Сайтқа кіру Тіркелу

Алкандардың алынуы, қасиеттері, таралуы

Қызылорда облысы Әйтеке би кентіндегі
№266 мектеп лицейдің химия пәнінің мұғалімі
Демеубаева Әсем Көбейсінқызы

Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға алкандардың алынуын, физикалық, химиялық қасиеттерін және таралуын меңгерте отырып, химиялық реакция теңдеулерін сауатты жазуға
дағдыландыру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқуға саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу. Тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Белсенділіктерін арттыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді игерту сабағы.

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі сұрақ-жауап, ой-толғаныс. Репродуктивті кестелермен жұмыс. Іскерлік ойындар.

Сабақтың көрнекіліктері: 1. Интерактивтік тақта
2. Дидактикалық ойын «Химиялық суреттер».
3. Зертханалық құрал-жабдықтар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгелдеу.
3. Сабаққа қажетті құралдарын түгелдеп, дұрыс отыруына назар аудару.

II. Үй тапсырмасын сұрау:

1. «Даналық ағашы» іскерлік ойыны.
Бұл ойында оқушылар жеміс ағашындағы жемістерді алу арқылы өздеріне ұпай яғни фишка жинайды.
Ең көп ұпай санын жинаған оқушыға жеміс ағашының ең ұшындағы «Білім кілті» табыс етіледі. Яғни «5» деген бағаны иемденеді. Қалған оқушылар жинаған ұпай санына қарай бағаланады.

«Даналық ағашы» іскерлік ойынының сұрақтары:
1.Алкандарды басқаша қалай атауға болады ? Не себепті?
2. Алкандар неге қаныққан көмірсутектер деп аталады?
3. Гамологтар дегеніміз не?
4. Гомологтық қатар дегеніміз не?
Келесі сұрақ тәжірибе сұрақ:
5. Белгісіз қаныққан көмірсутектің молекулалық моделі берілген.
Сұрақ: Малекулалық моделъ арқылы қаныққан көмірсутекті табу және оның изомері құрастыру.
6. Келесі сұрақ «Бейне сұрақ»
Бірінші сұрақты қоятын ауданымыздағы Жанқожа батыр атындағы №70 мектептің химия пәнінің мұғалімі: Қаймақбай Күміс апай.
Сұрақ: Қаныққан көмірсутектердің барлығында көміртегі атомының тотығу дәрежесі бірдей емес, мысалы: метан молекуласында -4;
Ал этан молекуласында көміртегі қандай тотығу дәрежесіне тең?
Жауабы: -3;
7 Екінші бейне сұрақты мектебіміздің химия-биология пәнінің мұғалімі Ізбан Нұрсұлу апай қояды.
Сұрақ: 2-метил 4-этил гександа қанша изомер бар? Жауабы: екі изомер бар.

2. Химиялық сурет
Келесі үй тапсырмасын сұраудың шарты сурет бейнеленген химиялық құбылысты табу. (презентацияда көрсетілген)

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру барысы:
• Алкандардың алынуы
• Алкандардың қасиеттері
• Алкандардың таралуы

Алкандарды алудың төрт түрлі әдісі белгілі:
Алкандар негізінен табиғатта кездеседі. Газ тәрізді алкандарды табиғи мұнайға серіктес газдардан шығады. Сұйық алкандарды мұнайдың, қатты алкандар мұнай мен озокериттің құрамы да болады. Сонымен қатар алкандарды синтездеп алудың бірнеше жолдары бар.

1. Алкандарды зертханада қанықпаған көмірсутектерді өршіткілері қатысында гидрлеп алады:
Н2С= СН2 + Н2Н3С-СН3
Этилен Этан

2. Вюрц реакциясы бойынша,алкандардың гологентуындыларына металл натриймен әсер етіп алады:
СН3СL+2Na C2H6+2NaCL
Егер Вюрц реакциясына әр түрлі алкандардың гологентуындыларының қатысында жүргізілсе, алкандардың қоспасы түзіледі.Мысалы,йодметан мен йодэтанның қатысында Вюрц реакциясы нәтижесінде этан, пропан және бутанның түзілуі мүмкін.

3. Алкандарды көмірді гидрлеу арқылы да алуға болады. Бұл реакция жай заттардың (бейорганикалық) органикалық қосылыстарға өту мүмкіндігін сипаттайды. Реакция 5000С температура шамасында, өршіткі (темір оксиді)қатысында жүреді:
nCO+(2n+1)H2CnH2n+2+nH2O

4. Метанды зертханада натрий ацетаты мен натрий гидроксидін балқытып алады:
Алкандар табиғатта көп таралған көмірсутектер. Оларды табиғи газдан және мұнайды фракциялап айдап бөліп алады. Олар қаныққан көмірсутектер. Құрамындағы көміртегі атомдары өзара тек дара байланыстар арқылы жалғасқан.

Алкандардың физикалық қасиеттері.
Алкандар молекулалық қатарында салыстырмалы атомдық массаларының өсуіне байланысты балқу және қайнау температуралары мен тығыздықтары біртіндеп артады.
Гомологтық қатардағы заттардың қасиеттері ұқсас болады және белгілі бір басқа мүшелерінің қасиеттерін болжауға болады.Сонымен қатар гомологтық қатарларда диалектиканың сан өзгерісіне ауысу заңы айқын байқалады.

Химиялық қасиеттері:
Алкандар орынбасу,айырылу, изомерлену және тотығу реакцияларына түседі. Алкандардың басқа көмірсутектермен салыстырғанда бір ерекшелігі – олардың құрамындағы көміртек атомдарының валентіліктеріне толығымен сутек атомдарымен қаныққан. Сондықтан алкандар қосылу реакциясына түспейді.

Орынбасу реакциялары:
1.Галогендену реакциялары – алкандардың практикалық маңызды реакцияларының бірі, жарықтың немесе жоғарғы температураның әсерінен іске асады.Жарықтың әсерінен жүретін реакциялар фотохимиялық реакциялар деп аталады. Алкандардың гологендермен орынбасу реакциялары хлормен жеңіл,броммен қиындау, йодпен қиын жүреді. Ал фтормен қопарылыс түзе жүретін болғандықтан, реакцияны инертті газ қатысында сұйылтып жүргізеді. Сутектің орнын гологендерге алмастырғанда, алкандардың гологентуындылары түзіледі:
СН2+CL2СН3CL+НCL
СН3CL+CL2 СН2CL+НCL
СН2CL+CL2 СНCL3+СНCL3+ НCL
СНCL3+ CL2С CL4+ НCL
2. Нитрлеу реакциясы.
Бұл реакцияны орыс ғалымы М.И.Конавалов(1888ж) ашқандықтан, Конавалов реакциясы деп аталады:
С2Н6+ HNO3 С2Н5 NO2+ H2O
3. Айырылу реакциясы.
СН4С+2Н2
4. Риформинг реакциялары нәтижесінде алкандар ароматты көмірсутектерге, мысалы, гексан бензолға айналады:
С6Н14 С6Н6+4Н2
5. Изомерлену реакциялары барысында көміртектің арасындағы байланыстары үзіліп, түзу көміртек тізбегі тармақталады. Бұл үрдіс өршіткі қатысында және қыздырғанда жүреді.
6. Тотығу реакциялары: Жану реакциясы
СН4+ 2О2СО2+4Н2

Метанның таралуы:
• Батпақты суларда
• Өсімдіктер мен жануарлар организмінде
• Табиғи газдың құрамында

IV.Жаңа сабақты бекіту:
1. Баламалы тест метан мен пропанды салыстыру арқылы оқушылардың білімдерін нақтылау. Дұрыс жауапқа «+» дұрыс емес жауапқа «-» белгілері қойылады.
Сұрақтары:
•«Батпақ газы» деген атауға ие болған газ.
•Отын ретінде қолданылатын газ.
•Табиғи газдың құрамында болады.
•«Сығылған газ» немесе «балон газы» деп аталады.
•Мұнайға серік газдың құрамында бар.
•Шахтадағы жарылысты туғызатын газ.
•Қандай газ қызыл жолақты цистерналар арқылы тасымалданады.
2.«Химиялық сурет» арқылы алкандарға тән химиялық реакция типін анықтау керек.

V.Оқушыларды бағалау.
VІ.Үйге тапсырма: §3,3-§3,4 15-16 есептер.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×