Сайтқа кіру Тіркелу

Металдар тақырыбын қорытындылау, қайталау

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы,
Келдімұрат ауылы, «Благодарное орта мектебі» КММ,
І санатты химия пәнінің мұғалімі
Боранбаева Бақтыгүл Боранбайқызы

Сабақтың тақырыбы: «Металдар» тақырыбын қорытындылау, қайталау.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік мақсаты: Оқушылардың металдар туралы алған білімдерін толықтырып, жинақтап, қорытындылау.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың теориялық білімдерін өмірмен байланыстыра отырып, шығармашылық жұмысқа баулу. Сандық есептер шығару дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын басшылыққа ала отырып, жеріміздің байлығын игерудің жолдарын көрсетіп, әлемдік экономикадағы еліміздің әлеуметтік мүмкіндіктеріне көз жеткізіп, оқушылардың білімге құштарлығын қалыптастыру.
Сабақтың типі: Білімді бекіту сабағы.
Сабақтың түрі: Қайталау, қорытындылау сабағы.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Химиялық жұмбақтар.
1. Күмістей түсі жылтыр, өзі суық
Буланбас қайнатсаң да отынды үйіп
Көрсететін суықты жылуды анық
Қандай зат құрал жасар оны құйып

2. Сұрғылт түсті кәдімгі металмын
Механикалық әсерге берілмейтін қаталмын
Негізгі пәтерім 24 - көшеде болса да
Кендерім Мұғалжар тауында жатырмын.

3. Болмаса да айтарлықтай салмағым
Мен көбінен ардақтымын алдамын
Ұшақ болып аспанға ұшып қалықтап
Жердің жүзін көк аспанды шарладым
Қымбат болдым алтыннан да ертеде.

4. Ақ металл айналады су бетінде тыным таппай
Бейне бір жүргендей – ақ ол өзіне орын таппай

Сұрақ:
Бұл жұмбақтардың барлығы қандай заттар туралы? Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «металдар»

Ой қозғау сұрақтары:
1. Металдар Менделеев жасаған Химиялық элементтердің периодтық жүйесінде қалай орналасқан?
2. Металдардың атом құрылысының ерекшеліктері...
3. Металдардағы химиялық байланыс түрі...
4. Металдық кристалл торларының типтері...
5. Металдардың валенттік пен тотығу дәрежелері...

Ендігі сөз кезегін болашақ мамандарға берейік.
Оқушылар 5 топқа бөлінеді.
1. «Тарихшылар мен географтар»
2. «Металлургтер»
3. «Химиктер»
4. «Биологтар»
5. «Аналитиктер»
«Тарихшылар мен географтар» тобы өздерінің дайындаған мәліметтерін айтып, қалған 4 топқа «Сәйкесін тап» ойынын ұсынады.

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
ХЭПЖ s-элементтерінің орны, атом құрылысының ерекшелігі

ХЭПЖ s-элементтерінің орны, атом құрылысының ерекшелігі

Оқу мақсаты: Оқушылардың металдардың жалпы сипаттамасы тарауынан алған білімдерін периодтық жүйедегі s – элементтердің периодтық жүйедегі орны туралы...
Металдар мен қорытпалар

Металдар мен қорытпалар

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік мақсаты: металдар және қорытпалар жайлы түсінік беру ә) Дамытушылық мақсаты: металдардың түрлері, бұйымдар мен...
Химиялық биатлон

Химиялық биатлон

Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру шапшаңдылыққа, ептілікке, ұйымшылдыққа баулу мақсатында Химия пәнін спорттық ойындармен байланыстыра отырып,...
Сандық есептер

Сандық есептер

Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың металдардың жалпы қасиеттері тарауы бойынша алған білімдерін жүйелеу және қорытындылау Дамытушылық:...
Металдардың жемірілуі және онымен күресу жолдары

Металдардың жемірілуі және онымен күресу жолдары

Райымбек ауданы №2 Кеген орта мектебі Химия пәнінің мұғалімі: Намазбаева Айжамал Амантұрқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×