Сайтқа кіру Тіркелу

Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.
Сабақтың мақсаты: Техника қауіпсіздігі ережелерінің маңызын жеткізе отырып, орындалуын қатаң орындауын талап ету.
Сабақ міндеттері:
Білімділік: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.
Дамытушылық: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың құрал - жабдықтары: компьютерлер, SIN. kz бағдарламасы, тест сұрақтары т. б. б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
II. Өтілгенді пысықтау
Есептеуіш техника кабинетінің басқа кабинеттерге қарағанда қандай ерекшелігі бар?
Есептеуіш техника денсаулыққа зиян келтіре алады ма? Қандай?
III. Жаңа ұғымдармен алғашқы таныстыру кезеңі
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пункттерге бөлуге болады:
1. Жалпы
2. ДК - де жұмысты бастау алдында
3. Жұмыс істеу кезінде
4. Авариялық жағдайларда
5. Жұмысты аяқтағанда
Жалпы қауіпсіздік талаптары:
Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал - жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штеккерге тиісуге тыйым салынады.
Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.
ДК - де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК - де жұмыс істеуге тыйым салынады.
Үстелге, ДК - дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды.
Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.
Пернетақтаның үстіне ештеңе қоюға болмайды.
Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
ДК - де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:
ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК - дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.
Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.
Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.
ДК - мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
ЭЕМ - да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60 - 70см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық - 50 см.
Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.
Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді демалдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.
Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.
Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.
ДК - де жұмысты аяқтау кауіпсіздігінің талаптары:
Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.
Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою.
АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ӘДІСТЕРІ
Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:
1. Токты ажырату (тарату тақтасындағы тумблерді өшіру);
2. Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату;
3. Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек
көрсету;
4. Дәрігер шақыру {мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе
жақын жердегі емдеу мекемесінен).
Күйгенде көмек көрсету:
1. Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дәрілер беру (анальгин, валерьянка);
2. Күйген жеріне май жағу (винилин);
3. Жарақаттанған жерге микробтар түспеуі үшін алдын - ала целлофанмен орап, суық судың астына ұстау;
4. Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе
жақын жердегі емдеу мекемесінен).
Талып қалғанда көмек көрсету:
1. Зақымданған адамды басын бұрып жазық жерге шалқасынан жатқызу;
2. Дәрігер шақыру ( мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).
Демі тоқтағанда көмек көрсету:
1. Зақымданған адамды тілінің аузындағы қалпын тексеру керек, егер ары кетіп қалған
болса. қолмен орнына келтіру;
2. Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе
жақын жердегі емдеу мекемесінен).
3. Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп жеткенше қолдан дем алдыру ауыздан - ауызға) керек.
КӨЗ ТАЛҒАНДА ЖАСАЙТЫН ЖАТТЫҒУЛАР1 - жаттығу
- Көздеріңнің бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмыңдар.
- Көздеріңнің бұлшық етін босаңсытып, ашыңдар.
Бұл кезде бірқалыпты дем алыңдар. 4 - 5 рет қайталаңдар.
2 - жаттығу
- Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар.
- Көздеріңді талдырмаңдар.
- Алысқа қадалын қараңдар.
3 - жаттығу
- Бастарыңды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.
- Алысқа қадалын қараңдар.
4 - жаттығу
- Бастарыңды бұрмай, СОЛҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілендер.
- Алысқа қадалып қараңдар.
5 - жаттығу
- Бастарыңды көтермей, ЖОҒАРЫ қарап, көздерің түскен нүктені белгілендер.
- Алысқа қадалып қараңдар.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қауіпсіздік техникасының ережелері

Қауіпсіздік техникасының ережелері

ДК - де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары: 1. ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК - дің корпусының...
Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру

Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру

Оқушыларды қауіпсіздік техникасының ережелерімен, компьютер сыныбындағы тәртіппен, көз жаттығуларымен, төтенше жағдайдағы іс - әрекет ережелерімен...
Технология білім беру саласын нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

Технология білім беру саласын нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент ауылы Түймекент орта мектебінің мұғалімі Джумадилова Зура Адилхановна...
Есептеуіш техника кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік  техникасының ...

Есептеуіш техника кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ...

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен, компьютер сыныбында өзін - өзі алып жүру ережелерімен, көз жаттығуларымен, төтенше...
Информатика бөлмесіндегі қауіпсіздік техниканы сақтау

Информатика бөлмесіндегі қауіпсіздік техниканы сақтау

БКО, Теректі ауданы, Приречный ОСОШ Айшуаков Мерлан Адилович...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×