Сайтқа кіру Тіркелу

Электролиттік диссоциациялау дәрежесі. Күшті және әлсіз электролиттер

Электролиттік диссоциациялау дәрежесі.
Күшті және әлсіз электролиттер.
9 - сынып
Қажетті құралдар: дистильденген су, 0, 1м тұз және сірке қышқылдары, метилоранж ерітіндісі, ерітінділердің электр өткізгіштігін анықтайтын прибор. «Ерітінділердің электр өткізгіштігі кестесі»
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Тақырыпқа кіріспе.
Өзіндік жұмыс./деңгейленген/
1 - нұсқа/жеңіл/
CaH2, HBr, NaOH берілген. Осы заттардың диссоциациялану теңдеуін жазыңдар.
2 - нұсқа /орташа күрделі/
Калий, алюминий металдары мен күкірт қышқылынан түзілген тұздардың формуласын құрастырып, осы тұздардың диссоциациялану теңдеуін жаз.
3 - нұсқа./күрделі/
24 элементтің жоғары оттекті қышқылы мен литийден тұратын тұздың формуласын құрастырып, осы қосылыстардың диссоцициялану теңдеуін жаз.
Тақтада орындалатын жұмыстар:
1) K2SO4, CuH2, HNO3
2) NaNO3, Ca(OH) 2, H2SO4(сатылы)
3) MgH2, Ba(OH) 2, HBr, HPO4
Бром электр тогын өткізеді ме? Неге?
Қышқылдар, негіздер, тұздар дегеніміз не?
Сынып орындайтын жұмыс:
K, Li, F, S атомдары мен иондарының сызбасын сызып, ұқсастық, айырмашылықтарын түсіндір.(жұптық жұмыс)

ІІ. Мақсаты мен міндеттерін анықтау.
Оқулықпен жұмыс.
1) Электролиттік диссоциациялану дәрежесі
2) Күшті және әлсіз электролиттер
3) Электролиттердің қасиеттері - бұл иондар қасиеті. Көрнекі көрсету.

1. NaCl концентрациялы ерітіндісінің
2. Сірке қышқылының концентрациялы ерітіндісінің электр өткізгіштігін тексеру.

Сұрақтарға жауап беру.
1. Электролиттің иондарға ыдырауын қандай шама анықтайды?
2. ЭД дәрежесі дегеніміз не?
3. α(CH3COOH)=0. 3бұл нені білдіреді?
4. α бойынша электролиттер қандай топтарға бөлінеді?
5. Қандай қышқылдардың молекуласында сутек ионы қышқыл қалдығымен берік байланысады? Күшті қышқыл ма, әлде әлсіз қышқыл ма?
6. Суды әрі қышқыл, әрі негіз деп неге есептейді?
7. ЭД дәрежесіне қандай факторлар әсер етеді?

Тапсырма:
1. Әлсіз электролит ерітіндісі берілген. Оның α - диссоциациясын қалай арттыруға болады? Әдісін ұсын.
2. 180С тұз қышқылының диссоциациялану дәрежесі 0, 78 немесе 78%. Сонда химиялық тепе - теңдік кезінде бөлшектердің қатынасы қалай болады?
Жауабы (HCL = H + +CL -)
22 78 78
молекула иондар
3. 12 беттегі 7жаттығуды орындау.
4. 4 - жаттығу /ауызша/
5. Ерітіндіде H+, OH - иондарының бар екенін қалай анықтауға болады?
(Тәжірибе жүзінде дәлелдеу) Бұл иондар ерітіндіге қандай қасиеттер береді?
6. KMnO4 «марганцовка»ерітіндісінің қызыл түсті болуының себебі неде?
7. Қандай түсті, түссіз иондарды білесің?
8. H+, Ca2+, SO42 -, MnO4 - иондары түзілетін заттардың формуласын құрастыр.

ІІІ. Үйге тапсырма
Есеп.
218 г Калий гидроксидін бейтараптау үшін қанша мөлшерде күкірт қышқылы жұмсалады?
1. моль мырыш күкірт қышқылымен әрекеттескенде бөлінген сутегінің мөлшерін есепте. Дәл осы мөлшерде сутегін алу үшін алюминидің қанша массасы жұмсалады?
Жауабы:
1 моль ---------- 1 моль
Zn+H2SO4= ZnSO4+H2 х=22, 4л/H2/
1 моль ------------- 1 моль
2Al+3 H2SO4= Al2(SO4) 3+3 H2
2моль 3 моль
54г 67, 2г
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Электролиттік диссоциациялану дәрежесі. Күшті және әлсіз электролиттер.

Электролиттік диссоциациялану дәрежесі. Күшті және әлсіз электролиттер.

Сабақтың мақсаты: электролиттік диссоциацияның шамасы туралы түсінік қалыптастыру; күшті және әлсіз электролиттердің айырмашылығын дәлелдеу....
Сутек, қышқылдар, тұздар тарауы бойынша қорытынды сабақ

Сутек, қышқылдар, тұздар тарауы бойынша қорытынды сабақ

Алматы Облысы, көксу ауданы, Мұқыры ауылы Жапсарбаев атындағы орта мектептің химя пәнінің мұғалімі Наурызбаева Гульназ Чапетқызы...
Сандық есептер

Сандық есептер

Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың металдардың жалпы қасиеттері тарауы бойынша алған білімдерін жүйелеу және қорытындылау Дамытушылық:...
Қышқылдар

Қышқылдар

БҚО, Орал қаласы, №44 ОЖББМ. Орынова Гүлбаршын Ермекқалиқызы Сабақтың тақырыбы: Қышқылдар Оқыту мақсаты: 1)білімділік.Қышқылдардың құрамы, алынуы,...
Қышқылдардың химиялық қасиеттері

Қышқылдардың химиялық қасиеттері

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектеп Химия пәнінің мұғалімі Турысбекова Гульмира...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×