Сайтқа кіру Тіркелу

Қышқылдар

БҚО, Орал қаласы, №44 ОЖББМ.
Орынова Гүлбаршын Ермекқалиқызы

Сабақтың тақырыбы: Қышқылдар
Оқыту мақсаты:
1)білімділік.Қышқылдардың құрамы, алынуы, жіктелуін түсіндіру. Химиялық, биологиялық тұрғыдан
тірі табиғат құрамындағы қышқылдардың маңызы, емдік қасиеті, тұрмыста пайдалану туралы түсініктерін кеңейту.
2) дамытушылық.Оқушылардың қызығуы, ынта-қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту арқылы айналадағы құбылыстарды байқауға, салыстыруға, талдай білуге үйрету.
3) тәрбиелік.Оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауына, бір-бірінің пікірін тыңдап құрметтеуге, баға беруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: демонстрациялық сабақ
Сабақтың әдісі: Интерактивті оқытудың кешенді әдісі
Көрнектілігі, қажетті құрал- жабдықтар:Интерактивті тақта, «Актив студио» бағдарламасының кітапханасы қорынан суреттер, виртуалды зертхана қоры, тірек сызба слайды, электронды оқулық, бейорганикалық қышқыл үлгілері
(HCI.H2SO4 HNO3), құрамында табиғи қышқылдары бар тағам үлгілері: алма, лимон,сүт айран. Сірке суы.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру (сыныпты түгелдеу)

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
1-кезең; «Ой шақыру»-(үй тапсырмасын «Сутегі»тест бойынша тексерілді, оқушылар тестировщик арқылы өз білімдерін тексерді)
2-кезең «Қызығуды ояту!» (Үй тапсырмасын жаңа сабақпен байланыстыру мақсатына арналған).
а)Мына приборларды нені алуда пайдаландық?(слайдта сутегін алуға арналған құралдар бейнеленген, балалар қалай пайдаланғанымызды әңгімелеп береді)

б)сүт қышқылы мына заттарда болады? (Суретте түйе, жылқы малы, қой-ешкі малы бейнеленген және олардан алынатындар: сүтте,қымызда, айранда сүт қышқылы болатынын әңгімелейді.

с) Ит мысықты тістелеп ойнап жүргенін көрдіңіздер ме?
Жауабы:- Мысықтың денесінен бөлінген майларды тістеу арқылы ит ауыз қуысындағы қышқылдарды тазартып құныс мешел ауруларын болдырмайды

д) тауықтың,құстардың құмырсқа илеуіне шомылып аунап жатқанын көрдіңіздер ме?
Жауабы: - құмырсқа қышқылы паразиттерге нафталиндей әсер етеді, құстар терісін тазартады.

е)Ауырған аңға кім рецепт жазып береді?
Жауабы: - ауырған аң сүйретіліп келіп, хинин ағашының қабығын кеміреді екен, бірнеше күндерден кейін аңдар жазылып кететін көрінеді (хинин қышқылы бар ағаш Мексика, Бразилия елінде өседі)

ж)Сіздер үйде, тұрмыста т.б қандай қышқылдарды кездестірдіңдер?
Жауабы:( сірке, лимон т.б )

ІІІ.Негізгі бөлім - жаңа сабақты түсіндіру
3-кезең «мағынаны тану»
(Бұл бөлімде слайд, виртуалды зертхана қоры,электрондық оқулық қолданылды)
(Қышқылдарға анықтама беру, жалпы формуласы, құрамы, атаулары, номенклатурасы, алынуы, пайда – зияны)
Қышқылдар дегеніміз - құрамында металл атомдарымен орын алмастыруға бейім сутек атомдарынан және қышқыл қалдықтарынан тұратын күрделі зат(жұмыс дәптерлеріне анықтаманы жаздыру).
Негізгі белгісі:қышқыл дәм және күйдіргіш.(Қышқылдар, оларды жіктеу электронды оқулық арқылы түсіндірілді.) тұз қышқылы -HCI,
бромсутек қышқылы –HBr.
күкіртсутек қышқылы –H2S
күкіртті қышқыл-H2SO3,
азот қышқылы –HNO3 ,
кремний қышқылы-H2SiO3
фосфор қышқылы-H3PO4.
Сутегі атомының санына қарай
(бірнегізді-HCI,HNO3,HBr.
Екінегізді-H2SO4, H2S,
үшнегізді- H3PO4,H3BO3) ,
Оттегі атомына байланысты
(оттекті-H2SO4,HNO3,
оттексіз-HCI,HBr)

