Сайтқа кіру Тіркелу

Қашықтан оқыту

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»
(Н. Ә. Назарбаев)


Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары», «қашықтық оқыту», «электронды оқыту» және т. б., тіркестермен тығыз байланысты.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін арттыру процесі қазіргі заман міндеті.

Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей еліміз 2015 жылдан бастап электронды оқыту жүйесіне көшкелі отыр.

Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданындағы Қ. Байсықов атындағы орта жалпы білім беретін мектебінде Интернет желісіне қосылып жаңа үлгіде жабдықталған мультимедиа кабинеті, интерактивті тақтамен жабдықталған математика, физика, химия, биология кабинеттері жұмыс жасауда. Бұл кабинеттер, тақталар мен компьютерлер тектен тек құрылып жатқан жоқ, яғни кез – келген мұғалім ақпараттық технологияларды тиімді, ұтымды пайдалана білуі керек деген сөз. Тек қана информатик ұстаздар ғана біліп қоймай басқа да пән мұғалімдерін ақпараттық технологияны сапалы қолдану, компьютерді пайдалану әдістерін игеруі тиіс.

Осы орайда мектебіміздің мұғалімдері мен оқушылары онлайн сабақтарға, семинар және конференцияларға, қашықтық олимпиадаларға қатысып қашықтық оқыту жүйесінің ұтымды тұстарын байқап көруде. Мектеп бітірушілер үшін де қашықтан ұйымдастырылатын онлайн консультациялардың берері көп.
Мемлекетіміздің білім беру жүйесін модернизациялаудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасында көрсетілген «өмірлік білімнен – баршаға өмір бойы игерілетін білім» қағидасы мектебімізде оқу – тәрбие процесінде ақпараттық технологияларды қолдану ісінде «Оқу – тәрбие үрдісін ақпараттандыру – заман талабы» атты практикалық сабақ өтті. Мектебімізде интерактивті тақтаны, интернетті, сабақтарда электронды оқулықтарды пайдалану курстары өткізіліп нәтижесінде пән мұғалімдері ашық сабақтар, сыныптан тыс шараларында сәтті пайдаланады.

Батыс Қазақстан облысы,
Ақжайық ауданы,Тайпақ ауылы, Қ.Байсықов атындағы
орта жалпы білім беретін мектебінің информатика пәні
мұғалімі Сабиров Біржан Серікұлы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану

Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану

Ақпараттық - коммуникациялық технологияны дамыту - білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер,...
Ақпараттық технологиялар – білім беру кеңістігінде

Ақпараттық технологиялар – білім беру кеңістігінде

Ақпараттық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды,...
«Компьютерлік әліппе» элективтік курс жоспары

«Компьютерлік әліппе» элективтік курс жоспары

Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, №2 шағын орталықты орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Тарбақов Бауыржан...
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану

Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану

Ақсу қаласының №4 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М. Қ. Теміржанова...
«Ақпараттық технологиялар және білім сапасы»

«Ақпараттық технологиялар және білім сапасы»

БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, информатика пәнімұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×