Сайтқа кіру Тіркелу

Білімділер додасы

Іс - шараның тақырыбы: «Білімділер додасы»
Іс - шараның мақсаты: Зияткерлік сайыс «Білімділер додасы» білім додасы арқылы оқушылардың білімдерін жүйелендіру, пәнге деген біртұтас көзқарас қалыптастыру және қызығушылықтарын арттыру;
Шараның міндеттері: білімділік сайыс арқылы оқушылардың білімдерін тексеру, логикалық ойлау мен зертханалық жұмыстарды орындау қабілеттерін бақылау;
дамытушылық қызықты тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін дамыту, ойлау қабілетін дамыту, өз ойларын көпшіліктің алдында жүйелеп, еркін жеткізуге үйрету;
тәрбиелік еңбек сүйгіштікке, ой еңбегіне, шапшаңдыққа, топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу және қосымша материалдар арқылы эстетикалық тәрбие беру;
Қолданылатын әдіс - тәсілдер:
Типі: білімдік шара
Түрі: сайыс
Көрнекілігі: презентациялар
Өткізілетін орны: салтанат залы
Қатысушылар: «Бақылау, өлшеу аспаптары және автоматикасы» 11, 12 топ студенттері, әділ - қазылар мүшелері және химия пәнінің оқытушысы Далеуова А. А.
«Жедел химиялық жәрдем» білім сайысының өту жоспары:
1. тур: 2 топ өздерін таныстырады, максималды ұпай саны - 20.
2. химиялық тақырыпта көрініс (әзіл - қалжың рұқсат етіледі) – 20 ұпай.
3 - тур: берілген 10 сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 20 ұпайдан беріледі.
4 - тур: Презентацияда берілген 6 колбаның біреуін таңдап берілген сұраққа жауап береді. (Тәжірибелік сұрақ) Дұрыс жауапқа 30 ұпай беріледі.
5 - тур: Әр топ кезек – кезек 1 - 8 сұрақтар арлығында таңдау жасап, өздері «ставка» қояды, сұрақ оқылғаннан кейін жауап береді, жауап дұрыс болса ұпай қосылады, егер қате болса шегеріледі.
Қорытындылау: Сабақтың қорытындысын әділқазы мүшелері береді.
«Білімділер додасы»
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен студенттер! Айналамыздағы заттар мен құбылыстарға назар аударайықшы, бізді қоршаған табиғат химиялық заттар мен құбылыстарға толы. Таңғажайып әлем, солай емес пе?!
Міне, осындай сиқырлы сыры мол химия пәнінен «Бақылау, өлшеу аспаптары және автоматикасы» 11, 12 топтар арасында өткізілетін зияткерлік сайыс «Жедел химиялық жәрдем» білім додасына қош келдіңіздер!
Ойын шаттарымен таныс болыңыздар
Ойынға 2 топ қатысады, 1 - 2 - тур таныстыру және химиялық тақырыптағы көріністер (әзіл - қалжың рұқсат етіледі), максималды ұпай саны — 20. 3 – турда берілген 10 сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 20 ұпайдан аласыздар. 4 турда – презентацияда берілген 6 колбаның біреуін таңдап берілген сұраққа жауап береді. Дұрыс жауапқа 30 ұпай беріледі. 5 — Әр топ кезек – кезек 1 - 8 сұрақтар арлығында таңдау жасап, өздері «ставка» қояды, сұрақ оқылғаннан кейін жауап береді, жауап дұрыс болса ұпай қосылады, егер қате болса шегеріледі. Сонымен,
Әділ қазылар алқасымен таныстырып өтсек.
Ақыл – тон, аңдығанға тозбайтұғын,
Білім – кен, қанша болса азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын,
- дей келе, сайыскерлеріміздің өздерін таныстырып өтетін бірінші турға кезек берсек, ТАНЫСТЫРУ.
2 - тур химиялық тақырыптағы әр топтың көріністеріне кезек берсек:
11 — топ
12 – топ
3 тур. «Иә» немесе «Жоқ»
1 - ші топқа.
1. Спирттердің функционалдық тобы гидроксилді топ па? «Иә»
2. Периодтық жүйені Ломоносов ашты ма? «Жоқ»
3. «Күміс айна» реакциясы карбон қышқылдарының сапалық реакциясы ма? «Жоқ»
4. Фосфор өмір мен ой элементі деп атала ма? «Иә»
5. Элементтердің тотықсыздану қасиеттері период бойынша (оңнан солға) арта ма? «Жоқ»
6. Топ бойынша жоғарыдан төмен қарай бейметалдық қасиет арта ма? «Жоқ»
7. Жылуды сіңіре жүретін реакция экзотермиялық деп атала ма? «Жоқ»
8. Электр шамдарының жіңішке сымдарын вольфрамнан жасай ма? «Иә»
9. Азотты қышқылының тұздарын нитрат деп атай ма? «Жоқ»
10. Сілтілік металдарға темір жата ма? «Жоқ»
2 - топ сұрақтары:
1. Электролиттік диссоциация терориясын ашқан ғалым Аррениус па? «Иә»
2. Кремний қышқылдарының тұздары карбонаттар деп аталама? «Жоқ»
3. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл иод па? «Иә»
4. Экзотермиялық реакция кезінде Q>0 бола ма? «Иә»
5. Заттар және олардың бір - біріне айналуы туралы ғылым Физика ғылымы ма? «Жоқ»
6. Химия ғылымың тарихында ұлы алтын заң ашқан Менделеев па? «Иә»
7. Зат массасының сақталу заңын ашқан ірі орыс ғалымы Ломоносов па? «Иә»
8. Катализатор реакция жылдамдығын арттыра ма? «Иә»
9. Адам бойының өсуіне әсер ететін химиялық элемент мырыш па? «Иә»
10. Кофе құрамына кіретін улы зат кофеин ба? «Иә»
Ойын ойнату (көрермендермен).
Бұл ойын шарты бойынша көрермендер арасынан ойыншылар шығады. Ол ойыншыға мұғалім жазуы бар бетті көрсетеді:
1. Д. И. Менделеев
2. Пипетка
3. Реактив
- деген сөздер жазылған. Осыны оқыған ойыншы көрермендерге ымдап не оқығанын жеткізуі керек, дұрыс жауабын тапқан көрермен және сөзді жеткізе білген ойыншы сыйлыққа ие болады.
Ойлай болса, 4 турымызға кезек берсек. Әр бір дұрыс жауапқа 30 балдан берілетінін естеріңізге сала кетейін. Сонымен қатар сапалық реакцияларды қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, топ мүшелерінің бірі демонстрациялық түрде көрсетеді. Ал сұрақтарға жауап нақты және толық болуы тиіс.
1 - топ пен 2 – топ кезек - кезек таңдау жасайды. Алдарыңызда алты колба тұр соның ішінен біреуін таңдаңыздар (Сұрақтары бар сәйкес слайд ашылады):
1 - ші колба:
«Күміс айна» реакциясы?
(формалин, аммиак ерітіндісі, күміс нитраты)
2 - ші колба:
Ақуыздарға сапалық реакция?
(Ксантопротеин, биурет)
3 - ші колба:
Фруктозаға сапалық реакция?
(Селеванов реактиві)
4 - ші колба:
Крахмалға сапалық реакция
(йод ерітіндісі)
5 - ші колба:
Температура мен концентрацияның тепе - теңдікке әсері
N2 +3H2↔ 2NH3 + Q
(тура бағытта; температураны төмендетеміз, бастапқы заттардың концентрациясын арттырамыз, кері бағытта керісінше )
6 - ші колба:
Бұл затты тамақпен уланған жағдайда таблетка түрінде қолданады. Оны қайыңды ауасыз жерде қыздыру арқылы алып, одан әрі өңдейді. Бұл қай дәрілік препарат?
(Активтелген көмір)
Әділқазы мүшелері өткен тур бойынша пікірлеріңіз (артықшылықтары мен кемшіліктерін атап өтіп, бағалау кезінде ескерсеңіздер)…
5 - тур: Осы турдың шартын естеріңізге сала кетейін. Әр топ өздері «ставка» қойып, 1 - 8 сұрақтар арасында таңдау жасап, қойылған сұраққа жауап береді, жауап дұрыс болса ұпай («ставка») қосылады, егер қате болса шегеріледі.
5 - тур. «Ставка» қою.
1. Бұл заттың 0, 9% — дың ертіндісі физиологиялық ерітіндісі деп аталады да, адам ағзасы көп қан жоғалтқан жағдайда қан тамырына құйылады. Ол затты адамдар тұрмыста тағам дайындауға қолданады. Бұл затты химиялық атауы қандай?
(Натрий хлориді)
2. Коагуляция дегеніміз не?
(Коллоидты ерітінділердің ұюы)
3. Натрий гидро карбонатының тұрмыстық атауы?
(Ас содасы)
4. Сахароза гидролизденгенде қандай моносахаридтер түзіледі?
(α - глюкоза және β - фруктоза)
5. Калидің гексацианоферрат (ІІ) кешенді қосылысының формуласын жазыңыз…
(K4[Fe(CN) 6])
6. Химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды атаңыз.
(Температура, қысым (газ тәрізді заттар үшін), концентрация, катализатор, меншікті беттік аудан (қатты заттар үшін), )
7. Вант - Гофф ережесін айтыңыз?
(Егер температураны әр бір 10°С арттырсақ реакция жылдамдығы 2 - 4 есеге артады)
8. Спирттердің классификациясын беріңіз, мысалымен…
(Бір атомды (пропанол, этанол т. б) және көп атомды (этиленгликоль, глицерин); біріншілік (пропанол - 1), екіншілік (пропанол - 2), үшіншілік (третбутил спирті)
Заман қанша қиын – қыстау болса да,
Игі істер болып жатыр қаншама.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар танылған,
Жүлдегерді танытпасақ бола ма
Ойын нәтижесінің қорытындысын беру үшін әділқазы мүшелерін ортамызға шақырайық.
Әділқазы мүшелері қатысушы топтарды марапаттап, өздерінің қорытынды сөздерін айтады
Сонымен бүгінгі «Білімділер додасы» зияткерлік сайысы өз мәресіне жетті.
Қатысқан студенттерге алғысымды білдіремін және де алда әлі де биік – биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіремін.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×