Delete - өшіру - удалить, End - соңы, конец, Home - басы - начало)
«Жүйелк блок» тобы. Сөзді тап. Қазақша, ағылшын тілдерге аудар.
Копировать, NmoLcok, Дестяь, Стрелка (копировать - көшіру - copy, numlock – цифровой знак - сандық белгі, десять - он - ten, стрелка - pointer - жебе).
4. Жасырын пернелерді тап
«Пернетақта» тобы
«Монитор» тобы
«Жүйелік блок» тобы
5. Жұмбақтар әлемі. Жалпы екі топқа да жұмбақтар жасырылады.
1. Ұзын тұра жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады
Қозғала қалса артынан
Ешбір белгі қалмайды
(бос орын)
2. Пернетақта ауылында
Сандар тұратын жерінде
Нөмерлері 0 - 9 үйлері
Қосу, азайту көршілері
Айтыңдаршы балалар
Бұл перненің қай жері
(Сандық перне)
3. Пернетақта ауылында
Пернелік деген атаның
Бар 12 ағайыны
Есімдері бір қызық
F (эф) әрпімен басталар
Аты қандай балалар (функционалдық пернелер)
4. Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді (баспа құрылғысы)
VІ. Компьютермен жұмыс.
STAMINA бағдарламасы арқылы сандық пернелерді жылдам және сауатты теруге жаттығу.

1. Сабақты қорытындылау.
Өлең жолдарымен жұмыс
Бүгінгі сабақты қорытындылау үшін оқушылар білімдерін өлең жолдарымен айтады.
«Пернетақта» тобы
Пернедегі әр әріпті басамыз,
Сөздерден біз сөйлем құрап жазамыз,
Бас әріппен бастау үшін сөйлемді
Пернелерден CapsLock – ті басамыз.
Есептерді шығаруға,
Нөмерлерді теруге
Көмектесер сандық перне
Сандарды біз басамыз
Қосып, азайтып аламыз.
«Монитор» тобы
Басқа тілге түскің келсе ауысып,
Әрқашан да көмектесер Alt пен Shift.
Жазып болып, қате көріп қалсаңыз.
Түзетесіз Delete пернесін бассаңыз.
Пернетақта құпиясы тағы бар
Сандық перне деп аталар
CTRL+ALT+NumLock - ті басып
Тышқан қызметін атқарар
«Жүйелік блок» тобы
Секіру үшін ә ржолға
Tab пернесін пайдалан!!!
Басына жолдың барғын келсе
Көмектесер Home перне.
Келесі жолға түскің келсе
Enter пернесін басып қал
Сандар терілмесе егерде,
NumLock - ті басу керек сендерге.

2. Бағалау. Оқушылардың сабақ барысында орындаған жұмыстарына смайликтер беріледі. Топтық жұмыста жинаған смайликтері бойынша бағаланады. Қай топтың смайликтері көп сол топ жеңімпаз болады.
Кері байланыс
Рефлексия оқушылар сабаққа қатысты өз ойларын стикерге жазып, тақтадағы бағдаршамға жапсырады.
1. Сабақ несімен ұнады?
2. Сабақтың қиын сәті болды ма?
3. Сабақтан қандай әсер алдың?

VIII. Үйге тапсырма. Бүгінгі тақырыпқа байланысты «Пернетақта» тобы «Ребус?», «Монитор» тобы «Кроссворд», «Жүйелік блок» тобы «Сканворд» құрастырып келу.
Осымен сабағымыз аяқталды. Сіздерге рахмет балалар, Сау болыңыздар!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері

Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері

Сабақтың тақырыбы: Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері. Сабақтың мақсаты: Білімділік: компьютердің құрамына кіретін...
Пернетақта. Пернелер тобы

Пернетақта. Пернелер тобы

Сабақтың тақырыбы: Пернетақта. Пернелер тобы Сабақтың мақсаты: оқушыларға пернетақта жайлы мәліметтер бере отырып, пернетақтаны мәліметтер енгізу...
Пернетақта, пернелер тобы

Пернетақта, пернелер тобы

Сабақтың тақырыбы: Пернетақта. Пернелер тобы Сабақтың мақсаты: Оқушыларды компьютердің сыртқы құрылғыларымен таныстыру. Білімділік: Енгізу - шығару...
Ақпаратты еңгізу құрылғысы пернетақта

Ақпаратты еңгізу құрылғысы пернетақта

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №1 ЖОББМ информатика пәні мүғалімі Давлеткалиева А.К....
Ақпаратты еңгізу құрылғысы пернетақта

Ақпаратты еңгізу құрылғысы пернетақта

БҚО, Орала қаласы, №1 ЖОББМ информатика пәні мүғалімі Давлеткалиева А.К....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×