Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Аминдер. Амин қышқылдары

Талдықорған қаласы,
Талдықорған гуманитарлық - техникалық колледжі
Химия және биология пәнінің оқытушысы
Ахметова Жаннэль Абилдақызы

Тақырып: Аминдер. Амин қышқылдары

Білімділік: Білім алушыларға аминдер, амин қышқылдары, олардың түрлері, алыну әдістері, химиялық қасиеттері және маңызы туралы мейлінше кең мағлұмат беру;
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Аминдер, аминқышқылдары, нәруыздар туралы білімдерін жетілдіре келе, іскерлік дағдылары мен қабілеттерін дамытып, пәнге деген қызығушылығын, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын арттыру
Тәрбиелік: Білім алушыларды өз бетінше ізденімпаздыққа, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, еңбектенуге, өзара білімдерін тексеріп бағалауға, адамгершілікпен ұжымды қарым – қатынас жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдісі: сатылай кешенді талдау технологиясы, « Ойланудың алты қалпақ» әдісі, ойын
элементтері.
Пәнаралық байланыс: биология
Көрнекті құралдар: интербелсенді тақта. Д. И. Менделеевтің периодтық кестесі. Қажетті реактивтер мен құрал – жабдықтар: мыс (ІІ) сульфаты, азот қышқылы, натрий гидроксиді, сүт, ет, жұмыртқа, су, сынауықтар, спирт шамы.

Сабақты жүргізу кезеңдері
I. Ұйымдастыру кезеңі
• Білім алушылармен сәлемдесу;
• Білім алушыларды түгендеу;
• Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
• Білім алушылардың назарын сабаққа аудару (ой ашар)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (тексеру)
1 - тапсырма. «Іздеген жете мұратқа». Флипчартта «Көмірсулар» тақырыбына байланысты тапсырмалар берілген. Көмірсулардың қай түріне жататынын анықтау.
2 - тапсырма:
Интербелсенді тақтада көмірсулар берілген өздеріне сәйкес суреттерді орнына қою

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Аминдер. Амин қышқылдары
Алынуы
Физикалық қасиеттері
Химиялық қасиеттері
Қосылыстары
Биологиялық рөлі
Қолданылуы

Аминдер дегеніміз - молекуласындағы бір немесе бірнеше сутек атомы көмірсутек радикалына алмасқан аммиактың туындылары.
Алу жолдары.
1. Аминдерді нитроқосылыстарды катализатор (Pt, Pd, Ni) қатысында тотықсыздандырып алады:

Физикалық қасиеттері: Аминдерлің жеңіл өкілдері – газ тәрізді, аммиактың иісіндей иісі бар заттар. Суда жақсы ериді. Ал молекулалық массалары ауыр өкілдері сұйық немесе қатты күйде болады. Молекулалық массаларының артуымен бірге суда ерігіштіктері кемиді.

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету