Сайтқа кіру Тіркелу

Интернет. Интернете ақпаратты іздеу. Электрондық пошта

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы,
Шетпе - 1 кентіндегі Н. Жұбаев атындағы орта мектептің
информатика пәнінің мұғалімі Тұралы Амангүл Шыңғысқызы

Сабақтың тақырыбы: Интернет. Интернеттен ақпарат іздеу.

Электрондық пошта.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік
• Ғаламдық интернет желісінің мүмкіндіктері мен оның мәні туралы түсінік қалыптастыру;
• Ғаламдық желінің қызметін, оның рөлі туралы түсінік беру;
• Интернет желісіне қатынау тәсілдерін үйрету;
• Интернет желісінің қызметін ақпаратты іздеуге қолдана алу әдістерін;
• Оқушылардың электрондық пошта мүмкіндіктерімен оның мәні туралы түсінік беру;
• Электрондық поштада хабарламаны алу мен оны жіберу әдістерін қалыптастыру.

Дамытушылық:
• Ақыл - ойын дамыту;
• Танымдық көзқарасын дамыту;
• Оқушының АКТ - ны басқаруды дамыту;

Тәрбиелік:
• Оқушыларды электрондық поштада хаттарды жазу ережелерімен таныстыру.
• Өздігінен оқу дағдысын қалыптастыру;
• Оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.

Программалық - дидактикалық жабдықталуы: дербес компьютерлер, мультимедиалық проектор, ОЖ, браузер программасы, графикалық редактор.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, сабақтың тақырыбын, мақсатын айту. Жаттығу жасату.
ІІ. Сабақтың өзектілігі (білу).

Мұғалімнің сұрақтары:
1. Компьютерлік желі неге арналған?
2. Жергілікті желі дегеніміз не?
3. Жергілікті желіде ақпаратты жіберу жылдамдығы қандай?
4. Желінің ақпараттық жабдықталуын атап көрсет.

ІІІ. Жаңа түсініктер.(түсіну)
Интернет - бұл бір - бірімен байланысты миллиондаған жергілікті желіден тұратын ғаламдық желі.
Интернет - бұл сандық технологияны пайдалану арқылы ақпаратты жіберуге арналған байланыс құралы.
Интернет сөзі «international net work» деп аталатын сөз тіркестерінен тұрады, ағылшын тілінен аударғанда «бүкіләлемдік ғаламдық желі» дегенді білдіреді.
Ең танымал Интернет желісінің қызметтері:
1. WWW (WorldWideWeb)- ақпараттық жүйенің гипермәтіндік құжаттары.
2. Электрондық пошта (e - mail).
3. FTP (файл алмасу)
4. Форумдар

5. Жаңалыққа қосылу
6. Іздестіру жүйелері
7. Чаттар
8. Қажет кезде қарым - қатынас жасау

Интернеттегі кез келген құжат web – беттерден тұрады. web – беттер браузер деп аталатын арнайы программаның көмегімен қарастырылады.

Браузер - бұл алыс қашықтықтағы серверде болатын web - құжаттарды қарауға арналған құрал.
Ең танымал браузерлер: Google Chrome, Opera, Mozilla. ІҮ. Білім мен дағдыны қалыптастыру кезеңі (қолдану)
Оқулықтан практикалық тапсырма мен шығармашылық тапсырманы орындау.
Ү. Жаңа білімді қорыту және іс - әрекет тәсілдерін қолдану кезеңі (талдау)
Мұғалімнің сұрақтары:

1. Компьютерлік желі дегеніміз не?
2. Компьютерлік желі неге арналған?
3. Желінің түрлерін ата?
4. Ғаламдық желі дегеніміз не?
5. Браузер дегеніміз не?
ҮІ. Сабақты қорытындылау кезеңі (синтез)
Сыныптың және жекелеген оқушылардың жұмысын бағалау.
Сабақта алған жаңа әрі жалпы ақпараттарды бекіту арқылы сабақты қорытындылау. Практикалық тапсырмаларды тексеру.
ҮІІ. Бақылау және өзін - өзі бақылау кезеңі (бағалау)
Мұғалімнің сұрақтары:
1. Электрондық пошта дегеніміз не?
2. Интернет дегеніміз не?
3. Іздеу жүйесі дегеніміз не?
4. Интернет желісінде ақпаратты іздеу кезінде қандай талаптарды сақтау қажет?
5. Ең танымал браузерлерді ата?

ҮШ. Үй тапсырмасын беру кезеңі.
Оқулықтарғы §5. 2. «Интернет» сөзжұмбақ құрастыру.

ІХ. Рефлексия кезеңі.
Сауалнама
Сұрақ
Жауап
Сабақта қандай жаңалықты білдім?
Мен не істедім?
Қандай қиындықтарға кездестім?
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері. Интернетте ақпаратты іздеу. Элект ...

Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері. Интернетте ақпаратты іздеу. Элект ...

Интернет ұғымымен таныстыру. Интернет желісінде ақпарат іздеу әдістерін үйрету. Оқушылардың ғаламторда сауатты жұмыс істеу дағдысын дамыту....
Компьютерлік байланыстың  негізгі  түрлері,  жергілікті желі. Ауқымды компь ...

Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері, жергілікті желі. Ауқымды компь ...

Компьютерлік желінің түрлері туралы түсінік алады. Байланыс хаттамалары мен желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялар мен танысады....
Модель-нақты нысанның маңызды қасиеттерін көрсету

Модель-нақты нысанның маңызды қасиеттерін көрсету

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе - 1 кентіндегі Н. Жұбаев атындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Тұралы Амангүл Шыңғысқызы...
Хаттарды әзірлеу. Жөнелту және қабылдап алу

Хаттарды әзірлеу. Жөнелту және қабылдап алу

Электронды пошта жүйесі жөніндегі мағұлмат беру...
Ауқымды компьютерлік желі, Интернет

Ауқымды компьютерлік желі, Интернет

Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінің Информатика пәні мұғалімі Абезова Алия Өмірбекқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×