Сайтқа кіру Тіркелу

Металдардың физикалық қасиеттері. Құймалар

Сабақтың мақсаты: металдардың құрамы, құрылысы және физикалық қасиеттерінің өзара байланысын түсіндіру. Кристалдық тордағы бос электрондарға байланысты ортақ қасиеттерді ажырата білуге дағдыландыру.
Құралдар мен реактивтер: кейбір металдардың балқу, қайнау температураларының анықтамасы, электр өткізгіштікті анықтайтын аспап. Металдық кристалдық тор үлгілері.
Сабақтың барысы.

I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Үйге берген тапсырманы сұраудың немесе өткен сабақты еске түсірудің әдісі көп. Соның бірі – мұғалім өткен сабақты бірнеше сұрақпен қайталайды.
1. Металл ионы қалай түзіледі?
2. Сілтілік металл иондарының ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
3. Металдық және иондық байланыстың кристалдық торында бір - бірінен қандай айырмашылықтары бар?
Үй тапсырмасын қайталаған соң, жаңа сабақ басталды. Металдар, олардың тарихтағы және қоғамдағы орны басқа пәндерге (тарих, география) байланыстырылып түсіндіріледі. Металдар ерте заманнан - ақ белгілі. Тас ғасырынан бастап мыс, қола, темір дәуірлері жайлы оқушылар қызықты мәліметтерді өздері де келтіре алады, бұл арада пәнаралық байланыс жүзеге асады. Әрі оқушының шығармашылық қабілеті дамиды.

II. Жаңа сабақты оқып - үйрену. Металдардың физикалық қасиеттерін, олардың кристалдық торының құрылысы және металдық байланысы жайлы алған білімді пайдалана отырып түсіндіру қажет.
Кристалдық тордағы «электронды газ» - металдардың физикалық қасиеттерін, металдық жылтырын, жылу - және электрөткізгіштігін, пластикалығын, созылғыштығын, тығыздығы мен балқу, қайнау температураларын анықтайтындығы сөз болады.
Металдардың қаттылығы әртүрлі және олардан алынатын құймалардан түрлі құралдар, конструкциялық материалдар жасалады. Сондықтан әсіресе металл құймалары кеңінен қолданылатыны айтылады.
Қорыта келгенде мұғалім типтік металдардың физикалық қасиеттеріндегі айырмашылығын түсіну үшін металдың атом құрылысын басшылыққа алады.
Барлық металдар (сынаптан басқасы) қатты, бәрінде дерлік металдық жылтыры бар. Қатты күйде жылуды және электр тоғын өткізеді. Себебі, олардың кристалдық торында жартылай оң зарядталған иондар, жартылай бейтарап атомдар мен одан үзіліп кеткен еркін қозғалатын электрон газы болады.

III. Оқушылардың алған білімін қорытындылау.
Мұғалім бірнеше сұрақ қояды.
1. Ең оңай балқитын және осы қасиетіне байланысты қолданылатын қандай металды білесіңдер?
2. Ауада қатты қыздырғанда да тотықпайтын металлдарды атаңдар.
3. Ең қиын балқитын металдарды атаңдар.
4. Металдардың құймаларын қандай мақсатта қолданады және қалай алады?
5. Құйманың құрамында 80% никель, 20% хром бар. Хромның 1 моліне неше моль никель келетінін есептеңдер.
Үйге тапсырма. §30. 1 - 10 - жаттығулар.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×