Сайтқа кіру Тіркелу

Paint графикалық редакторының құралдары

Сабақ тақырыбы: Paint графикалық редакторының құралдары
Сабақ мақсаты:
а) Paint графикалық редакторының құралдарымен оқушыларды таныстыру.
Б) Paint графикалық редакторының құралдарын пайдаланып сурет салу дағдыларын қалыптастыру.
В) Оқушылардың эстетикалық талғамдарын дамыту.
Сабақ көрнекілігі: Paint графикалық редакторының құралдары, интерактивті тақта, жұмыс дәптері.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Практика элементтері бар түсіндірмелі баяндау сабағы
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар қою, практикалық тапсырма беру.
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларға төртбұрыш және үшбұрышты фигуралар беріледіғ соған байланысты оқушылар бір - біріне 3 - 4 сөзден тұратын жылы лебіздерін білдіруі тиіс.
Үй тапсырмасы: Paint графикалық редакторы, негізгі түсініктер, сурет салу кезеңдері. Үй тапсырмасы бойынша қайталау сұрақтарын қойып жіберелік. Қане кім айтады?
1. Графикалық редактор не үшін қажет?
2. Paint графиктік редакторын қалай іске қосамыз?
3. Paint графиктік редакторының терезесінің негізгі элементтерін ата?
4. Сурет салу қандай кезеңдерден тұрады?
5. Сурет салу түсін қалай таңдауға болады?
6. Фон түсін қалай өзгертеміз?
7. Сурет салу тәсілі қандай?
8. Меню командалары арқылы не жасауға болады?
Сонымен Paint графикалық редакторы көмегімен біз қарапайым графиктік кескіндерден бастап, күрделі бейнелерді салып, редакциялай аламыз.
Енді біз бүгінгі сабағымызда ары қарай осы редактордың құралдарымен жеке - жеке толық танысатын боламыз.
Біздің бірінші қарастыратын құралымыз
Жаңа сабақ:
Түзу сызықты салу құралы.
Ол құралды пайдаланып түзу сызық салу мынадай әрекеттер тізбегінен тұрады. Яғни бұл құралды қолдану алгоритмі мынадай деп айтуға болады.
1. Линия батырмасын шерту
2. Сызықтың қалыңдығын таңдау
3. Маус нұсқағышын сызық басталатын жерге орналсатыру.
4. Маустың сол жақ батырмасын басып, оны жібермей сызықтың аяқталатын жеріне апару.
5. Маустың батырмасын жіберу.
Келесі құрал Шаршылар мен тік бұрыштарды салу құралы.
Бұл құралды қолдану алгоритмін мына түрде айтуға болады.
1. Прямоугольник батырмасын шерту
2. Қажетті тік бұрыш типін таңдау. Мұнда тік бұрыштың 3 типі қолданылады. Жақтау сызықтары көрінетін іші боялмаған тік бұрыш тік бұрыш, жақтау сызықтары көрінетін іші оялған тік бұрыш, жақтау сызықтары көрінбейтін іші боялған тік бұрыш. Ескерту: Мұнда жақтаудың сызық түсі кескін түсімен, ал ішінің түсі фон түсімен салынады.
3. Маус нұсқағышын тік бұрыш басталатын жерге орналсатыру.
4. Маустың сол жақ батырмасын басып, оны жібермей тік бұрыштың аяқталатын жеріне апару.
5. Маустың батырмасын жіберу.
Ал шаршы салу үшін тап осы алгоримтді қолданамыз, тек сурет салған кезде Shift батырмасын басулы күйде ұстап тұрамыз.
Дөңгеленген тік бұрыштарды салу.
Бұл құралды пайдалану алгоритмі тік бұрыштарды салу алгоритмімен бірдей. Мұнда да дөңгеленген квадрат салу үшін Shift пернесін басулы күйде ұстау керек.
Эллипстер мен шеңберлерді салу.
Элиипс дегеніміз горизонталь немесе вертикаль бағытта сығылған шеңберлер. Бұл құралды пайдалану алгоритмі тік бұрыштарды салу алгоритмімен бірдей. Мұнда да шеңбер салу үшін Shift пернесін басулы күйде ұстау керек.
Сонымен біз бүгінгі сабақта Paint графикалық редакторының кейбір құралдарын пайдалану алгоритмдерін қарастырдық. Тақырып бойынша мынадай сұрақтарға кімдер жауап береді. Қане кім сабақты жақсы түсінді екен.
1. Түзу сызықты салу құралын пайдалану алгоритмі қалай?
2. Шаршыны салу алгоритмін кім айтады?
3. Тік бұрыштарды салу алгоритмін кім айтады?
4. Дөңгеленген тік бұрыштарды салу алгоритмін кім айтады?
5. Дөңгеленген квадратты қалай саламыз?
6. Элипс деген не? Оны қалай саламыз?
7. Шеңберді қалай саламыз?
Практикалық тапсырма
1. Paint графикалық редакторын іске қос.
2. Шаршы фигурасын сал.
3. Салған фигураңды боя.
4. Фигураның атын жаз.
5. Жасаған жұмысыңда сақта.
Деңгейлік тапсырмалар орындау
Жұмбақ жасыру арқылы, миллион кімге бұйырады ойынын ойнату
Төрбұрышты әйнек,
Барып тұрған әлек. (Монитор)
Оқушылар бағаланады:
«Бағалау» парағы
«V»
Бұрыннан білемін «+»
Жаңа ақпарат «-»
Түсінбедім «?»
Әлі де ізденгім келеді
Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып келу.
Сабақ аяқталды
Сау болыңыздар!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Paint (бояу) графикалық редакторы. Графикалық редактордың сурет салу құралд ...

Paint (бояу) графикалық редакторы. Графикалық редактордың сурет салу құралд ...

- Paint графикалық редакторын ашуды, сурет салу және оны сақтауды білу; - Редактордың сурет салу құралдарының қызметімен, мүмкіндіктерімен танысу...
Қисық сызық сызу, көпбұрыш салу, құю құралын қолдану

Қисық сызық сызу, көпбұрыш салу, құю құралын қолдану

Нұн Жұбаев атындағы орта мектептің нформатика пәнінің мұғалімі Тұралы Амангүл Шыңғысқызы...
Paint графикалық редакторының құралдары

Paint графикалық редакторының құралдары

Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Қазан орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Мадиева Назира Кайдарқызы...
PAINT графикалық редакторының құралдары

PAINT графикалық редакторының құралдары

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы Ганюшкин мектеп-интернаты Баева Гүлнұр Бекболатқызы...
Paint графикалық редакторының құралдары

Paint графикалық редакторының құралдары

Жамбыл обл. Жуалы ауданы. Б. Момышұлы ауылы №1 Г. Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназияның информатика пәні мұғалімі Андабекова Құралай Елепбайқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×