Қышқылмен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау керек!
Қышқыл ерітіндісінде түсін өзгертетін заттар индикатор деп аталады. «индикатор» латынша —«көрсеткіш» мағынасын береді. (виртуалды зертхана қорынан тәжірибе жасалынды)
1.лакмуста қызарады 2.сары метилоранжда қызарады 3.фенолфталейнде түсін өзгертпейді

Қышқылдарды алу.
1)Оттекті қышқылдарды алу.
1)4P+O2═2P2O5 P2O5 +3H2O═2H3PO4
(Демон.тәжірибе арқылы фосфор қышқылын алу)
2)SO2+H2O═H2SO3
3)SO3+H2O═H2SO4 (Электронды оқулық арқылы тәжірибе көрсетіледі)
2)Оттексіз қышқылдарды алу үшін ( S,CI,Br )сияқты бейметалдарды тікелей сутекпен әрекеттестіреді
H2+CI2═2HCI –хлорсутек. Оларды суда ертіп қышқылдар алады.

Қышқылдардың пайда - зияны:
1)медицинада бор және тұз қышқылдары қолданылады.
Сүт және азоттың концентрлі ертіндісі сүйелдерді күйдіруге қолданылады.
2)Өнеркәсіпте шикізат есебінде және автокөлік аккумуляторларында күкірт қышқылы қолданылады.
3)Тұрмыста сірке суы, лимон қышқылы қолданылады.
Зияны:
1) Концен.қышқыл ағзаға түссе мүшені бұзады.
2)Қоршаған ортаны ластайды.Себебі олар тотықтырғыштар.

Алған білімді бекіту
4 – кезең «Білімді тиянақтау»(таблица жұмыс дәптерлеріне орындайды)
1. Қышқылдардың атауы
2. формуласы
3. Қышқыл қалдығы, вал
4. Қышқыл қалдығы атауы

«Сыңарыңды тап» ойыны.(алған білімді бекіту)
(оқушылар сутек атомы мен қышқыл қалдықтарының формулаларын біріктіріп жұп құрады)
а) күкірт сутек қышқылы б)күкірт қышқылы в)кремний қышқылы с)көмір қышқылы д)азот қышқылы
«Венн диаграммасын толтыр»(Бейорганикалық қышқылдар мен органикалық қышқылдардың ортақ қасиеттері мен өздеріне тән қасиеттерін жазып,диаграмманы толтыру)
Бейорганикалық қышқыл
Органикалық қышқыл.
Сыныпта №5-6-7 есепті (91-бет)шығару.Үйге тапсырма беру

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ілмек сөздер: Химия, қышқылдар
Ұқсас жаңалықтар:
Негіздер

Негіздер

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қарасу ауылы, Қарасу ОЖББМ - нің химия пәні мұғалімі Досатова Құралай Қыдырқызы...
Электролиттік диссоциациялау дәрежесі. Күшті және әлсіз электролиттер

Электролиттік диссоциациялау дәрежесі. Күшті және әлсіз электролиттер

Астана қаласы, №63 орта мектебінің химия және биология пәні мұғалімі Музапарова Дидар Баяхметовна...
Қышқылдар

Қышқылдар

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы №100 мектептің химия пәні мұғалімі Нұрмашева Жазық Әлімбетқызы Қышқылдар Қазіргі мектептерде сабақ...
Тұздардың жіктелуі, алынуы, қасиеті

Тұздардың жіктелуі, алынуы, қасиеті

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің жоғары санатты химия пән мұғалімі Нұрмашева Жазық Әлімбетқызы Сабақтың тақырыбы:...
Қышқылдардың химиялық қасиеттері

Қышқылдардың химиялық қасиеттері

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектеп Химия пәнінің мұғалімі Турысбекова Гульмира...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×