Сайтқа кіру Тіркелу

Paint (бояу) графикалық редакторы. Графикалық редактордың сурет салу құралдары

Сабақ атауы: Paint (бояу) графикалық редакторы. Графикалық редактордың сурет салу құралдары
Жалпы мақсаты:
- Paint графикалық редакторын ашуды, сурет салу және оны сақтауды білу;
- Редактордың сурет салу құралдарының қызметімен, мүмкіндіктерімен танысу болады.
- Оқушылардың топта, жұпта жұмыс жасау арқылы paint графикалық редакторын бағыттау,
- сурет салу және сақтау туралы білімдерін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: - Редакторды іске қосу жолын және мүмкіндіктерін біледі;
- сурет салу құралдарын пайдаланып редакторда жұмыс жасай алады.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың типі Кіріктірілген сабақ (ағылшын тілі, орыс тілі).
Сабақтың әдіс - тәсілдері: «Миға шабуыл», Перфокарта, практикалық жұмыс, информатикалық диктант

І. Ұйымдастыру. Үш тілде амандасу.
- Қайырлы күн, балалар!
- Добрый день, ребята!
- Good afternoon, children!
Сыныптағы психологиялық ахуалды қалыптастыру, оқушылармен амандасу, түгендеу, топтастыру, бағалау парақтарын тарату, сабақ барысымен таныстыру.

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау.
1. «Түрлі - түсті шарлар» әдісі
бойынша өткен тақырыптардан сұрақ арқылы қайталау
2. Ақпараттың неше түрі бар?
3. Файл және жарлық дегеніміз не?
4. Компьютердің негізгі құралдарын ата
5. Компьютермен адамның арақашықтығы қанша см болу керек.
6. Пернетақта дегеніміз не?
7. Принтер д/з не?

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту
Жаңа тақырып бойынша дайындалған слайдты түсіндіріп шығамын. Топтық тапсырма беремін. Жаңа сөздерді үш тілде таныстырамын:
Салу - вставить - insert
Ерекшелеу - выделить - pick out
Құралдар - инструменты - media
Щетка - кисточка - brush
Фигуралар - фигуры - figures
Көлем - масштаб - scale
Түстер палитрасы - цветовая палитра - color palette

№12 жалпы орта мектеп
Пән мұғалімі: Жорабекова Айнұр

Paint (бояу) графикалық редакторы. Графикалық редактордың сурет салу құралдары. жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×