Сайтқа кіру Тіркелу

Сахна мен кейіпкерлерді бейнелеу

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Бөлім: IV
Мектеп: Б. Кейкиев атындағы орта мектебі
Пән: Информатика
Күні: Мұғалімнің аты - жөні, тегі: Алимбекова М
Сынып: 6 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы 4. 3 Сахна мен кейіпкерлерді бейнелеу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу
мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 6. 3. 2. 1 - есептің шешімін кезеңімен талдау
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар істеуге дағдыланған:
Компьтерлік ойындардың кезеңдерін біледі.

Оқушылардың көпшілігі істей алады:
Ойынның сценарийін әзірлей алады.
Кейбір оқушылар істеуге қабілетті:
Сахна мен кейіпкерді бейнелей алады
Ойлау дағдылары Білу, Түсіну, Талдау, Жинақтау, Бағалау.
Бағалау критерийлері • Есепті шешу кезеңін анықтайды.
• Сахна мен кейіпкерді бейнелейді
• Ойын ортасында программалау сценарийін жүзеге асырады
Тілдік мақсаттар: Оқушылар орындай алады: Сахна мен кейіпкер туралы сипаттайды. (айтылым мен тыңдалым дағдысы)

Пәндік лексика және терминология:
Scene - сцена - сахна
Character - персонаж - кейіпкер
Sсriрt - скрипт - скрипт
Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:
Сахна дегеніміз ол........ Ойын сахнасы мен концерт сахнасының айырмашылығы........ Ойын кейіпкері ол......... Ойын қызықты болуы үшін.....
Құндылықтарға баулу Өзара көмек, сыйластық, ынтымақтастық, академиялық адалдық - ешкімнен көшірмеу, әділ болуға баулу.
Пəнаралық байланыс Өнер, Ағылшын тілі (диалог үшін дәлел ретінде келтірілген пайдалы сөз тіркестері; жазба және сөйлеу мәдениеті; тіл стилистикасы)

Алдыңғы білім Ойынның сценарийін әзірлеу. 5 сыныпқа арналған Scratch бағдарламасымен бұрыннан таныс.

Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жұмыстар
(төменде берілген тапсырмаларды сіздің жоспарларыңызға сәйкес алмастырыңыз) Ресурстар
Сабақтың басы

7 минут
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу.
Оқушылардың қатысымын түгелдеу.
Шаттық шеңберін құру.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Мозайка» тренингі арқылы топқа бөлінеді. Оқушылар мұнда Астана, Бәйтерек суреттерінің қиындысын дұрыс тауып, өз жұптарын табу арқылы 2 топқа бірігеді..
(Скрипт және Спрайт).
Бағалау парақтарын таратамын
Үй тапсырмасын сұрау
«Миға шабуыл». Оқушыларға түрткі сұрақтары беріледі
1. Ойын сценарийі дегеніміз не?
2. Ойын нысандары дегеніміз не? Олардың атқаратын рөлі қандай?
3. Компьютерлік ойында сценарий не үшін қажет?
4. Компьютерлік ойында ойын деңгейлері не үшін қажет? АКТ, интерактивті тақта, My talking Tom, үлестірмелер, оқулық
Сабақтың ортасы

3 минут
5 минут
5 минут

Таныстырылым. Тақтада «Менің сөйлей алатын Томым» (My talking Tom) қосымшасын көрсетемін.

Сабақтың мақсатын түсіндіремін. Мұғалім компьютері арқылы презентация көрсетіледі.
Скрипт - ойын барысында жүзеге асырылатын командалар тізбегі.
Спрайттар және олардың тізбегі

Спрайттардың өзара әрекетесуі
Сахналардың сипаттамасы
Жаңа сабақты пысықтау.
Тапсырма №1 (Топтық жұмыс)

1. Кестені толтырыңдар
Анықтама Мысалдар
Спрайт
Скрипт
Сахна

1) Спрайттардың қандай әрекеттерін білесіңдер?
2) Спрайттар қалай өзара әрекеттеседі?

Дескриптор

Білім алушы
- дәптермен жұмыс жасайды;
- берілген кестедегі анықтаманы толтырады;
- анықтамаға сай мысалдар келтіреді;
- сұрақтарға жауап береді
.
Тапсырма №2
Компьютерде практикалық тапсырмаларды орындауға нұсқау беремін..
Оқушылар компьютерде практикалық тапсырмаларды орындайды.

Бір топқа ит салынған суретті, ал екінші топқа мысықтың суретін беремін.
1. Ойын ортасында жүгіру жарысын көрсететін сахна мен кейіпкерлерді құрыңыз.

Есепті шешу кезеңін анықтаңыз.

Орындалатын әрекеттер Орындалу кезеңі
Спрайт 1 үшін скрипт жазу
Сахнаны дайындау
Спрайт 2 үшін скрипт жазу
Екі спрайтты дайындау

Ойынды іске қосу

2. Екі спрайт үшін скрипттерді жазаңыз.

Дескриптор
Білім алушы
- есепті шешу кезеңін анықтайды;
- спрайттар үшін скрипттер жазады.

Тапсырма №3 (Деңгейлік тапсырма)
Компьютермен жұмыс.
Практикалық жұмыс. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі.
1. Өткен сабақта өздерің ойластырған спрайттардың костюмдерін прогграммалаудың ойын ортасының кітапханасын пайдаланып құрыңдар немесе суреттерін өздерің салыңдар.
2. Өз ойындарыңның сахналарын ойластырып, суреттерін салыңдар немесе дайын суреттерді пайдаланыңдар.
3. Өз ойындарыңа сәйкес кестелерді толтырыңдар.
1) Өз ойындарыңа сәйкес спрайттардың сипаттамасын және олардың орындайтын әрекеттерін толтырыңдар.

Спрайттың атауы Спрайттың бейнесі Спрайттың орындайтын әрекеттері
2) Өздерің ойластырған спрайттардың өзара әрекеттесуінің сипаттамасын кестеге толтырыңдар.

Спрайт 1 Спрайт 2 Әрекеттесуі
3) Өз ойыңдарыңда пайдаланылатын сахналардың сипаттамасын кестеге толтырыңдар.
Сахнаның атауы Сахнаның бейнесі

Тапсырма №4
https://scratch. mit. edu/ сайтынан басқа адамдардың құрған бірнеше спрайт қатысатын дайын компьютерлік ойынын қарап шығыңдар. Қарастырылған ойындардың өзара әрекеттесуін талдаңдар.

Бағалау парақшасы:
1) Спрайттардың сипаттамасы және олардың орындайтын әрекеттері 1 - балл
2) Спрайттардың өзара әрекеттесуі 1 - балл
3) Сахналардың сипаттамасы 1 балл

https://youtu. be/WGTpcsWzzjc

Презентация көрсетілім
«Смайликтер әдісі»

Үлестірме парақшалары
Компьютер
Компьютер
«Өзін - өзі бағалау» әдісі

Компьютер
7 минут
7 минут
3 минут
Аяқталуы
3 минут

«БББ кестесі» арқылы кері байланыс алу. Білемін, Білдім, Білгім келеді деген сұрақтарға өз ойларын жазады.
Білемін Білгім келеді Білдім
Үйге тапсырма.
4. 3 Сахна мен кейіпкерлерді бейнелеу

Бағалау. Жиынтық бағаны өзім қоямын. Топ басшылары бағалау парағын әкеліп береді.
Кестелер
Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз көп қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Сіз қабілетті оқушылар алдына қандай есептер қоюды жоспарлайсыз? Бағалау – Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыстар Денсаулық және қауіпсіздік АКТ - мен байланыстар Құндылықтар мен байланыстар
1. Компьютерде жұмыс істеуде қиналатын оқушыларға қосымша көмек беру үшін үлгеруші оқушыны көмек көрсетуге ұсыну
2. Қабілетті оқушыларға қосымша тапсырмалар беру.
Ынталандыру, қолдау көрсету.
Шығармашылық жұмыс қалыптастырушы бағалау ретінде жүзеге асады. Өзін - өзі бағалау. Әр тапсырма бағаланып отырады.
«БББ» стратегиясы. Өнер, Ағылшын тілі пәндерімен байланыс

Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау.
Компьютер
Құндылықтар:
- өзара көмек, сыйластық,
- ынтымақтастық, академиялық адалдық
- ешкімнен көшірмеу, әділ болуға баулу.
Талдау жасау
Осы бөлімді сабаққа талдау жасауға қолданыңыз. Сіздің сабақ жөніндегі сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Сабақ мақсаты/тәлім - тәрбие мақсаты шындық мәнінде болды ма?
2. Оқушылар бүгін не үйренді?
3. Сабақтың атмосферасы қандай болды?
4. Менің жұмысқа саралап жiктеп жасаған әдісім іске асты ма?
5. Мен жоспарды графикке сыйғыза алдым ба?
6. Өз жоспарыңызға қандай өзгеріс енгізер едіңіз және неге?

Жалпы баға
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру жөнінен де, үйрету туралы да ойлаңыз)?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді (сабақ беру жөнінен де, үйрету туралы да ойлаңыз)?
1:
2:
Сабақ кезінде келесі сабаққа дайындалуға көмектестін сынып немесе жеке оқушы жөнінде не білдім?
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Алып Ер Тоңға» жыры

«Алып Ер Тоңға» жыры

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 6 Б/С1 Шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және...
Статистикалық мәліметтер

Статистикалық мәліметтер

Сабақтың мақсаты: 1. Статистикалық мәліметтер туралы білу. 2. Салыстырмалы және абсолюттік сілтемелерді түсіну....
Жай бөлшектерді, аралас сандарды ортақ бөлімге келтіру

Жай бөлшектерді, аралас сандарды ортақ бөлімге келтіру

Барлық оқушылар: Жай бөлшектің негізгі қасиеттерін қайталай отырып, жай бөлшектерді, аралас сандарды ең кіші ортақ бөлімге келтіруді үйрету, есептер...
Сәндік-қолданбалы өнер, негізгі пішіндер мен ерекшеліктері

Сәндік-қолданбалы өнер, негізгі пішіндер мен ерекшеліктері

Сабақ мақсаттары: Бо - Қазақтың ұлттық ою - өрнектері туралы түсіндіре алады. Бб - Қазақтың ұлттық ою - өрнектерін зерттейді (ою - өрнек түрлері,...
Анимациялық графиканы құру

Анимациялық графиканы құру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтеме 5. 3. 2. 2 - алгоритмді сөз түрінде ұсыну 5. 3. 3. 1 - ойын ортасындағы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×