Сайтқа кіру Тіркелу

Жергілікті желілер

Сабақтың тақырыбы: Жергілікті желілер
Мақсаты:
Білімділік: жергілікті желілердің түрлерін ажырата білуге, мүмкіншілігін түсінуге, салыстыру арқылы оның артықшылығы мен кемшіліктерін білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушыларға жергілікті желі технологияларының топологиялық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін көрсетудің қолданбалы бағытын игерту, ой - өрістерін дамыту, өзіндік іс - әрекетін, шығармашылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды жан - жақты болуға, ізденімпаздыққа, өз бетімен, жұптық жұмыс жасай білуге, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: топтық жарыс, СТО технологиясының элементтерін қолдану
Сабақтың типі: аралас сабақ
Көрнекіліктері: Интерактивті тақта, кеспе қағаздар, слайдттар, өзін - өзі бағалау парағы, трек - конспектілер,
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі 5мин а) оқушылармен амандасу б) оқушыларды түгендеу в) оқушылардың назарын сабаққа аудару
Сабақтың мақсатымен таныстыру ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 1.«Еске түсіру» кезеңі
Топтастыру стратегиясы

ІІІ. Оқушылардың білімін тексеру 5мин
1. Көптеген жергілікті, аймақтық және корпоративтік желілерді біріктіретін ауқымды компьютерлік желі.(интернет желісі) 2. Үлкен қашықтықта және пайдаланушыларды молынан қамтитын есептеуіш желілер (телекоммуникациялық желілер) 3. Бір қала мен ауданда не бір мемлекетте орналасқан мекемелердің өзара біріктіруді қандай желі деп атайды.(аймақтық желілер) 4. Компьютерді желіге телефон желісі арқылы қосу үшін не қажет. (модем) 5. Әр түрлі желілерді байланыстыруды не деп атайды? (шлюз)
6. Интернет қай елде және қашан пайда болды? (1969ж. АҚШ - та қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша)
7. Ұйыммен тұлғаларға интернет қызметін ұсынатын компания.(провайдер)
8. Біздің провайдеріміз кім? (қазақтелеком)
Ү. Жаңа сабақ түсіндіру. «Түртіп алу» кезеңі 15 мин Жергілікті желі - бірнеше компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады.
Жергілікті желі шектеулі аймақтағы (бір бөлмеде, бір мекемеде, ) компьютерлерді біріктіреді. Жергілікті желі құрудағы себеп - өндірістік процестерді автоматтандыру, әр түрлі құжаттарды жедел өңдеу. Жергілікті желіге қосылған әрбір компьютер арнайы тақшамен (желілік адаптер) жабдықталуы керек. Компьютерлер(желілік адаптерлер) бір - бірімен кабельдер арқылы байланысады. Кабельдердің бірнеше түрлері бар: есілген қоссым, коаксидальды, оптоталшық.
Желілік адаптер - компьютердің байланыс желісімен сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін құрылғы. Кең таралған адаптерлерлерге: Ethernet, Token Ring, Ark Nett типтері жатады. Ақпарат байланыс тораптары арқылы сандық түрде беріледі. Байланыс желінің сымды және сымсыз түрлері бар.
Желілік құрылғыларға – концентратор мен коммутаторлар жатады. Олар мәлімет алмасу сапасын жақсартады және мәліметтерді таратудың әр түрлі стандартарын қолданатын желінің әр түрлі бөліктерін біріктіреді. Екі компьютерді желіге қосудың – тікелей кабельдік жалғау деп аталатын қарапайым әрі тиімді тәсілі бар. Бұл жағдайда қосымша желілік құрылғылардың керегі жоқ: компьютерлер бір біріне параллель немесе тізбекті порттары арқылы қосылады. Тікелей жалғауда компьютерлердің бірі - жетекші, екіншісі жетекте болады. Жетекші компьютерден жетектегі компьютердің папкаларына, дискісіне, принтеріне қатынасты қамтамасыз етеді.
Жергілікті желінің екі түрі бар: клиент - сервер және бірдеңгейлі (бір рангілі), яғни тең дәрежелі желі. БІР ОРТАЛЫҚТАН БАСҚАРЫЛАТЫН ЖЕЛІНІ «Клиент - сервер» желісі деп те айтады:
Клиент – өзіне қызмет көрсетуді сұрайтын объект (компьютер немесе программа).
Сервер – басқаға қызмет көрсететін объект. Егер желіде оны басқаруға арнайы бөлінген файлдық сервер деп аталатын қуатты компьютер бар болса, онда олар клиент – сервер түріне жатады. Сервер ортақ пайдалануға арналған барлық ресурстарды қамтитын компьютер. Ортақ ресурстар деп электрондық пошта, факс, модем, принтерлерді атайды.
Бірдеңгейлі желілер
Жергілікті желідегі компьютерлердің бір - бірімен геометриялық байланысу тәсілі топология деп аталады.
Шиналық топология Сақина топология Жұлдыз топологиясы Ақшақар топологиясы

1. Ең қарапайым топология түрі - шина. Мұндай желіде барлық компьютерлер тізбекті түрде бір кабельге жалғанады.
2. Сақина топологиясы деп аталатын желі байланысында барлық компьютерлер тұйық сақина түріндегі кабельге жалғанады.
3. Файлдық серверлерге негізделген желіде компьютер бір - бірімен жұлдыз схемасы түрінде жалғанады.
4. Құрылғылардың құрамы мен программалық жабдығы топологияға байланысты анықталады. Желі топологиясын мекеменің қажетіне қарай таңдап алады. Егер мекеме көп қабатты үйде орналасса, онда оның әр қабатындағы жеке серверін байланыстыратын бүкіл мекемеге ортақ бір сервер беріліп, оны ақшақар (снежинка) схемасы деп атайды, көбінесе осы топологияны пайдаланған тиімді.
Жергілікті желіні атқаратын қызметі

ҮІ. Сабақты түсінгенің тексеру 5мин
«Сүреттерді табайық» ойыны
Кубизм стратегиясы. Шарты: Кубик лақтырып, түскен санын таңдау керек.

ҮІІ. Бекіту
5. «Әр сұраққа бір жауап» кезеңі 5мин
Информатикалық диктант
Компьютерлік желілер............... мен мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. (масштабы)
Компьютерді желіге телефон желісі арқылы қосу үшін желілік тақша емес........ қажет.(модем)
Желілік құрылғыларға............. мен................... жатады.(концентратор, коммутатор)
Жергілікті желінің...... түрі бар:................. және.................( клиент - сервер, бір рангілі)
Жергілікті желідегі компьютерлердің бір - бірімен геометриялық байланысу тәсілі................ деп аталады.(топология)
Ең қарапайым топология........ (шина)
ҮІІІ. Бағалау және үйге тапсырма
«Білім шыңы» кезеңі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Компьютерлік байланыстың  негізгі  түрлері,  жергілікті желі. Ауқымды компь ...

Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері, жергілікті желі. Ауқымды компь ...

Компьютерлік желінің түрлері туралы түсінік алады. Байланыс хаттамалары мен желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялар мен танысады....
Интернет. Интернете ақпаратты іздеу. Электрондық пошта

Интернет. Интернете ақпаратты іздеу. Электрондық пошта

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе - 1 кентіндегі Н. Жұбаев атындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Тұралы Амангүл Шыңғысқызы...
компьютерлік желілер

компьютерлік желілер

Сабақтың жалпы мақсаты: Оқушылар компьютерлік желілердің жасалу мақсатын біледі, желілердің түрлерін ажыратады, желілердің типтері қай мақсатта...
Ауқымды компьютерлік желі, Интернет

Ауқымды компьютерлік желі, Интернет

Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінің Информатика пәні мұғалімі Абезова Алия Өмірбекқызы...
Желі топологиясы

Желі топологиясы

Дәріс №1 Тақырыбы: Кіріспе. Компьютерлік тораптарын жіктелуі. «Компьютерлік тораптар» пәнінің мақсаты компьютерлік тораптардың ұйымдастырылуы мен...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×