Сайтқа кіру Тіркелу

Химиялық ұғымдар

Алматы облысы, Райымбек ауданы
№3Кеген орта мектебі МДШО» КММ
химия пәні мұғалімі Мухамдиев Акпаржан

Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Химиялық ұғымдар.
Сабақтың білім беру мақсаты: Ойша саяхат арқылы оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін жүйелеу, іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілетін ойша саяхат арқылы дамыту, ойлау жүйесін тереңдету, химия тілінде сөйлеуге үйрету. Реакция теңдеулерді құру теңестіру, есептер шығару, өз бетінше сөйлеуге шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Топпен жұмыс жүргізу барысында бірлесіп жұмыс жасау арқылы жауапкершілікке, іскерлікке баули отырып, жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ойша саяхат сабағы.
Сабақтың әдіс тәсілі: Модульдік интерактивті оқыту технологиясын пайдалану. Топтық жұмыс, жекелей тапсырмалар.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасы картасы, тапсырмалар, үлестірмелер, суреттер.
Ұйымдастыру.
5 оқушыдан тұратын 4 топ құру.
Әр топта 1 саяхат жүргізуші.
Үлестірмелі тапсырмалар.
Сары, жасыл, көк түсті 3 деңгейлік тапсырмалар.
Жетондар.
Сұрақтар мен жауаптар.
Жауап парағы.

Ашық саяхат Көмірші кентінен басталады.
Әр бекетте Химиялық ұғымдар тарауы бойынша тапсырмалар беріледі.
№ 1 - тапсырма.
Менен сұрақ, сізден жауап.
1 Химия пәні нені зерттейді?
2 Таза заттар деп қандай заттарды айтамыз. Қоспалар дегеніміз не?
3 Атом деген не? Молекула дегеніміз не?
4 Жай заттар дегеніміз не?
5 Күрделі заттар дегеніміз не?
6 Валенттілік дегеніміз не?
7 Зат массасының сақталу заңы. «Табиғатта болатың күрделі өзгерістердің мәні мынадай: бір денеден қанша кемісе, басқасына сонша қосылады, яғни бір жерден қанша материя азайса басқа жерден ол сонша көбейеді» деп орыстың (ұлы оқымыстысы, ұлы ғалымы
М. В Ломоносов 1748 ж жазған. Қалай түсінесіңдер?
Реторта тәжірибе
8 Атом молекулалық теорияның негізін салған кім?
9 Реагент деген не?
10 Өнім деген не?
11 Авогадро саны NA, өлшемі моль, кез келген заттың 1 молінде қанша молекула бар?
12 Химиялық реакцияның типтері
Жауап берген оқушыларға фишка беріледі көк «5»
жасыл «4»
сары «3»

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×