Сайтқа кіру Тіркелу

Microsoft Office Word редакторында кестемен жұмыс

Математика және информатика пәнінің мұғалімі:
Габдушева Динара Жасталапқызы

Сыныбы: 8 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Microsoft Office Word редакторында кестемен жұмыс. Зертханалық жұмыс № 7
Сабақтың мақсаты: Ms Word редакторында кесте құру әдістерін түсіндіру, оқушыларды өз бетінше кесте құруға үйрету.

Дамытушылық мақсаты: Ms Word редакторында кесте құру әдістері туралы толық мағлұмат бере отырып, оқушылардың компьютермен жұмыс істеу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, адамгершілікке, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын
ақпараттық құралдар: компьютер, интерактивті тақта, aktiv vote, activslate, merits бағдарламасы.
Пәнаралық байланыс: Өзін - өзі тану

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. “Шаттық ортасы”
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Үйге берілген тапсырма бойынша шағын сынақ.
2. Сәйкестендіру кестесімен жұмыс.
3. Жеке жұмыстар тұсаукесерлері.

ІІІ. Негізгі бөлім.
Жаңа сабақты түсіндіру
Тапсырмалар орындау.
1 – тапсырма. Кесте құру. “Үлгерім кестесі”
2 – тапсырма. “Сабақ кестесін” құру.

IV. Сабақты қорытындылау.
Merits бағдарламасы арқылы тапсырмалардың орындалуын бағалау.

V. Үйге тапсырма беру.
1. WORD мәтіндік редакторы қандай мәселелерді шешуге арналған?
а) мәтіндік құжаттармен жұмыс жасауға
ә) құжаттарды көбейтуге арналған
б) экономикалық есептеулерді шешуге арналған
2. Құжатты басқа атпен сақтау үшін қандай команда орындау керек?
а) сақтау
ә)... деп сақтау
б) Enter
3. Құжатты құру үшін қаріптің қандай мөлшері қолданылады?
а) 10
ә) 20
б) маңызды емес
4. Фрагментті қалай ерекшелеп белгілейміз? (қате жауапты көрсет)
а) тышқан батырмасын екі рет шерту арқылы
ә) тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып қозғалту арқылы
б) Shift+ →
5. Белгіленген фрагментті өшіру үшін қандай перне қолданылады?
а) Shift
ә) Delete
б) Ctrl
6. WORD программасында бар суреттерді қою үшін:
а) формат - картинкалар
ә) қою - сурет - картинкалар
б) тізім - сурет - картинкалар
7. WORD редакторында саймандар панелiнiң Стандартты тобы көрiнбей тұрса, оны қай команда арқылы бейнелеймiз?
а) Вид→Панели инструментов→Стандартная командаларын таңдау арқылы
ә) Правка→Стандартная группа командаларын таңдау арқылы
б) Сервис→Параметры командасын орындап, оның Вид астарлы бетіндегі Окно тобының Стандартная атты жалаушасын көтеріп қою арқылы
8. WORD редакторында Жұмыс аумағы (рабочая область) дегенiмiз…
а) Экранның саймандар панелi орналасқан облысы
ә) Экранның меню командалары орналасқан облысы
б) Экранның терiлген жiне терiлiп жатқан текст орналасатын облысы
9. WORD редакторында жаңадан текст терiлетiн терезе ашу үшiн:
а) Файл→Создать командасын таңдау қажет
ә) Правка→Новый текст командасын таңдау қажет
б) Вставка→Создать командасын таңдау қажет

Слайдты жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×