Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Кіріспе. Visual Basic. Қолданба жасаудың ортасымен жұмыс

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Visual Basic. Қолданба жасаудың ортасымен жұмыс. VB тілінде программалау. VBA программалаудың жұмыс ортасы. Саймандар панелі. Программалау ортасымен танысу.

Мақсаты: 1. Біліміділік. Оқушылардың Visual Basic программалау тілінің жұмыс ортасымен таныстыру, саймандар панеліменпрограммалау ортасы жайлы білімін қалыптастыру.
2. Дамытушылық. Оқушылардың тақырып бойынша практикалық есептермен білімін менгерту, дамыту.
3. Тәрбиелік. Оқушыларды мақсатшылдыққа, еңбекшілдікке ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: лекция

Сабақтың типі: Жаңа білімді беру
Пәнаралық байланыс: математика
Жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабақ:

А) Кіріспе сөз
Ә) Қолданба жасаудың ортасымен жұмыс.
Б) VB тілінде программалау.
В) VBA программалаудың жұмыс ортасы.
С) Саймандар панелі.
Д) Программалау ортасымен танысу.

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту:
А) VB тілінде программалау.
Б) Программалау ортасымен
ІV. Қорытындылау

Оқушыларды бағалау

V. Үйге тапсырма беру:

а) теориялық бөлімі: Visual Basic. Қолданба жасаудың ортасымен жұмыс. түсінігін жаттау, тақырыпты конспектілеу;
ә) практикалық бөлімі: бес кезең бойынша есептер дайындап келу;
б) Лекцияны қосымша материалдармен толықтыру.
Барысы:
Visual Basic (VB) программалау жүйесi компьютерге орнатылған соң, оны iске қосу Windows терезесi арқылы былай жүргiзiледi. Іске қосу - Программалар - Misrosoft Visual Basic 5. 0. Бұл кезде Project Wizard (Проект шеберi) программасы iске қосылады да, экранда Microsoft Visual Basic, оның жоғарғы бетiнде белсендiрiлген New Project (Жаңа проект) сұхбаттық терезесi көрiнедi. Терезеге үш қосымша бет енгiзiлген: New (Жаңа), Existing (Қолданылған), Recent (Жақында қолданылған файлдар).
New бетiне енгiзiлген проект типтерi:
- Standart. EXE ( стандартты exe - файл);
- VB Application Wizard ( Қолданбалы VB шеберi);
- Add - Іn ( Қосымша қондырма);
- Іnternet'те Web - беттер құруға мүмкiндiк туғызатын ActiveX файлдары, т. б.
Бұрын не жақында проектiлердi екiншi не үшiншi қосымша беттерiнiң бiрiнен iске қосуға болады.
Проект - дайындалатын программада қандай форма, модуль, тағы басқа файлдардың пайдаланылатынын көрсететiн терезесi бар арнайы файл. Программа проект iшiнде орындалады.
Жаңа проектiнi ашу үшiн New Project терезесiне орналастырылған Standart. EXE белгiсiн таңдап, Ашу (Открыть) түймесiн шерту жеткiлiктi. Бiрнеше компоненттерi бар, Дайындаудың (Жетiлдiрудiң) бiртұтас ортасы (ІDE, Іntegrated Development Envivonment ) не VB программалау ортасы деп аталатын терезелер көрiнедi. Оларды қысқаша орта деп атайды. Егер компоненттердiң бiрi көрiнбесе, оларды арнайы командалар арқылы орнатуға болады.
Жетiлдiрудiң бiртұтас ортасы (ІDE)
1) негiзгi мәзiр (Menu);
2) аспаптар панелi (Toolbar);
3) проект терезесi (Project 1);
4) форма терезесi (Form 1);
5) қасиеттер терезесi (Proporties);
6) элементтер панелi (Toolbox);
7) форма конструкторы (Project Container);
[design]- программаны дайындау режимi (Project 1 тақырыбында көрiнедi).
Ортада Іmmediate (тез, тiкелей орындау) терезесiн шығаруға болады және форма макетiн (Form Layout Window) шығаруға болады. Олар көрiнiс мәзiрiне енгiзiлген.
Панельдер мен терезелердi жылжыту не формасын өзгерту (кеңейту, сығу) тәсiлi Windows та пайдаланатын әдiс сияқты. Егер терезенiң шекарасы басқа терезенiң шекарасымен бiрiктiрiлетiндей етiп жылжытылса, ол соңғы терезеге қосылып қойылады.
Visual Basic - бiрнеше файлдар жиынтығы (exe - файл).
Онымен жұмыс iстеу ІDE ортасында орындалады. Ортада жұмыс iстеу командалары мәзiрлерге енгiзiлген. Аспаптар панелiне мәзiрлерге енгiзiлген негiзгi командаларды орындайтын түймелер орналастырылған.

