Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Дербес компьютер және ақпарат тарауын қайталау

Сабақтың тақырыбы: Дербес компьютер және ақпарат тарауын қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, олардың информатика пәнінен алған білімдерін бақылап, бағалау.
Дамытушылық:
Тез ойлап, ұтымды жауап қайыра білуге, жүйелі, еркін сөйлеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік.
Оқушыларды ұжымшылдыққа, еңбексүйгіштікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қорытынды – саяхат сабақ
Сабақ типі: сайыс сабақ
Сабақ әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, өзара тексеру,
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындықтары
Сыныпты екі топқа бөлу
«Интернет» «Компьютер»
Тамаша көңіл күй сыйлау.
Бүгін біз сендермен «Компьютер қазынасы» аралына саяхатқа шығамыз. Осы саяхатта біз көптеген аралдарды басып өтуіміз керек. Ал әрбір аралдың өз құпия сыры мол. Соңында «Компьютер қазына» аралы күтіп түр.
Бүгінгі жорық қағазымен таныстырайын:
1 - ші «Монитор» аралы сәттілік кезең сайысы.
2 - ші «Процессор» аралы ақпаратты кодтау
3 - ші «Пернетақта» аралы куб ойыны
4 - ші «Тышқан» аралы сергіту сәті «иә» немесе «жоқ» ойыны
5 - ші «Принтер» аралы тест
6 - шы «Сканер» аралы анаграммалық тапсырма
7 - ші «Компьютер қазына» аралы қорытынды

1 - ші «Монитор» аралы сәттілік кезең сайысы.
әрбір топқа 6 сұрақ қойылады, дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
«Интернет»
1. Ақпарат сөзі қай тілден енген және қандай мағына береді?
2. Күнделікті ақпаратты қайдан аламыз?
3. Кодтау дегеніміз не?
4. Ақпараттық процесстерді зерттейтін ғылым?
5. Электронды есептеуіш машиналардың даму неше кезеңі бар?
6. Компьютер атасы кім?
«Компьютер»
1. Ақпараттың қандай түрлерін білесіңдер?
2. Ақпараттың өлшем бірлігін ата?
3. Адам ақпаратты не істейді?
4. Ең алғашқы Электронды есептеуіш машинаны аты, кім жасады?
5. Алғашқы монитор қай жылы шықты?
6. Алғашқы адамдар немен есептеген?

2 - ші «Процессор» аралы ақпаратты кодтау
Ақпараттарды түрлендіреміз
ASCEE коды арқылы

П А Р Т А
8 F 8 0 9 0 9 2 8 0

Б О Р А Н
8 1 8 E 9 0 8 0 8 D

Морзе әліппесі арқылы

C O M P U T E R
-.-. --- --.--...-- -..-.

H A P P Y E N D
…..-.--..--. -.--. -. -..

3 - ші «Пернетақта» аралы куб ойыны

1. Компьютер миы ол?
2. Дыбыс шығаратын құрылғыны ата?
3. Оптикалық аспап немесе енгізу құрылғысы?
4. Сандық, таңбалық ақпараттарды енгізуге арналған құралғы ол?
5. Компьютер тілі ол?
6. Бүкіл әлемдік желіге қосылуға қажетті құрылғы ол?
7. Компьютердің басқару құрылғысы?
8. Баспаға шығаратын құрылығы ол?

4 - ші «Тышқан» аралы сергіту сәті «иә» немесе «жоқ» ойыны
« Интернет»
1. Компьютерде футбол ойнауға болады?
2. Компьютердің ең негізгі құрылғысы колонка?
3. Компьютердің теледидары ол монитор?
4. Флеш - жадыға ақпарат сақтауға болмайды?
5. Принтермен әріптермен сандарды енгіземіз?

«Компьютер»
1. Вируспен компьютерді жөндейміз?
2. Интернетке қосылу үшін міндетте түрде микрофонды қосамын?
3. Принтермен ақпаратты баспаға шығаруға болады?
4. Тышқанда 5 батырма бар?
5. Компьютерде кино, музыка тыңдай аламын?

5 - ші «Принтер» аралы тест
Тест 15 сұрақтан

6 - шы «Сканер» аралы анаграммалық тапсырма
« Интернет»
ФИНМАТКАИОР - ИНФОРМАТИКА
ШЕКФЛА - ФЛЕШКА
ОДММЕ - МОДЕМ
ЕРТАҚТАПНЕ - ПЕРНЕТАҚТА

«Компьютер»
РЕСКАН - СКАНЕР
ТЕРИНПР - ПРИНТЕР
СКИД - ДИСК
ЦЕСОПСРРО - ПРОЦЕССОР

7 - ші «Компьютер қазына» аралы қорытынды
1. нені білемін?
2. нені білдім?
3. нені білгім келеді?

Жеңген топты марапаттау
Бағалау
Үйге тапсырма 2 тарауды қайталау
Сөзжұмбақ осы тарауға байланысты

«Кім жылдам?»
1. Компьютерде жұмыс жасағанда қанша ара қашықтық сақталу керек?
2. Қағаздағы кескінді экранға шығаратын құрылғы?
3. Компьютердің ең басты бөлігі ол?
4. Принтердің неше түрі бар?
5. Ең бірінші ЭЕМ аты?
6. Вирус ол?

1. Ауқымды желіге қосылуға арналған құрылғы ол?
2. әріптік және сандық ақпараттарды енгізуге арналған құрылғы?
3. Компьютер жанында өсетін өсімдік?
4. Принтер ол?
5. ақпаратты сақтауға арналған сыртқы жадыларды ата?
6. Енгізу құрылғыларын ата?
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету