Сайтқа кіру Тіркелу

Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер

Сабақтың тақырыбы: Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер. (слайдымен)
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: Органикалық заттардың құрамында оттек бар жаңа тармағы туралы түсінік бере отырып, функционалдық топ ұғымына анықтама беру. Оқушыларға оттекті органикалық қосылыстардың негізгі қасиеттерімен таныстыру, молекулалық байланыстың ерекшелігін түсіндіру, спирттер туралы ұғым қалыптастыру.
Б) дамытушылық: Заттардың қасиеттері олардың құрылысына тәуелді екендігіне көз жеткізу, құрылысындағы, қасиеттеріндегі негізгі ерекшеліктерін ажырата білу қабілетін дамыту.
В) тәрбиелілік: салауатты өмір салтын насихаттау, спирт өнімдерінің құрамындағы химиялық заттардың адам денсаулығы үшін маңызын көрсету.
Сабақтың типі: Жаңа материалды игеру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтағы тәсілдер мен әдістер: түсіндіру, сұрау, есептер шығару, интерактивті әдіс, СТО әдісінің элементтері, тәжірибелер
Құрал - жабдықтар: «Спирттер» презентация, бейнероликтер, флипчарт, интерактивті тақта, есептер жинағы, шар стерженьді модельдер суреттері, кеспе қағаздары
Сабақтың байланысы: күнделікті өмірмен, медицинамен, физикамен, математикамен, қазақ тілімен;
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. “Қызығушылықты ояту»
IV. “Мағынаны тану”
V. “Ой толғау”
VI. Бағалау
VIІ. Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, зейінін сабаққа аудару.
Сергіту сәті:
«Мен қазақпын» жаттығуы

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1 - тапсырма.
1. Көмірсутектер дегеніміз не, олардың түрлері?
Көмірсутектер – құрамына тек қана екі элемент: көміртек пен сутек атомдары кіретін органикалық қосылыстар.
«Қазақстандағы мұнай, газ және көмір өнеркәсібінің дамуы»тақырыбы бойынша оқушыларға сұрақ қойылады:
1. Мұнай елімізде бірінші рет 1899 жылы Қарашүңгілдегі қай кен орнындағы мұнай ұңғысынан (скважина) атқылады? (Ембі).
2. Табиғи газ “табиғи газ гидраттары” түрінде не күйінде кездеседі?(Кристалл).
3. Калориясы жоғары, тасымалдануы жеңіл, бағалы химиялық шикізат(Газ).
4. Көмірдің тек жоғары сатыдағы өсімдік қалдықтарынан тұратын генетикалық тобы (Гумолиттер).
5. Қазақстанда тас көмір мен қоңыр көмірдің қанша алабы және қанша кен орны бар.(400)
6. Маңызы жағынан екінші орынды қай көмір алабы алады?(Екібастұз)
7. Мұнай мен газдың мол қоры Қазақстанның қай аймақтарында шоғырланған?(Атырау)
8. Қазіргі таңда мұнайды басқаша қалай атайды?
(Қара алтын).
9. Мұнай өз бойынан электр тоғын өткізбейді. Сондықтан ол электроникада не ретінде қолданылады?(Изолятор)
10. 1930 - жылы қай қалада алғашқы 4 шахта ашылды? (Қарағанды)

ІІІ.“Қызығушылықты ояту”
«Жанбайтын орамал”тәжірибесі
Құрал жабдықтар: мақталы матадан жасалған қол орамал, этил спирті, ұстағыш, шырпы.
Ең алдымен қол орамалды суға батырып аламыз да, оны кішкене сығамыз, содан кейін орамалды жақсылап спиртпен қанықтырып аламыз.
Қол орамалды бір қысып аламыз да, қолды алға созған күйде орамалға шырпыны жақындатамыз (тәжірибені екі адам орындау тиіс). Спирт бірден жанады орамал жанып жатқандай көрініс болады. Бірақ, жану тоқталады, ал орамал өз күйін сақтап, бүлінбейді.
Осы тәжірибеде не байқадық?
Бұл тәжірибенің маңызы жаңа сабақ барысында түсіндіріледі
(Себебі, сулы орамалдың жану температурасы, спирттің жану температурасынан әлдеқайда жоғары).

IV. “Мағынаны тану”
Сендер осыған дейін көміртек және сутектен ғана түзілген қосылыстар – көмірсутектер жайлы оқып - үйрендіңдер. Енді молекула құрамына оттек атомдары кіретін оттекті органикалық қосылыстармен танысасыңдар. Оттекті органикалық қосылыстар құрамында оттек бар функционалдық топтарға байланысты әртүрлі заттар қатарын түзеді.
Спирттер — құрамындағы сутек атомдары бір немесе бірнеше гидроксил топтарымен алмасқан көмірсутектің туындылары.

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы,
Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі
Химия - биология пәні оқытушысы, топ кураторы
Ергалиева Назгуль Муратовна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Органикалық заттар: көмірсулар, нәруыздар, нуклеин қышқылдары, АТФ, липидте ...

Органикалық заттар: көмірсулар, нәруыздар, нуклеин қышқылдары, АТФ, липидте ...

Органикалық заттар көп болғанымен, бір ерекшелігі – құрамына санаулы ғана элементтер кіреді. Ең қарапайым органикалық қосылыстар екі элементтен –...
Отынның энергиясы

Отынның энергиясы

Денені қыздыруға қажетті энергияны отын жаққанда алады. Қарапайым отын – көмір, мұнай, бензин және тағы басқаларының құрамында көміртек бар. Жану...
Спирттердің қасиеттері

Спирттердің қасиеттері

Қалыпты температурада С10 - ға дейінгі спирттер - сұйық, С11 - ден бастап - қатты заттар. Алғашқы үшеуі сумен кез келген мөлшерде араласады....
Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы. Механикалық және жылу проце ...

Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы. Механикалық және жылу проце ...

Қарағанды қаласы, № 6 ЖББОМ Физика пәнінің мұғалімі Жусупбекова С. И...
Мұнай және мұнай өнімдері

Мұнай және мұнай өнімдері

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі №266 мектеп – лицейдің химия пәнінің мұғалімі Демеубаева Әсем Көбейсінқызы Сабақтың...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×