Сайтқа кіру Тіркелу

WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері

Сабақтың түрі: интерактивті сабақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға WordPad редакторының қосымша мүмкіндік түрлерімен таныстыру. Алмасу буферімен жұмыс істеуді, мәтінге графикалық объектілерді енгізуді үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ой өрісін кеңейту, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, тапсырманы тиянақты орындауға үйрету. Оқушылардың пәнге, мамандыққа деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекі құралдар: Дербес компьютер, интерактивті тақта, слайдтар, электрондық оқулық.
Пән аралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі

Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Үй тапсырмасын тексеру
а) Перфокарта
б) Кім жылдам?
в) Қатесін тап!
3. Жаңа сабақ. WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері
4. Практикалық жұмыс.
5. Жаңа білімді бекіту.
а) Сәйкестікті анықта
б) Кестені толтыр
в) Техникалық диктант
г) Не үйрендік, не білдік тексеріп біз көрелік (ActivVote - мен тест жұмысы)
д) Өзің таңда!
е) Кім білімпаз?

6. Бітімгерлердің білімін бағалау
7. Үй тапсырмасын беру
8. Қорытынды
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
а) Перфокарта.
WordPad мәтіндік редакторының құрал - саймандар тақтасының батырмаларын есте сақтадың ба? Оқушылар төмендегі перфокартаны толтырады.

б) Кім жылдам? Оқушылар карточкадан сұрақтың номерін таңдап алады. Сұрақтар:
1) WordPad мәтіндік редакторын іске қосу жолы қандай?
2) WordPad мәтіндік редакторының терезе элементтерін ата?
3) Құрал - саймандар тақтасында қандай батырмалар орналасқан?
4) Мәзір жолағындағы мәзір аттарын ата?
5) Файл мәзірінде қандай мәзірлер орналасқан?
6) Терезенің тақырып жолында не бейнеленеді?
7) WordPad редакторы терезесінде қалып - күй қатары қайда орналасқан?
8) Мәтінді беттің ортасы бойынша жазу үшін қай батырманы қолданамыз?

в) Қатесін тап!
 Enter – Бас аріппен жазу
 Shift – жаңа жолға көшіру
 CapsLock – бас әріптер режиміне ауысу
 Backspace – меңзердің сол жағындағы символдарды өшіру
 Delete – меңзердің оң жағындағы символдарды өшіру

Дұрысы
 Enter – жаңа жолға көшу
 Shift – бас әріптерді теру
 CapsLock – бас әріптер режиміне ауысу
 Backspace – меңзердің сол жағындағы символдарды өшіру
 Delete – меңзердің оң жағындағы символдарды өшіру
3. Жаңа сабақ. WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері
Мәтіннің үзіндісі дегеніміз не? Үзінді – мәтіннің бөлінген бөлігі.
Мәтін үзінділерін жылжыту және көшіру
батырмасын басамыз немесе Өңдеу – көшіру (Правка - Копировать)
батырмасын басамыз немесе Өңдеу – Қиып алу(Правка – Вырезать)
Мәтін үзінділерін қою
батырмасын басамыз немесе Өңдеу – Қою (Правка - Вставить)
Күн мен уақыт кірістіру
батырмасын бір рет шертеміз немесе Кірістіру – Күн мен уақыт (Вставка – Дата и время)

Мәтінді іздеу
батырмасына бір рет шертеміз немесе Өңдеу – Іздеу (Правка – Найти)
Мәтінді ауыстыру
Өңдеу – Ауыстыру (Правка – заменить)
WordPad құжатына сурет кірістіру
Құжатқа суреттерді Paint графикалық редакторынан немесе басқа жердегі суреттерді кірістіруге болады.
Сурет кірістіру үшін:
1. Суретті белгілеп, Правка – Копировать командасын таңдау
2. Мәтіндік құжатты ашып, Правка – Вставить командасын орындау.
4. Практикалық жұмыс.
Тапсырма:
1. Мәтінді теру
2. Мәтінді қызыл түске боя
3. Мәтін астына күн мен уақытты кірістір
4. а әрпін о әрпіне ауыстыр
5. Мәтіннің қаріпін Times New Roman - мен, өлшемін 14 етіп жаз

ИНТЕРНЕТ
Интернет – миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі.
Интернет сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді. Интернеттегі ақпарат веб - сайттар түрінде ұсынылады.

5. Жаңа білімді бекіту.
а) Сәйкестікті анықта
Мәтін үзінділерін көшіру батырмасын басу
(Правка - Вставить)
Күн мен уақыт кірістіру батырмасын басу
(Правка - Копировать)
Мәтін үзінділерін қою батырмасын шерту
(Правка – Найти)
Мәтін іздеу батырмасын басу
(Вставка – Дата и время)

в) Техникалық диктант

........................................................... бұл шағын............................................ редактор.
Оның көптеген мүмкіндіктері бар. Мысалы: мәтінді енгізуге, құжат құруға, мәтін үзінділерін..................................................,..................................................................,
..........................................................................................................................................,
...........................................................................,.............................................................,
............................................................................................................................. болады.
Қажетті сөздер: WordPad, мәтіндік, жылжытуға, көшіруге, күн мен уақытты кірістіруге, мәтінді іздеуге, ауыстыруға, суреттерді кірістіруге.

г) Не үйрендік, не білдік, тексеріп біз көрелік. (ActivVote - мен тест жұмысы)
д) Өзің таңда! 6 оқушыға тапсырма беріледі.

«Өзің таңда». Деңгейлік тапсырма. Өлең жолдарын ретке келтір
«5»- тік
Кәпір көздің дүниеге араны үлкен,
Тоя ма екен дүниеге алған сайын
өлген қанша тірі жүрсе де күні
болады екен бірдей - ақ көзбен өзге.

Кәпір көздің дүниеде араны үлкен
Дүниеге алған сайын тоя ма екен
Қанша тірі жүрсе де өлген күні
Бірдей - ақ өзге көзбен болады екен.
/А. Құнанбаев/
«4»- тік
Ер жігітке жарасар
Найзасы қолына алған
Жарасар би жігітке
Пайдасы халқына тиген.

Ер жігітке жарасар
Қолына алған найзасы,
Би жігітке жарасар
Халқына тиген пайдасы.
/Бұхар жырау/
«3»- тік
Туған тілді сүйемін ана тілді
Жатқанда - ақ бесікте берген білім.
Сүйемін туған тілді, ана тілді,
Бесікте жатқанда - ақ берген білім.
/С. Торайғыров/

е) «Кім білімпаз?» Сөздерді ағылшын, орыс және қазақ тілінде айту.
6. Білімгерлердің білімін бағалау.
Әр тапсырма орындау кезінде әрбір оқушының сәйкесінше ұпайлары Excel программасына салынып отырады. Сабақ соңында ұпайлары саналып, баға автоматты түрде қойылады.

7. Үй тапсырмасын беру.
«Интернет» сөзіне сөз жұмбақ құрастырып келу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Құжатқа сурет кірістіру

Құжатқа сурет кірістіру

Сабақтың мақсаты: 1. Білім беру. Құжатқа суреттерді кірістіруді үйрену. Paint редакторынан суреттерді енгізу мүмкіншіліктерін үйрену. 2. Дамыту....
WordPad мәтіндік бағдарламасымен практикалық жұмыс жасау

WordPad мәтіндік бағдарламасымен практикалық жұмыс жасау

Қызылорда облысы, Арал ауданы, №61 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Төлеуова Сәнімкүл Шалабайқызы...
Құрал-саймандар тақтасы және мәзір

Құрал-саймандар тақтасы және мәзір

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы Қараой мектеп-бала бақшасы Құмарова Айнұр Сұлтанәліқызы Тақырыбы: Құрал-саймандар тақтасы және мәзір. Мәтінді теру...
WordPad мәтіндік редакторына кіріспе

WordPad мәтіндік редакторына кіріспе

Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторына кіріспе Сабақтың мақсаты:  Білімділік: Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.WordPad...
Word - тың графикалық мүмкіндіктері

Word - тың графикалық мүмкіндіктері

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, №1 Г.Орджоникидзе атындағы мектеп - гимназияның информатика пәні мұғалімі Андабекова Құралай...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×