Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Windows операциялық жүйесін орнату

Умирзакова Анар,
Маңғыстау облысы, Бейнеу политехникалық колледжінің
информатика пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Windows операциялық жүйесін орнату.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Windows ОЖ орнату туралы, файлдық жүйе, оның түрлері, операциялық жүйені орнату әдістері туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Windows ортасында жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылығын арттыру, сыйласу, қарым - қатынас жасай білу.
Сабақ түрі: Жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың әдісі: Көрнекі құралдарды пайдалана отырып, сабақ мазмұнын түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, диск, фишкалар, тест сұрақтары.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру (1 мин)
ІІ. Үй тапсырмасына шолу (4 мин)
ІІІ. Жаңа сабақ. (15 мин)
ІV. Жаңа сабақты бекіту. Ойын «Білімімізді байқайық». (15 мин)
V. Тест (5 мин)
VІ. Оқушыларды бағалау. (3 мин)
VІІ. Үйге тапсырма беру (1 мин)
VІІІ. Сабақты қорытындылау. (1 мин)

Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасына шолу.
«Windows қосымшаларындағы деректермен алмасу»
Сұрақтар:
1. Windows жүйесінде деректермен алмасу ненің көмегімен жүзеге асады?
2. Алмасу буфері дегеніміз не?
3. Алмасу буфері арқылы мәліметтер алмасу қалай жүзеге асырылады?
4. Алмасу буфері арқылы мәліметтер алмасудың артықшылығы?
5. Алмасу буфері арқылы мәліметтер алмасудың кемшілігі?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Сабақтың мақсатын айту.
Өткен тақырыптармен байланыстыру.
WINDOWS ОЖ орнату
Жоспар:
1. Операциялық жүйені орнату жағдайлары.
2. Дискіні таңдау
3. Файлдық жүйе
FAT (DOS → WINDOWS XP)
NTFS (WINDOWS 2000, WINDOWS XP)
Partition Magic
4. Регионалдық баптаулар
5. Орнатуды аяқтау

Сіздің компьютеріңізде қатты дискіде ешқандай операциялық жүйе қондырылмаған болса, онда компьютерді жүктеу мүмкін болмайды. Ол компьютерге жаңа қатты диск қондырылғаннан болуы немесе компьютерде біраз уақыт жұмыс істегеннен компьютер көп қателескеннен болуы мүмкін. Немесе сіз жаңа компьютер сатып алдыңыз, немесе өз бетіңізбен құрастырдыңыз. Бір компьютерге бірнеше операциялық жүйені орнатуға да болады.
Мұндай жағдайда операциялық жүйені орнату үшін ең алдымен бізге WINDOWS нұсқасының компакт - дискісі керек. Жай диск емес, жүктеуші диск қажет, яғни осы дискінің құрамында жүктелетін маңызды жүйелік файлдары бар. Әрине, ол диск лицензияланған болу керек.
Жүйелік блоктағы CD - ROM ұяшығына WINDOWS компакт - дискісін орнатамыз. Сол кезде жүйе автоматты түрде компакт - дискіден жүктеледі. Нұсқауларын орындау керек.
Жүйені орнатуды бастағаннан кейін бағдарлама сіздің компьютеріңіздегі қатты дискіде қатенің бар - жоғына, орын жеткілікті болуына тексере бастайды. Барлығы дұрыс болса, жүйені қондыру басталады. Алдымен экранға шыққан лицензияланған келісімді қабылдаймыз. Оны қолдау үшін дискінің қорабында немесе дискінің өзінде жазылған арнайы код - «кілтті» теріп жазамыз.
Қондыруға арналған бөлім мен дискіні таңдау.
Одан кейін WINDOWS - ты орналастыратын дискіні, орынды, бөлімді таңдауымыз қажет. Егер сіздің компьютеріңізде бір қатты диск және бір бөлім болса, онда ештеңе таңдамайсыңдар (ол әсіресе жаңа компьютерлерде болады). Ал егер дискінің саны екеуден көп болса, біреуінде бұрынғы ескі жүйе болса, онда таңдауыңыз қажет.
Мынадай жағдай болу мүмкін: Сіздің компьютеріңізде екі қатты дискі бар делік. Біреуінде операциялық жүйе қондырылған, мысалы WINDOWS 95. Сіз бұрынғыны қажет болып қалар деп жойғыңыз келмейді, жаңадан қондырылған жүйе қалай жұмыс жасайтынын білмейсіз ғой. Ондай жағдайда WINDOWS 2000 - ды екінші дискіге (D:\) қондырсаңыз болады. Компьютеріңіз екінші операциялық жүйені көріп, автоматты түрде арнайы «жүктеуші меню» құрады. Бір компьютерде қалағаныңызды таңдауға болатын екі операциялық жүйе орнатылады. Ал егер WINDOWS 2000 - ды бұрынғы WINDOWS 95 орнатылған папкаға орнататын болсаңыз, онда бағдарлама WINDOWS 95 операциялық жүйесін өшіруді талап етеді.

Толық нұсқасын жүктеу
Презентациясын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жады, операциялық жүйелердің  жіктелуі және функциялары

Жады, операциялық жүйелердің жіктелуі және функциялары

Сабақтың тақырыбы: Жады, операциялық жүйелердің жіктелуі және функциялары. Сабақтың мақсаты: Терезенің элементтеріне түсінік беру. Білімділік:...
Файлдық менеджер құрылымы

Файлдық менеджер құрылымы

1. 1 Компьютерде ақпараттық технологияны топтау бағдарламасын қамтамасыз ету Компьютерде ақпараттық технологияны қамтамасыз ету үшін бағдарламалық...
Операциялық жүйелерді баптау

Операциялық жүйелерді баптау

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы,Қараой мектеп - балабақшасы Информатика пәні мұғалімі Құмарова Айнұр Сұлтанәліқызы Сынып:8 Тақырыбы: Операциялық...
Операциялық жүйелерді баптау

Операциялық жүйелерді баптау

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы, №1 Г.Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназиясының информатика пәні мұғалімі: Кадырова Светлана...
Операциялық жүйе: мәні және оның негізгі қызметтері

Операциялық жүйе: мәні және оның негізгі қызметтері

Операциялық жүйе адам мен компьютердің электрондық құрауыштары және қолданбалы программалар арасында келістіруші қызметін атқарады....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету