Сайтқа кіру Тіркелу

Химиялық биатлон

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы,
Келдімұрат ауылы, «Благодарное орта мектебі» КММ,
І санатты химия пәнінің мұғалімі
Боранбаева Бақтыгүл Боранбайқызы

Тақырыбы: Химиялық биатлон
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру шапшаңдылыққа, ептілікке, ұйымшылдыққа баулу мақсатында Химия пәнін спорттық ойындармен байланыстыра отырып, «Биатлон» көпсайысының ережесімен сыныптан тыс «Химиялық биатлон» өткіземіз.
Химия пәнінен өтетін класс оқушылары 3 топқа бөлінді. Әр топта 7 оқушы болады. Ойын ережесіне сәйкес әр топтан 3 оқушы нысанадағы шарды көздеп тигізсе шардың ішіндегі заттардың қасиеттері мен қолдануларына байланысты сұрақтарға жауап беріп ұпай алады.
Ойынның ІІ кезеңінде белгілі қашықты жүгіріп өту керек. Осыған сәйкес команда мүшелері реакциялар тізбегіндегі бір реакция теңдеуін жазып, команданың келесі мүшесіне береді. Команданың ең соңғы мүшесі қазылар алқасына өткізеді. Әр реакция теңдеуіне ұпай беріліп, уақытты тиімді пайдаланған командаға қосымша ұпай беріледі.
Ойынның ІІІ кезеңінде мәреге әр командадан бірінші болып жеткен 3 оқушы арнайы дайындалған нысананы көздеп тигізсе ғалымдардың еңбектеріне байланысты сұрақтарға жауап беріп, ұпай алады.

Химия күні! «Биатлон сайысы»
1 - жүргізуші.
Қызық думан өміріміз ғаламат,
Қас қаққанша жаңа қала, жаңа бақ.
Қыруар істің қайысында болса да,
Құдіретті химия жүр аралап.

2 - жүргізуші.
Жарқырап күн көзіндей болашағы,
Химия қиындықпен таласады.
Химия ырыс - құтты көкке шырқай,
Ертеңгі болашаққа жол ашады.

1 - жүргізіші.
Ғажайып нәрсе химия,
Тұңғиық сыры әр алуан.
Жоғалып бір зат зым - зия,
Жаңалап бір зат жаралған.

2 - жүргізуші.
Ақыл тон аңдығанға тозбайтұғын,
Білім кең қанша болса азбайтұғын.
Қатарынан оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауыруы не қозбайтұғын.

1 - жүргізуші.
Білімді мыңды жығады,
Білекті бірді жығады.
Алдағы білім шыңына,
Ең білімді топ шығады.

2 - жүргізуші.
Тек сәттілік қатысыңыздар сайысқа,
Мықты болсаң қабырғаңмен қайыспа.
Оқу және білім керек қашанда,
Ол болмаса, сайыс деген сайыс па.

1 - жүргізуші.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді білікті жас жеткіншек!

Тапқырлар. Тапқырлықта көп сыр бар!
Болашақ. Бар ізгілік тек білімнен алынар, Химиямен болашаққа жол салынар!
Білгірлер. Білген сайын келеді біле бергім, Біле беру емес пе, тілегі елдің!

Нысана ату
1. Ақ металл айналады тыным таппай,
Жүргенде су бетінде орын таппай.
Аяздан соң суға сіңіп жоқ болады,
Оқушым, ал ойланғын, қойма таппай.(Натрий)

2. Сыныптан бір шықпайды,
Тимесеңіз жұқпайды.
Жәрдемісіз бұл заттың,
Оқушы сабақ ұқпайды.(Бор)

3. Мұғалімнің бірінші керегі,
Ол жоқ болса, қайда дер.
Формуласын бұл тұздың,
Қане, айтып жіберші?(CaCO3)

4. Қара металлургияның нанымын,
Машина, трактордың жанымын.
7 - ші қосымша топшада болсам да,
Металл атаулының ең көп қолданатын санымын.(Темір)

5. Болмасам да айтарлықтай салмағым,
Мен көбінен ардақтымын, алдамын.
Ұшақ болып аспанға ұшып қалықтап,
Жердің жүзін, көк аспанды шарладым.
Қымбат болдым алтыннанда ертеде (Алюминий)

6. Күмістей түсі жылтыр өзі сұйық,
Буланбас қайнатсаң да отынды үйіп.
Көрсетіп сұйықты, Жылудағы анық,
Қандай зат құрал жасар оны құйып.(Сынап)

7. Құрғақ жерде сақтайсың,
Онсыз тамақ татпайсың.(Тұз)

8. Қыздырып соқсақ иленеді,
Балға мен төстен именеді.(Темір)

9. От көмір жейді,
Тот.. жейді. (Темір)

«Арнайы дайындалған нысана ату»
1. Атомның планетардық моделін ашқан кім? (Е. Резерфорд)
2. Оттек элементтін ашқан кім? (К. Шееле)
3. Сутек элементтін ашқан кім? (Кавендиш)
4. Химиялық элементтердің периодтық жүйесін ашқан кім? (Д. И. Менделеев)
5. Газдардың көлемдік қатынастар заңын ашқан кім? (Гей - Люссак)
6. Элертролиттік диссоциациялануды ашқан кім? (С. Аррениус)
7. Азот элементін қай жылы, кім ашты? (1772 жылы Д. Резерфорд)
8. Протон бөлшегін ашқан ғалым? (Д. Чедвик)
9. Зат массасының сақталу заңын ашқан кім? М. В. Ломоносов

1 - жүргізуші.
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына
Дарындылық пен тапқырлық
Жеткізеді сіздерді
Жаратылыстану сырына!
Дей келе сөз әділ қазылар алқасына беріледі. Әділқазылар алқасы ойынның нәтижесін шығарып, жеңімпаздарды анықтайды.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×