Стандартты түймелер:
- Standart. exe типтi проектiнi iске қосу (Add Standart EXE Project);
- Форма қосу (Add Form);
- Проектiнi ашу (Open Project);
- Проектiнi сақтау (Save Project);
- Көшiру (Copy);
- Кiрiстiру (Paste);
- Проект терезесiн шығару (Project Explorer);
- Қасиеттер терезесiн шығару (Proporties Window);
- Программаны iске қосу (Start);
- Программа жұмысын аяқтау (End);
- Мәзiр редакторы (Menu Editor);
- Элементтер панелi (Toolbox), тағы басқалары.
Проект. Проект терезесi

VВ - қосымшалар құруға арналған күрделi программа. Онда жиi қолда - нылатын компоненттер; проект, форма, басқару элементтерi, модуль және тағы басқалары.
Проект - (Projest) дайындалатын программада қандай формалардың, модульдер мен элементтер панелi пайдаланылатынын көрсететiн арнайы файл.
Қосымша құрайтын барлық объектiлер проект арқылы басқарылады және проектiде сақталады.
VВ - те проект үшiн Projest терезесi қарастырылған. Проект терезесi W терезесiне ұқсас. Оған енгiзiлген проект, форма бумаларын ашуға не жабуға болады. Ол үшiн көрiнiп тұрған ауыстырып қосқыштың белгiлерiн шертсе боғаны.
Проект терезесi: 1 - View Code түймесi;
2 - View Objest түймесi;
3 - проект терезесiне енгiзiлген
формалар белгiмесiн ашу, жабу
түймесi (Toqqle Forders).
1 - шертiлгенде, программа жазылатын VB редакторы терезесi көрiнедi. Оны программалық код терезесi (код терезесi) деп атайды.
2 - форманы экранға шығару әдiсi.
Проект терезесiнде қосылу тұрған проект пен форма, одан соң жақшалар iшiнде VВ - тiң файлдарға меншiктелген атаулары жазылып қойылады.
Алғаш рет мешшiктелген атаулар: Projest1, Form1. Форма дайындалып, форма мен проект жаңа атаулар бойынша сақталған кезде, олар осы атауларға өзгертiледi. Оны ашу үшiн View - Projest Explorer командасын беру керек.
Бiр проектiмен жұмыс аяқталған соң, оңы сақтау керек. Жаңа проектiнi ашу командасы: File - New Projeсt.
Форма - интерфейс құру үшiн күйге келтiрiлетiн терезе (пайдаланушы интерфейсi терезесi).
Ол форма конструкторы терезесiнiң iшiнде орналастырылады.
Информатикада интерфейс деп автоматтық жүйе (машина, программа) және адам арасындағы информацияны алмастыру құралдары мен оларды орнату, пайдалану тәсiлдерiн атайды (interface - iлесу, түйiстiру).
VB - те пайдаланушы интерфейсi - форма және программа құру үшiн онда орнатылатын түрлi элементтер.
Немесе, форма не оған орнатылған элементке сәйкес орындалатын программа бөлiгi де пайдаланушы интерфейсi делiнедi.
Форма және онда орнатылған элементтер объектiлер делiнедi. Олар арқылы қосымша жұмысын басқару VB - тiң жоғарғы талап бойынша жұмыс iстеуiнiң ерекшелiгi.
VB - тiң ортасы iске қосылған кезде, ортада форма ''Form1'' атауы бойынша көрiнедi. Оны оңға не төмен кенейту керек. Форма және оған енгiзiлген объектiлердiң өз қасиеттерi бар. Объект таңдалған кезде, қасиеттерi Proporties (қасиеттер ) терезесiнде көрiнедi. Экранда форма көрiнбесе, оны шығару үшiн View - Objest немесе Shift +F7 командаларының бiрi орындалады. (Projest терезесiнiң сәйкес түймесiн не Form1 қатарын 2 - рет шерту де мүмкiн)
Кейде ортада Form1 терезесiне қосымша Form2 терезесiн шығару керек болады. Ол үшiн Projest - Add Form командасын беру керек.
''Add Form'' терезесi көрiнедi. Терезенiң ашу түймесi шертiлген кезде, жаңа форма көрiнiп, атауы Projeсt1 терезесiнiң Forms бумасына кiрiстiрiлiп қойылады. Form1 терезесiн қайта белсендiру үшiн тақырыбын бiр шертсе болғаны.
Қасиеттер. Қасиеттер терезесi

Қасиет (сипаттама) - айнымалылардың ерекше типi. Ол объект үшiн пайдаланылатын мүмкiндiктердiң сипаттамалары. Яғни, қасиеттер обьектiнiң ағымдық күйiн анықтайды. Мысалы: обьектiге ат беру, түсiн өзгерту, объект үстiне мәтiн жазу, жазылатын мәтiннiң шрифтi мен өлшемiн өзгерту, т. б. Олар обьект қасиетiн орнату не қасиетке мән беру (меншiктеу) делiнедi.
Әр обьектiнiң қасиеттер терезесi бар. Терезенiң сол жақ бөлiгiнде барлық қасиет атаулары, оң бөлiгiнде олардың мәндерi жазылады. Мысалы: форманың қасиеттерi.
Name (атау)- обьект атауы. Ол VВ - тiң обьектiлерiнiң ең негiзгi қасиеттерiнiң бiрi. VВ - ң формаға автоматты түрде берiлген атауын (Form1) өзгертiп, басқа атау беруге болады. Мысалы: форма квадрат теңдеудi шешуге арналса, "Form1" орнына frmkvtendeu енгiзу керек. (Ол үшiн Name таңдап, Form1 мәнiнде 2 рет шерту керек. Мәндi Del арқылы өшiрiп, пернетақта арқылы frmkvtendeu терiледi.)
Borderstyle (Жиек стилi) қасиетi форманың жиек қасиеттерiн орнатады. Мысалы: оң жағындағы тiлсызық түймесiн шертiп, тiзiмдi ашқан соң 2 - sizable мәнi орнатылса, форманың өлшемiн өзгертуге болады. (Size - өлшем), O - None - мәнi орнатылса, форма өлшемiн өзгерту мүмкiн емес (none - ешқандай).
Caption (тақырып, бетiне жазу)- форма терезесiнiң тақырыбына енгiзiлетiн мәтiндi орнату қасиетi. Form1 сөзiн басқа тақырыпқа өзгерту.
Font қасиетi 2 рет шертiлгенде формада пайдалануға болатын шрифт терезесi көрiнедi. Терезеден қажеттi шрифтi, пiшiнi мен өлшемiн таңдап, ОК түймесiн басу керек.
Windowstate қасиетiнiң мәнi үшiн 2 - maximized қатары таңдалып, форма iске қосылғанда ол толық экранды етiледi.
Бiр қасиеттiң мағынасымен (мазмұнымен) танысу үшiн оны қасиеттер терезесiнде таңдап, F1 пернесiн басу керек (анықтама терезесi шығады).
Экранда қасиеттер терезесi көрiнбесе, оны шығару үшiн View - Proporties Window командасы берiледi.
Элементтер панелi
VB қосымшалары көбiнесе формада орнатылған басқару элементтерi деп аталатын объектiлер негiзiнде дайындалады. Басқару элементтерiн орнататын түймелер элементтер панелiне орналасады.
Панель түймелерiнiң қасиеттерi
Name, Caption, Cancul, Default, Enabled, Visible, т. б.
Әр түйменiң қасиеттерi объект формаға орнатылып, таңдалған кезде қасиеттер терезесiнде көрiнедi.
Name - ге енгiзiлген атау бойынша VB бiр объектiнi екiншiсiнен ажырата алады.
Caption қасиетi формада орнатылған объектiнiң iшiне жазылатын мәтiндi анықтайды.
Enabled, Visible қасиеттерi объектiге қол жеткiзу үшiн қолданылады (Enabled - қосылу, Visible - көрiну).
Егер Enabled мәнi False - ке тең болса, объект қосылмайды, Visible=False болса, объект экранда көрiнбейдi.

Элементтер панелi:
1 - көрсеткiш (Painter);
2 - графикалық өрiс (PictureBox - сурет қорабы);
3 - үстiне жазу өрiсi (Label);
4 - мәтiндiк өрiс (Textbox);
5 - рамка (Frame);
6 - командалық түйме (Command Button);
7 - жалауша (Chekbox);
8 - ауыстырып қосқыш (Option Button);
9 - құрастырылған өрiс (Combobox);
10 - тiзiм (Listbox);
11, 12 - жатық, тiк айналдыру белдеушесi. (HScrollbox, VScrollbox);
13 - таймер (Timer);
14 - дискiжетектер тiзiмi (DriveListbox);
15 - каталогтер тiзiмi (Dirlistbox);
16 - файлдар тiзiмi (Filelistbox);
17 - фигура (Shape);
18 - сызық (Line);
19 - сурет (Іmage);
20 - берiлгендер элементi (Data);
21 - OLE элементi (OLE ). VB - те айнымалының мәнiн жадыға енгiзу үшiн Бей - сикте пайдаланылатын Іnput операторы жоқ. Оның орнына стандартты сұхбат терезесi және онда мән енгiзiлетiн өрiсi бар ІnputBox (енгiзу қорабы) функциясы қолданылады.
Программада функцияны мына түрде жазады:
=Іnputbox( [, ““])
Мұндағы - айнымалының идентификаторы, жолдық айнымалы;
- ІnputBox функциясы терезесiнiң тақырып қатарына жазылатын символдар тiзбегi;
[,]- iшiне ешнәрсе енгiзбеудi бiлдiру белгiсi.
Нәтиженi MsgBox функциясының стандартты шығару терезесiнде не формада шығару мүмкiн(message - мәлiметтер қорабы). Мәндi MsgBox терезесiне шығару функциясының жазылу түрi:
MsgBox ()[,,““]
ІnputBox, MsgBox функцияларын қысқаша жазуға болады:
1) x=ІnputBox““; 2) MsgBox““
Бiрiншi енгiзу терезесiн шығарып, мән енгiзiлетiн өрiстiң жоғарғы жағындағы орынға мәтiндi енгiзедi.
Екiншi шығару терезесi iшiне мәтiндi енгiзедi.
Мысалы: х=4, 6 үшiн у=3х+5 функциясының мәнiн табу керек.
Есептi Load оқиғасын және ІnputBox, MsgBox функциясын пайдаланып шешу тәсiлi:
1. Ортаны ашып, форманы екi шерту керек (Ғ7).
Form - Load процедура моделi енгiзiледi. Код терезесi шығады.
2. Процедура денесiн енгiзу:
Private Sub Form - Load()
Dim x As Single, y As Single
x=ІnputBox (x, "x=")
y=3*x+5: (MsgBox(y),, "y="
End Sub
Бейсиктегiдей массивтi ғана емес, Dim операторы VB - ны процедурада пайдаланатын барлық айнымалыларды сипаттауда пайдаланады.
3. Іске қосу командасын беру. Ол үшiн аспаптар панелiнiң Start түймесiн шерту, Run - Start командасын беруге немесе Ғ5 болады. х мәнi сұралатын ІnputBox терезесi көрiнедi. Терезе тақырыбындағы "x=" мәтiндiк символдар тiзбегi.
4. Терезенiң төменiндегi мән енгiзу өрiсiне Х мәнiн ( 4, 6 деп енгiзу керек, үтiр қойылады) енгiзiп, Ok басу керек(ҚК).
5. Программа денесiне MsgBox функциясы енгiзiлгендiктен нәтижелiк мән енгiзiлген MsgBox терезесi шығады.
6. ОК түймесiн шерту. MsgBox терезесi жабылып, экранда форма көрiнедi.
7. Программадан шығу үшiн Run - End командасын беру немесе аспаптар панелiнiң End түймесiн шерту. VB бастапқы режимге қайта оралады.
Ескерту. Программа денесiне х=Іnputbox командасының орнына меншектеу командасын х=4. 6 енгiзуге болады. Программаға нақты сан нүкте арқылы енгiзiледi.
Print операторы берiлгендердi басып шығару үшiн пайдаланады. Берiлетiн команда:
Printer. Print
Мұндағы, print - басып шығару операторы,
Printer - принтер объектiсi,
- программалық кодқа енгiзiлетiн мәтiн.
Printer объектiсiнiң басып шығару параметрлерiн орнататын қасиеттер терезесi жоқ. Оның әр қасиетi программа мәтiнiнде орнатылуы керек. Мысал: а1$, a2$ айнымалыларының мәндерi болатын мәтiндердi 14 пиксельдiк шрифпен басу командалары:
a1$='' Бiз студенттермiз''
а2$=''оларда студенттер''
Printer. Font Size=14
Printer. Print a1$
Printer. Print a2$
Ескерту. 1. Printer объектiсiнiң қасиеттерi мен командалары VB - тiң анықтама жүйесiне енгiзiлген (Print Object).
2. Шрифтi программа арқылы орнатуға болады. Font Size командасын екi команда жазуда мүмкiн (Font. Size).
3. File - Print командасы терезеге енгiзiлген программаны толық басып шығарады. Ал iске қосу (F5), одан әрi End командасы берiлсе, тек мәтiндер басылып шығады.
4. Програмаларда айнымалыларды кiшi не бас әрiппен енгiзудiң айырмашылығы жоқ. Оны редактордың өзi кiшi әрiпке алмастырады. View - Code командасы бойынша ашылған жаңа код терезесiнде процедура моделi жазылмайды, процедура тақырыбын қолдан терiп алу керек.
Есептi пайдаланушы интерфейсiн құрып шешу
Түрлi нәтижелердi форманың арнайы орындарында көрсету – VB жүйесiмен жұмыс iстеуде орындалуы тиiс интерфейс талабы. Бұл үшiн формада қажеттi объектiлердi алдын ала орнатып, код терезесiнде осы объектiлерге арнайы процедуралар құру керек.
1. Орталықты ашып, көрiнген форманы кеңейту. Форма тақырыбын өзгертуге болады. Ол үшiн:
- форманы таңдау. Форма қасиеттерi терезесi көрiнедi.
- терезенiң Font қасиетiн 2 шертiп, ашылған шрифт терезесiнде TimesКaz шрифтiн таңдау және өлшемiн 14 - ету,
- Caption қасиетiнiң мәнi үшiн Ғorm1 орнына " функция мәнi" мәтiнiн енгiзу.
2. Элементтер панелiнiң Lаbel түймесiн шертiп, көрсеткiш арқылы форманың жоғарғы қабатында Lаbel1, Lаbel2 өрiстерiн орнату. Оларға программаға енгiзiлетiн х, у айнымалыларының мәндерiн жазуды жоспарлау.
Мыс: форманың Lаbel объектiсiне Z айнымалысының мәнiн жазу.( Caption қасиетiн енгiзу) Lаbel1. Caption=Z меншiктеу командасы арқылы орындалады.
3. Элементтер панелiнiң CommandButton түймесi арқылы форманың төменгi қатарына командалық Command1, Command2 объектiлерiн (басқару элементтерiн) орнату. Оларды программаны iске қосу, аяқтау командалық түймелерi ретiнде пайдалануды жоспарлау. Формаға орналастырылған объектiлер форма сыңарлары (компаненттерi) делiнедi.
4. Command1 түймесiн таңдау. Оның қасиеттерi Рroporties терезесiнде көрiнедi. Оның Ғont қасиетiне Timeskаz шрифтiн орнатып, Саption қасиетiне қосу сөзiн енгiзу. Ол Сommand1 элементiнiң үстiне жазылады.
5. Command2 элементiнiң Саption қасиетiне Еnd сөзiн меншiктеу.
6. Программалық код құру:
- Қосу объектiсiн екi шерту. Код терезесi ашылып, онда Command1_Click атаулы процедура моделi көрiнедi.
- оның iшiне процедура денесiн енгiзу.
Private Sub Command1_Click()
Dim x As Single, y As Single
X=Іnputbox (x, "x="); Label1. Caption=x
Y=3*x+5: Label2. Caption=y
End Sub
7. End басқару элементiне арналған процедура құру.
Ол үшiн код терезесiнiң жабу түймесiн шертiп
немесе проект терезесiнiң Form1 бумасын екi шертiп,
форманы қайта ашу және ондағы End түймесiн екi
шерту керек. Код терезесi ашылып, алдыңғы құрылған программалардың астында жаңа процедура моделi көрiнедi. Оған End операторын енгiзу:
Private Sub Command2_Click()
End
End Sub
8. Іске қосу командасын беру (F5). ІnputBox терезесi көрiнедi. Оған Х мәнiн енгiзiп, ОК түймесiн шерту. Мәндер енгiзiлген форма терезесi көрiнедi.
9. Форманың End түймесiн шерту. Программа жұмысы аяқталып, код терезесi қайта көрiнедi.
Ескерту. Формада тек Label1 объектiсiн орнатып, оны У мәнiн енгiзуге арнауға болады. Сол сияқты, формада End командасына арналған Command2 басқару элементiн орнатпауға болады. Бұл кезде программа жұмысын тоқтату командасы аспаптар панелiнiң End түймесiн шерту немесе Run - End командасы арқылы берiледi.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету