Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Тапқыр достар

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Жалантөс ауылы
Қ.Пірімов атындағы №103 орта мектеп
информатика пәні мұғалімі
Тажибаева Шолпанай Бибитовна

Мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, білім деңгейін көтеру, сөйлеу шеберлігін, есте сақтау қабілетін дамыту. Оқушыларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулу.

Түрі: сайыс сабақ
Көрнекілігі: компьютер,интерактивті тақта, тапсырмалар, викториналық сұрақтар

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды екі топқа бөлу.Сайыстың ережесімен таныстыру. Сайыс 6 кезеңнен тұрады. Екі топтан 7 оқушыдан 14 оқушы қатысады.
І кезең «Өзім туралы»
ІІ кезең «Кім жылдам?»
ІІІ кезең «Қисынды ойлай білейік!»
IV кезең «Сен маған, мен саған»
V кезең «Компьютермен жұмыс»
VI кезең «Капитандар сайысы»

ІІ. Негізгі бөлім
І кезең «Өзім туралы»

Екі топ өздерін таныстыра отырып, өздерінің жасаған презентацияларын ұсынады.

І топ- «animacia@mail.kz» тобы. Топ жетекшісі: 10- класс оқушысы
Сейдуллаева Гүлнаурыз
ІІ топ- «Жас ұрпақ» тобы. Топ жетекшісі: 10- класс оқушысы
Оразова Жадыра

ІІ кезең «Кім жылдам?»

Әр топқа 20 сұрақтан беріледі. Сұраққа жылдам жауап беру қажет.
І топ
1. Paint қандай редактор? (графиктік)
2. ЭЕМ-нің неше буыны бар? (5)
3. «Компьютердің атасы» деп кімді атаған? (Чарльз Беббидж)
4. Морзе әліппесінде қандай таңбалар бар? (нүкте,сызықша)
5. Ақпараттың кіші өлшем бірлігі? (бит)
6. Дыбыстық ақпаратты енгізуге арналған құрылығы? (микрофон)
7. Қазіргі кезде ең көп тараған процессор қалай аталады? (пентиум)
8. Музыкалық файлдың кеңейтілуі? (mp3)
9. «Ақпарат» сөзі қай тілден шыққан? (латын)
10. Программалау тілі? (Паскаль)
11. Екілік жүйенің сандары? (0 мен 1)
12. Вирусты жоятын программа? (антивирус)
13. Калькулятордың неше түрі бар? (2)
14. Ақпаратты шығару құрылғысы? (принтер)
15. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас? (интерфейс)
16. Тұрақты қалай жазылады? (const)
17. Информатика дегеніміз не? (ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым)
18. Компьютер жанына қойылатын өсімдік? (кактус)
19. Функционалдық пернелер нешеу? (12)
20. Презентацияға сурет енгізуге болама? (иә)

ІІ топ.
1. WordPad қандай редактор? (мәтіндік)
2. Компьютердің зиянды құрылғысы? (монитор)
3. Интернетке шығу құрылғысы? (модем)
4. ASCII коды қанша жолдан, қанша бағаннан тұрады? (16/16)
5. Алгоритм қай ғылымның есімімен байланысты? (Әл-хорезми)
6. Дыбыс жазу бағдарламасы ? (фонограф)
7. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрылғы? (компьютер)
8. «Компьютердің миы»? (процессор)
9. Жыпылықтап тұратын тік сызықша? (меңзер)
10. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиыны? (файл)
11. Әр түрлі программа орналасқан Windows экраны? (жұмыс үстелі)
12. Бас әріптер режимін іске қосу пернесі? (CapsLock)
13. Сегіздік санау жүйесі қандай сандардан тұрады? (0,1,2,3,4,5,6,7)
14. Логикалық қосу қалай аталады? (дизъюнкция)
15. Дүниежүзілік желі? (интернет)
16. Х-тың квадраты Паскаль тілінде қалай жазылады? (sqr(x))
17. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (сканер)
18. Сандардың аталу, жазылу әдісі? (санау жүйесі)
19. Терезе нешеге бөлінеді? (4)
20. «Бит» сөзінде неше бит бар? (24)

ІІІ кезең «Қисынды ойлай білейік!»
Әр командаға 1 логикалық есеп беріледі.
І топ.
Мен 1111 жастамын. Мектеп табалдырығын 111 жасымда аттадым. Мен 01110001 мектептің 1001-сыныбында оқимын. Біздің сыныпта барлығы 00100101 оқушы. Менің арманым келешекте атақты компьютер маманы болу.
Жауабы: Мен 15 жастамын. Мектеп табалдырығын 7 жасымда аттадым. Мен 71 мектептің 9- сыныбында оқимын. Біздің сыныпта барлығы 25 оқушы бар. Менің арманым келешекте атақты компьютер маманы болу.
ІІ топ.
111-класс оқушысымын.Сыныпта 00010110 оқушы бар. Класс өте ұйымшыл. Біз 000100000011 мектепте оқып жатқанымызды мақтан етеміз.
Жауабы: 7-класс оқушысымын.Сыныпта 16 оқушы бар. Класс өте ұйымшыл. Біз 103 мектепте оқып жатқанымызды мақтан етеміз.

IV кезең «Сен маған,мен саған»
Екі топ бір-біріне дайындап келген ребустарын шешеді.

V кезең «Компьютермен жұмыс» (10 балл)
Әр командадан бір оқушыдан шығады.І топ 8-наурыз,І І топ 22- наурыз мерекесіне байланысты тілектерін Word мәтіндік редакторында жазады. Парақ әсем безендірілуі керек. 5 минутта мәтінді теріп болуы керек.

VI кезең «Капитандар сайысы»
І топ «Интернет» сөзінің мағынасы мен қолданылу шеңбері туралы ойларын айтуы керек.
ІІ топ «Электрондық пошта» дегеніміз не,оның кәдімгі поштадан ерекшелігі қандай?
Көрермендермен сайыс.
Сайыс жеңімпаздарын анықтап,мақтау грамотасымен марапаттау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері

Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері

Сабақтың тақырыбы: Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері. Сабақтың мақсаты: Білімділік: компьютердің құрамына кіретін...
Үздік информатика тобы

Үздік информатика тобы

Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын арттыра отырып, олардың пәнге деген...
Алғыр достар

Алғыр достар

Тақырыбы: «Алғыр достар» сайысы...
Дербес компьютер және ақпарат тарауын қайталау

Дербес компьютер және ақпарат тарауын қайталау

Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Белое ауылы "Октябрь мектеп - балабақша кешені" КММ...
Сабақта танымдық қызығушылықты дамыту және оқушының өзіндік білім көтеруін  ...

Сабақта танымдық қызығушылықты дамыту және оқушының өзіндік білім көтеруін ...

Информатика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру бүгінгі жоғары және орта мектепте информатика оқыту...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету