Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Үздік информатика тобы

Үздік информатика тобы сайысы

Мақсаты:
Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау.
Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын арттыра отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Оқушыларды шапшаңдыққа, өз ойларын анық жеткізе білуге, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа, жан - жақты болуға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд - шоу, интерактивті тақта, ноутбуктар
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Мектебімізде өтіп жатқан информатика, физика, математика пәндерінің апталығына қош келдіңіздер! Міне бүгін сіздердің алдарыңызда 5 - 10 сынып оқушылары «Үздік информатика тобы» атты сайыста білімдерін сынамақ. Олай болса ойыншыларымызды ортаға шақырып, таныстырайық. Әр сыныптан төрт оқушы шығады.
« Логика» тобы
«Алгоритм» тобы
Сайысты бастамас бұрын, алдымен сайысымыздың әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1.................................................................
2................................................................
3................................................................

Сайыс 6 - кезеңнен тұрады. Кезеңдері:
1 - кезең: «Сергіту»
2 - кезең: «Қай сөз артық?»
3 - кезең: «Қатесін тап»
4 - кезең: «Сен білесің бе?»
5 - кезең: «Жұмбақтас»
6 - кезең: «Венгр сөзжұмбағы»

1 - кезең. «Сергіту»
Ойынның шарты: Әр командаға 8 сұрақтан қойылады. Сұраққа «иә» не «жоқ» деп жауап беру керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
І - топқа қойылатын сұрақтар:
1. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады (жоқ)
2. Адам ақпаратты сақтай алмайды (жоқ)
3. Екілік жүйе 2 символдан ғана тұрады (иә)
4. Ақпараттық ең кіші өлшем бірлігі килобайт. (жоқ)
5. Процессор – компьютердің миы (иә)
6. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы (жоқ)
7. Ең алғашқы ЭЕМ 1846 жылы пайда болды (иә)
8. 1 бит=8 байтқа тең деген пайымдау жалған ба? (жоқ)

ІІ - топқа қойылатын сұрақтар:
1. 1 Килобайт 1024 байтқа тең. (иә)
2. Дисплей компьютердің экранына ақпаратты шығару құрылғысы (иә)
3. Сканер – ақпаратты шығару құрылғысы (жоқ)
4. Сегіздік санау жүйесінде 8 саны жоқ (иә)
5. Пернетақта - компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы (иә)
6. ЭЕМ - нің дамуының ІІІ буынында электрондық шамдар пайдаланылды (жоқ)
7. Информатика - ақпараттық процесстерді зерттейтін ғылым (иә)
8. 2 Мбайтта 1048 байт бар.(жоқ)

СҚО, Шал ақын ауданы,
Кеңес орта мектебінің информатика пәні мұғалімі:
Мұхамедин Сырым Қойшыбайұлы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету