Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Есептеуіш техника кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері

Сабақтың тақырыбы: Есептеуіш техника кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері. Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Көз талғанда жасалатын жаттығулар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен, компьютер сыныбында өзін - өзі алып жүру ережелерімен, көз жаттығуларымен, төтенше жағдайдағы іс - әрекет ережелерімен таныстыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, тақта, жұмыс дәптері
Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру
2. Жаңа тақырыпты түсіндіру
3. Сабақты бекіту
4. Үйге тапсырма
1. НЕПЗП КАҒИДАЛАР
ҚазССР халыққа білім беру министрлігінің 08. 02. 90 жылғы бұйрығына сәйкес, барлық оқушылар оку процесінде есептеу техникасын қолдану алдында кауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау алып, апат жағдайдағы әрекеттер ережелерімен, электр тогымен закымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерімен және шаршағанда, көз талғанда дем алу үшін орындайтын жатгығулармен танысулары қажет, ҚауіпсІздік техникасы бойынша нұскау берілгеннен кейін оқушылар сынақ, тапсырулары керек. Бұл жөнінде сәйкес үлгідегі журналға тіркеу керек.
ЕТ кабинетінде сабақ өткізу кезіндегі оқушылар білуі тиісті еңбек қауіпсіздігін сақтау талаптарына кауіпсіздік техникасының ережелері, компьютер сыныбындағы тәртіп ережелері, электр тогымен закымданғанда көрсетілетін алғашқы дөрігерлік көмек төсілдері, жалпы шаршағанда және көз талғанда колданылатын жаттығулар жатады.
ҚАУТПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пунктгерге бөлуге болады:
1. Жалпы
2. ДК - де жұмысты бастау алдында
3. Жұмыс істеу кезінде
4. Авариялық жағдайларда
5. Жұмысты аяқтағанда
Жалпы қауіпсіздік талаптары:
1. Мұғалімнің рұқсатынсыз қүрал - жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.
2. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.
3. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпта жүруге болмайды.
4. ДК - де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
5. Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК - де жүмыс істеуге тыйым салынады.
6. Үстелге, ДК - дің жанына сумка, портфель, кітап қоюға болмайды.
Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.
7. Пернетақтаның үстіне ештеңе коюға болмайды.
8. Компьютер сыныбында жугіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жүмыстарды істеуге тыйым салынады.
ДК - де жұмыс істеуді бастау алдыңда қойылатын қауіпсіздік талаптары:
1. ДК электр тогына косылмаған жағдайда сымдардың, ДК - дІң корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.
2. Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап түрмауына көңіл бөлу керек.
3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.
ДК - мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
1. ЭЕМ - да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60 - 70cм)
сақтау керек. Мүмкін қашықтық - 50 см.
2. Келушілер кіргенде окушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.
3. Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді демалдыратын бірнеше
жаттығу орындау керек.
4. Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін,
өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.
5. Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.
Апат жағдайлардағы кауіпсіздік талаптары:
1. ДК - де жұмыс істеу барысында ақауларын байқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жүмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға хабарлау керек.
2. Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек.
3. Қажет болса, электр тогымен закымданғандарға алғашкы көмек көрсете білу керек.
4. Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білу керек. Мұнда құмды немесе көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.
5. Егер зақымданған адам электртогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушыны электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.
ДК - де жұмысты аяқтау кауіпсіздігінің талаптары:
1. Аппаратураны оқытушының нүсқауымен өшіру керек.
2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.
4. АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ӘДІСТЕРІ
Электр тогымен закымданғанда көмек көрсету:
1. Токты ажырату (тарату тактасындағы тумблерді ешіру);
2. Закымданған адамды электр тогынын өсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату;
3. Зақымданған адамды карап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету;
4. Дәрігер шақыру {мектептін медпунктінен, 03 телефоны арқьшы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).
Күйгенде көмек керсету:
1. Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дөрілер беру (анальгин, валерьянка);
2. Күйгенжеріне майжағу (винилин);
3. Жарақатганған жерге микробтар түспеуі үшін алдынала целлофанмен орап, суык судың астына үстау;
4. Дерігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жөрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).
Талып қалғанда көмек көрсету:
1. Зақымданған адамды басын бүрып жазық жерге шалқасынан жатқызу;
2. Дәрігер шақыру ( мектептін медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жакын жердегі емдеу мекемесінен).
Демі тоқтағанда көмек көрсету:
1. Зақымданған адамды тілінін аузындағы калпын тексеру керек, егер ары кетіп қалған болса, қолмен орнына келтіру;
2. Дәрігер шақыру ( мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).
3. Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп жеткенше қолдан дем алдыру (ауыздан - ауызға) керек.
КӨЗ ТАЛҒАНДА ЖАСАЙТЫН ЖАТТЫҒУЛАР
1 - жаттығу
- Көздеріңнің бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмындар.
- Көздеріңнің бүлшық етін босаңсытып, ашындар.
Бұл кезде бірқалыпты дем алындар. 4 - 5 рет қайталаңдар.
2 - жаттығу
- Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар.
- Көздерінді талдырмаңдар.
- Алысқа қадалып қарандар.
3 - жаттығу
- Бастарынды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.
- Алысқа қадалып қарандар.
4 - жаттығу
- Бастарыңды бұрмай, COЛFA қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.
- Алысқа қадалып қарандар.
5 - жаттығу
- Бастарынды көтермей, ЖОҒАРЫ қарап, көздерің түскен нүктені белгілендер.
- Алысқа қадалып қараңдар.
6 - жаттығу
- Бастарыңды бұрмай, ТӨМЕН қарап, көздерің түскен нүктені белгілевдер.
- Алысқа қадалып қараңдар.
7 - жаттығу
- Көздерінді 20 - 30 секунд бойы жиі - жиі жыпылықтатыңдар.
Үйге тапсырма: Қауіпсіздік ережелерін, көз жаттығуларын жаттау.
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Тамақтану мәдениеті

Тамақтану мәдениеті

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент ауылы Түймекент орта мектебі Технология пәнінің мұғалімі Джумадилова Зура Адилхановна...
Технология білім беру саласын нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

Технология білім беру саласын нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент ауылы Түймекент орта мектебінің мұғалімі Джумадилова Зура Адилхановна...
Электротехникалық материалдармен жұмыс жасау

Электротехникалық материалдармен жұмыс жасау

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы, А.Жанпейісов атындағы № 105 орта мектептің технология пәнінің мұғалімі Прназаров Дауиржан Амангалиевич Сабақтың...
Компьютерде жұмыс істеу тәртібі мен қауіпсіздік ережелері

Компьютерде жұмыс істеу тәртібі мен қауіпсіздік ережелері

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы,Мақаншы ауылы, « Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақша» КММ Жоғарғы санатты информатика пәні мұғалімі Бекишева...
Информатика бөлмесіндегі қауіпсіздік техниканы сақтау

Информатика бөлмесіндегі қауіпсіздік техниканы сақтау

БКО, Теректі ауданы, Приречный ОСОШ Айшуаков Мерлан Адилович...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету