Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Оқыту мен оқуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану

Оқыту мен оқуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану

Қазіргі уақытта білім беру үдерісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану қажеттілігі туып отыр. Осыған байланысты білім берудегі әдіс - тәсілдер жаңарып отырады. Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану қазіргі кездегі заман талабы болғандықтан оған басты назар аударуымыз қажет. Жаңа ақпараттық технологияларды білім беру үдерісінде қолдану біршама жетістіктерге апаратын жол. Яғни ақпараттық - коммуникациялық технология білім беруде маңызды құрал деп айтсақ та болады. Басты мақсат ақпараттық - коммуникациялық технологияларды жетік меңгеру және оқушыларға меңгерту. Ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану мұғалімге де оқушыға да қолайлы. Сол кезде ғана сабақта теория мен практиканы ұштастыра аламыз.

Бұл екеуі бір - бірімен өзара тығыз байланыста болады. Тәжірибелік жұмыс жасау барысында бала теориялық білімін шыңдайды. Конфуций: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, өзіме жасатсаң - үйренемін» деген. Конфуций айтпақшы бала қолымен жасағанда ғана жақсы түсінеді, есте сақтайды. Сондықтан да сабақта АКТ пайдалану қажеттілігі туындайды. Мектеп қабырғасында кез келген пәнінде ақпараттық – коммуникативтік технологияны жүйелі қолдану пәнді оқытуда оқушыға дүниенің заңдарын терең меңгертіп қана қоймайды, оның логикалық ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау салады. Оқушы ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады.

Қалған модульдердің барлығымен АКТ – ты байланысты болып отыр. Информатика пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары өте көп. Соның бір жолы ретінде оқытудың жаңа технологиясын енгізуді атап өтуге болады. АКТ - ні тек қана сабақ кезінде ғана емес, сабақтан тыс уақытта да қолданамыз. Өйткені кез келген деректерді интернеттен алуымызға мүмкіншілігіміз бар. Қазіргі кезде қашықтан оқыту тәсілі қолға алынған. Яғни кез келген АКТ - ны меңгерген адам қашықтан оқи алады, білімін шыңдап, әрі қарай жетілдіре алады. АКТ - ны сабақта қолдану оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттырады, сыни ойлауға, басқалармен ой бөлісуге, өз тәжірибесін шыңдауға, АКТ пайдалану машықтарын арттыруға көмектеседі. АКТ - ны оқушыларды бағалау кезінде де қолдандым. Қазіргі уақыттағы activote құралы осының айғағы.

Бала тест сұрақтарына activote құралын пайдалана отырып, жауап береді де, нәтижесі автоматты түрде экранда көрсетіледі. Бұдан басқа электронды оқулықтар мен тесттер жетерлік. Мұның барлығын оқушы өз кезегінде пайдалана алады. Өз білім деңгейін анықтап, салыстырып отырады. Оқушылардың да технологиялық білімдері міндетті түрде болуы қажет. Оқушы қолданбалы программалармен, браузермен, электронды поштамен жұмыс жасай алады. Сабағымда АКТ - ны қолдану міндетім, өйткені күнделікті өтетін сабағымыз АКТ - мен байланысты. Сабақта АКТ - ны қолдану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру бірінші орынға қойылған.

АКТ - ны қолдану нәтижесінде оқушылардың өз бетімен ізденісі, қызығушылығы, белсенділігі, сенімділігі артады. Оқытуда білім технологияларын интеграциялау менің іс - тәжірибемнің дамуына үлкен үлес қосады деп ойлаймын. АКТ - мен жұмыс жасауда кездескен кедергілер мектептің техникалық базасы болды. Балаларға АКТ - ны пайдалануда қажетті жерде ғана, орнымен пайдалана білу, қауіпсіздік ережесін есте сақтау керектігін айтып отыру қажет. Интернетте отырған кезде де өзі туралы, мекен - жайы, телефоны т. б. туралы мәліметтерді құпия ұстауды, яғни жеке ақпараттарды сақтауды үйрету қажет. Дарынды және талантты оқушылардың да білімін шыңдауда осы АКТ - ның қосар үлесі мол. Оқушылардың көшбасшы болуына да АКТ мүмкіндік береді. Өйткені оқушы үйінде басқа программаларды өздігінен меңгереді де оны сыныптастарына көрсетіп, қандай мүмкіндіктері бар екенін түсіндіре отырып, оларды үйретеді. Яғни АКТ - ны пайдалануда барлық әдістермен кіріктіруге болатынын байқадым. Адамзат ХХІ - ғасыр есігін - әлемдік жаһандану дәуірінде, ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың өте жоғарғы деңгейде қарқын алып дамудың жағдайында – ашты.

Қызылорда обылысы, Жалағаш ауданы, Еңбек ауылы,
Мардан Байділдаев атындағы №232 орта мектептің
информатика пәнінің мұғалімі Әбішова Нағима

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
«Компьютерлік әліппе» элективтік курс жоспары

«Компьютерлік әліппе» элективтік курс жоспары

Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, №2 шағын орталықты орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Тарбақов Бауыржан...
Білім беру үрдісіне жаңа технологияларды пайдалану

Білім беру үрдісіне жаңа технологияларды пайдалану

Казталов ауданы, Нурсай ауылы, Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі Арыстангалиева А.Қ...
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану

Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану

Ақсу қаласының №4 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М. Қ. Теміржанова...
Қашықтан оқыту

Қашықтан оқыту

Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге,...
Ағылшын тілі пәнінің білім сапасын арттырудағы ақпараттық-коммуникативтік т ...

Ағылшын тілі пәнінің білім сапасын арттырудағы ақпараттық-коммуникативтік т ...

Оқыту тілі өзге тілде жүргізілетін мектептерде тіл үйрету туралы жазылған әдістемелік және ғылыми материалдарды зерделей келе, ақпараттық...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету