Сайтқа кіру Тіркелу

Компьютерде жұмыс істеу тәртібі мен қауіпсіздік ережелері

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы,Мақаншы ауылы,
« Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақша» КММ
Жоғарғы санатты информатика пәні мұғалімі Бекишева Ғазиза Есенқызы

Сабақтың тақырыбы: Компьютерде жұмыс істеу тәртібі мен қауіпсіздік ережелері.
Мақсаты :1. ЕТ-мен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерімен танысып , оны білу.
2. Компьютермен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік ережесін үнемі естен шығармау дағдысын қалыптастыру.
3. Оқушы мәдениетіне, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі : Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі : Топпен жұмыс
Көрнекіліктер: MS POWER POINT ортасында жасалған слайдтар , таратпа материалдар, плакат « Қауіпсіздік ережесі»

Сабақтың барысы : І. Ұйымдастыру.
Балалармен сәлемдесу, жақсы көңіл – күй тілеу.

ІІ. Жаңа сабақтың кезеңдеріне дайындау.
Бүгін бізге сендермен достасуға қонаққа « Компьюша » келді. « Компьюшаның» өзімен әкелген кереметке толы қоржыны бар екен. Информатика сабағында қоржыннан алынған кереметтерді оқып, үйренсек, « Компьюшаның» айтқандарын бұлжытпай орындасақ
« Компьюша» сендермен жақсы дос болады және сыйлықтарын таратып береді.

1. Жаңа материалды түсіндіру.
« Компьюшаның» қоржынынан шыққан бірінші керемет:
Компьютерде жұмыс істеу кезіндегі арнайы ережелерді есімізде сақтауымыз керек екен.

(MS POWER POINT ортасында жасалған слайдтар презентациясы)

2.Көзге арналған жаттығулар.
Компьюшаның әңгімесі:
Көбелек қанатын қалай қағады? Көзімізбен көрсетейікші.
( балалар көзін жиі – жиі ашып жұмады)
Көзімізбен көбелектің ұшу бағытын көрсетейік
( басымызды бұрмай оңға, солға, жоғары, төмен қараймыз) 3-4 рет қайталап көрсету

5. Түсініктерін алғашқы тексеру. Миға шабуыл стратегиясы.


Суретке қарай отырып компьютермен жұмыс істеу кезінде қандай іс-әрекетке тиым салынатыны туралы айтып беруді өтіну.

6. Түсініктерін бекіту.
« Компьюшаның » ертегісі.
Күз айы. Ауа райы қолайсыз, жел соғып, жаңбыр жауып тұрды. Асан асығып мектепке келсе бірінші сабақ информатика екен. Ол су болған сыртқы киімін шешпестен , информатика кабинетіне жүгіріп кірді. Мұғалімге назар аудармастан компьютерді қосты. Қоңырау дауысын ести салысымен асығыс сумкасынан кітап, қалам , дәптерлерін және мамасы салып берген тоқашын да бірге алып пернетақтаның үстіне қойды. Сабақ ортасында Асанның келесі математика сабағы екені және одан есеп шығармай келгені есіне түсті. Асан тыпыршып, қозғалақтап отыра алмады. Соның салдарынан электр тогына қосылған сымды аяғымен қозғап, компьютерді өшіріп алды.

Сұрақтарға жауап беру:
 Асан қанша кате жіберді ?
 Неге сырт киіммен кіруге болмайды ?
 Неге мұғалімнің рұқсатынсыз информатика кабинетіне кіруге болмайды ?
 Неге пернетақтаның үстіне зат қоюға болмайды ?
 Неге жалғасып жатқан электр сымдарына жақындауға болмайды ?

7. « Ой ашар » сергіту сәті.

Егер сендер шаршасаңдар,
Көбелек болып ұшайық,
Секірейік қоян болып,
Суда жүзіп балықтай,
Отырайық асықпай.

8. Дәптермен жұмыс . Түртіп алу стратегиясы

Төмендегі әрекеттердің орындауға болатындарын жасыл қарындашпен, ал орындауға болмайтындарын қызыл қарындашпен бояңдар да, сөйлемдердің мағынасына қарай « болады » немесе « болмайды » сөздерін қосып жазыңдар.

Мұғалімнің рұқсатынсыз
информатика кабинетіне кіруге ...
Компьютер сыныбына
Сабырлықпен кіріп
өзінің жұмыс орнына
отыруға ...Информатика кабинетіне сырт киіммен кіруге ...
Компьютер сыныбына кірерде бір – біріңді есікте
итермелеуге ...
Компьютердің көзге түсетін ақауларын көрсең мұғалімге хабарлауға ...Байланыстырушы сымдардың ажыратылатын жеріне тиісуге ...
Компьютерде жұмыс істеуді
тек мұғалімнің рұқсатымен
бастауға ...
Электр тогымен жалғанған сымдарға тиісуге ... Компьютерде су қолмен жұмыс істеуге ...

9. Қорытындылау. Не білдік? Не үйрендік? Не білгіміз келеді?
Суретпен жұмыс

9. Бағалау « Компьюшаның » сыйлықтары
( Жауап берген балаларға баға жазылған « компьюшаның » суретін таратып беру )

10. Үй тапсырмасы .

Төмендегі әрекеттердің орындауға болатындарын жасыл қарындашпен, ал орындауға болмайтындарын қызыл қарындашпен бояңдар да, сөйлемдердің мағынасына қарай « болады » немесе « болмайды » сөздерін қосып жазыңдар.

Пернетақтаны тоқпақтамай, жай басуға ...
Экранға және монитордың артқы қабырғасына
тиісуге ...Басқа бағдарламаларды рұқсатсыз ашуға ...
Көзден монитор экранының ара қашықтығы 70 см болуына ...
Жұмысты аяқтағаннан кейін жұмыс орнын ретке келтіруге ...Компьютерде жұмыс істеп отырып орныңнан тұруға ...
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қауіпсіздік техникасының ережелері

Қауіпсіздік техникасының ережелері

ДК - де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары: 1. ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК - дің корпусының...
Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру

Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру

Оқушыларды қауіпсіздік техникасының ережелерімен, компьютер сыныбындағы тәртіппен, көз жаттығуларымен, төтенше жағдайдағы іс - әрекет ережелерімен...
Информатика КТЖ 5 сынып

Информатика КТЖ 5 сынып

«Информатика» пәні бойынша күнтізбелік тақырыптық жоспар 5 сынып...
Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру

Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру

Сабақтың мақсаты: Техника қауіпсіздігі ережелерінің маңызын жеткізе отырып, орындалуын қатаң орындауын талап ету. Сабақ міндеттері: Білімділік: Бала...
Есептеуіш техника кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік  техникасының ...

Есептеуіш техника кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ...

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен, компьютер сыныбында өзін - өзі алып жүру ережелерімен, көз жаттығуларымен, төтенше...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×