Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Microsoft Exсel туралы жалпы мәлімет

Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары)  Оқушыларды Microsoft Exсel - дегі негізгі ұғымдармен, жұмыстық кесте элементтерімен таныстыру.
 Кесте таңбаларының аттарын өзгертуге, бағанның ені мен жолдың биіктігін өзгертуді және түс беруді үйрету,
 Диаграмма және гистограмма ұғымдарымен таныстыру.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: Microsoft Exсel - дегі негізгі ұғымдарын біледі;
Кесте құра алады;
Ұяшықтармен жұмыс істей біледі.
Оқушылардың басым бөлігі:
Microsoft Exсel - дегі негізгі элементтерін біледі.
Exсel – мен еркін жұмыс істей алады.
Кейбір оқушылар: Microsoft Exсel – де кестені өз бетінше құра алады.
Тілдік мақсат: Оқушылар: Сабақ кезінде жеке және топта жұмыс жасай алады.
- Топпен жұмыс жасау барысында өз ойларын еркін айтады және толық жеткізе алады;
- Жаңа тақырыпқа байланысты мәселелерді топта талқылап, дұрыс шешімін табу жолдарын қарастырады;
- Топта жұмыс істеу барысында бір – біріне үйретуді, бір – бірін оқытуды жүзеге асырады.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Кесте, жолдар, бағандар, ұяшық, түс белгісі.
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Кесте – таблица – table
Ұяшық – ячейка - cell
Талқылауға арналған тармақтар:
1. Exсel – дің тиімділігі неде?
2. Exсel мен Word айырмашылығы қандай?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Кестелер бойынша жұмыс, постермен жұмыс, практикада қолданып көру, кері байланыс, т. б.

Сабақтың басы 1. Сәлемдесу, сынып оқушыларын түгелдеу, оқу құралдарына және көңіл - күйлеріне назар аудару.

Шаттық шеңбері «Мен ғажайыппын»
Мақсаты: оқушылардың бір - біріне жақсы қасиеттерін айтқыза отырып, достық қарым - қатынастарын нығайту, жақсы тілек айту арқылы топтық жұмыста жағымды қарым – қатынасты орнату

Microsoft компаниясын негізін қалаған 2 программисттің есімдерімен оқушыларды 2 топқа бөлу: «Билл Гейтс», «Пол Аллен»

2. «Сиқырлы жұлдызша» әдісі, үй тапсырмасын
жұлдызшалардағы сұрақтарға жауап беру арқылы шолып өту.
Мақсаты: өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін байқау
1. MS Word бағдарламасының негізгі мүмкіндіктері, қызметі қандай?
2. MS Word бағдарламасында жаңа құжатты қалай құрамыз?
3. Компьютердің 3 негізгі құрылғыларын ата
4. Компьютердің қосымша құрылғыларын ата
5. «Microsoft» компаниясының президенті, 13 жасында алғаш программасын құрған.
6. 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет механикалық есептеу машинасын құрастырған ғалым кім?
7. MS Word - та бетке номер қою үшін қандай әрекеттерді орындаймыз?
8. MS Word - та бетке рамка қою үшін қандай әрекеттерді орындаймыз?

Сабақтың толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету