Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Алғыр достар

Тақырыбы: «Алғыр достар» сайысы
Мақсаты:
А) Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін еске түсіру арқылы білімдерін тереңдету;
Ә) Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
Б) Дамытушылық: Есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.
Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі «Алғыр достар» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сонымен қатар сайысымыздың әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1. _______________________________________
2. _______________________________________
3. _______________________________________

Сайыс екі команда арқылы өтеді. Сайысқа қатысатын командалар;
I топ – «Ақпарат»
II топ – «Компьютер»

Сайыс 6 – кезеңнен тұрады. Кезеңдері:
1 - кезең: «Таныстыру»
2 - кезең: «Капитандар сайысы»
3 - кезең: «Кім жылдам?»
4 - кезең: «Сен білесің бе?»
5 - кезең: «Ойланайық»
6 - кезең: «Жасырынған суреттер»

1 - кезең: «Таныстыру». Сайысқа қатысатын екі топ өздерін кезекпен таныстырады.
2 - кезең: «Капитандар сайысы» Бұл кезеңде екі топтың копитандары ортаға шығады. Экранда 10 сұрақ жасырылған, сұрақтарға кім бірінші жауап береді. Сол оқушыға ұпай саны қосылады. Сұрақтары:
1. Компьютердің миы (процессор)
2. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы (принтер)
3. Ақпараттық ең кіші өлшем бірлігі (бит)
4. Зиянкесті программа (вирус)
5. Ақпаратты экранға шығаратын құрылғы (монитор)
6. Компьютер бұл мамансыз жұмыс істемейді (программист)
7. Сандер мен әріптерді енгізу құрылғысы (пернетақта)
8. Ақпараттың сандық көшірмесін шығаратын құрылғы? (сканер)
9. Сурет салуға арналған программа? (Paint)
10. Адам мен компьютер арасындағы қарым - қатынас? (интерфейс)

3 - кезең: «Кім жылдам?». Ребусты шеш.
Жауабы: Компьютер, Драйвер

4 - кезең: «Сен білесің бе?». Ұяшықтарға сұрақ жасырылған. Екі топтың оқушылары жауап беру керек.
10. 1 байт неден тұрады? (8 биттен)
10. Дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы? (колонка)
20. Ең ертедегі есептеу құрылғысы (есепшот)
20. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы? (модем)
30. Компьютердің атасы деп кімді атаған? (Ч. Беббидж)
30. BaskSpace пернесінің қызметі? ( алдыңғы символды өшіру)

5 - кезең: «Ойланайық». Берілген сөздердің әріптері ауысып кеткен. Сол сөздерді қалпына келтіру керек.
1. Красен (Сканер). 2. Трионом (Сканер). 3. Россецорп (Процессор). 4. Таксиед (Дискета). 5. Крамыш (Мышка). 6. Перринт (Принтер). 7. Рокурс (Курсор)

6 - кезең: «Жасырынған суреттер». Экрандағы ұяшықтардың ішінде суреттер жасырынған. Жасырынған суреттерді табу керек.

Қорытындылау.
Осымен ойынымыз аяқталды. Сөз кезегін әділ - қазылар алқасына береміз.
Бүгінгі ойынымыз өз мәресіне жетті. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет!
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету