Сайтқа кіру Тіркелу

Металдар және бейметалдар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
8. 3А Химиялық элементтердің периодтық жүйесі
Мектеп: Ханарық жалпы орта білім беретін мектебі
Күні: 28. 01. 2019 жыл Мұғалімнің аты - жөні: Каратаев Адхам
Сынып: 8 А, Б Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Металдар және бейметалдар. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
9. 2. 1. 7 - химиялық элементтің периодтық кестеде орналасуына сай қасиеттерін болжау
Сабақ мақсаттары: Химиялық элементтердің периодтық кестеде орналасуына сай қасиеттерін болжау.
Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар: периодтық жүйенің құрылу принципін біледі.
Оқушылардың көбісі: топтардағы элементтердің қасиеттерін ұқсастығын біледі.
Кейбір оқушылар: бейтаныс элементтердің физикалық және химиялық қасиеттерін болжай алады.
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу, түсіну, қолдану.
Бағалау критерийі - Атомдардың валенттік электрондары топ номеріне сәйкес келетінін түсінеді
- Реттік нөмір протон және электрон санына тең болатынын біледі
- Период нөмірі арқылы энергетикалық қабат санын анықтауға болатынын түсінеді
Тілдік мақсаттар
Период, топ, ядро заряды, энергетикалық деңгей, сыртқы деңгей, валенттілік электрондар, атом радиусы, металдық қасиеттері, бейметалдық қасиеттері, негіздік/қышқылдық қасиеттері.
Құндылықтарды
дамыту Өмір бойы оқу, патриотизм құндылықтары сабақ барысында насихатталады.
Пәнаралық байланыс Физика, ағылшын тілі пәндерімен көлем, моль ұғымдары арқылы байланыс жасалады.
Бастапқы білім
7. 3ВХимиялық элементтердің периодтық кестесі
8. 1ААтомдағы электрондардың қозғалыс

Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс - әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы

3 минут Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу.
Н. Ә. Назарбаевтың сөзі:
«Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді» деп оқушыларды ынтасын арттыру мақсатында айтады.
I. Ой қозғау
Төменде берілген элементтерді қалай жіктеуге болады
C, Al, Ba, F, Mg, Br, O, Na, P?

Сабақтың ортасы
8 минут
5 минут
10 минут
8 минут

5 минут II. Жаңа білімді меңгерту
Жұптық жұмыс (оқушыларға сұрақтар қойылады, алғашқыда оң жақта отырған оқушы жауап береді, ал сол жақта отырған оқушы оның жауабын дұрыстығын айтады, сосын сол жақта отырған оқушы жауап беріп, оң жақта орналасқан оқушы бағалайды.)
Сұрақтар презентацияда көрсетіледі немесе қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалардың ішінде орналасады.
1. Типтік металдарды ата?
2. Ең көп бейметалл орналасқан период?
3. 1 - ші топ элементтері қалай аталады?
4. 2 - ші топ элементтері қалай аталады?
5. 7 - ші топ элементтері қалай аталады?
6. 8 - ші топ элементтері қалай аталады?
7. Периодтық жүйеде период бойынша оңнан солға қарай қандай қасиет артады?
8. Периодтық жүйеде топ бойынша жоғарыдан төмен қарай қандай қасиет өзгереді?
Жеке жұмыс
Қайсысы артық?
Оқушыларға элементтер тобы беріледі, элементтер арасынан артығын тауып, неліктен осы элементті таңдағанын түсіндіру керек.

Оқушылар жеке өздері орындап жатқанын қадағаланады. Тапсырма аяқталған соң бір оқушы сұрау арқылы қалған оқушылардың жауабын тексеру қажет.
Бағалау критерийлері Дескриптор
- оқушылар периодтық жүйенің құрылысын біледі.
- оқушылар артық элементті қасиеттерін болжайды.
- оқушылар тапсырма 1 дұрыс жауап берсе.
- оқушылар тапсырма 2 дұрыс орындаса.
- оқушылар тапсырма 3 дұрыс орындаса.
Вilimland. kz білім беру платформасымен жұмыс
Металдар және бейметалдар
Бейнеролик
1. Периодтық кестеде металдар мен бейметалдардың орналасуы
2. Металл катиондарының түзілуі
3. Бейметалл аниондарының түзілуі
4. Металдар мен бейметалдар

1 - жаттығу
Төменде берілген металдар мен бейметалдарды анықта.

2 - жаттығу
Келесі элементтерді балқу температурасының кему реті бойынша жоғарыдан төмен қарай орналастыр.

3 - жаттығу
Сөйлемді аяқта.

1 топ элементтерінің балқу температурасы

Топ бойынша жоғарыдан төмен қарай балқу температураларының өзгеру заңдылығы көрсетілген. Рубидийдің балқу температурасын болжаңыз?

А) ТОП БОЙЫНША ЖОҒАРЫДАН ТӨМЕН ҚАРАЙ МЕТАЛДАРДЫҢ БАЛҚУ ТЕМПЕРАТУРАСЫ КЕМИДІ, СЕБЕБІ......
Б) КАЛЬЦИЙ ЖӘНЕ БАРИЙДІҢ ҚАЙСЫСЫНДА МЕТАЛДЫҚ ҚАСИЕТ БАСЫМ БОЛАДЫ? НЕЛІКТЕН?

7 топ элементтерінің балқу және қайнау температуралары

Графикте 7 топ элементтерінің алғашқы 4 өкілінің қайнау және балқу температуралары көрсетілген Астаттың балқу және қайнау температурасын болжаңыз және
бөлме температурасындағы агрегаттық күйін сипаттаңыз?

Өзіндік жұмыс
1. Бейметалдардың таңбасын көрсетіңіздер
А) Na B) Mg С) H D) S
2. Металдардың таңбасын көрсетіңіздер
А) Na B) Mg С) H D) Sі
3. Біріншісінен соңғысына қарай бейметалдық қасиеттері артатын элементтердің қатары:
Na, Mg, Si
K, H, Na
Mg, Sr, Ba
Br, Cl, F
4. Біріншісінен соңғысына қарай металдық қасиеттері артатын элементтердің қатары:
Na, Mg, Al
Na, K, Rb
Na, K, Ca
P, S, Cl
5. Периодтық жүйені пайдаланып, ең белсенді металды және бейметалды атаңыздар. Презентация

https://bilimland. kz/kk/subject/ximiya/8 - synyp/metaldar - men - bejmetaldar

Сабақтың соңы
1 минут V. Рефлексия

Үй тапсырмасы
Атом құрылысына сүйене отырып, үшінші период элементтерінің металдық және бейметалдық қасиеттерінің өзгерісін түсіндіріңіз
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Деңгейлі тапсырмалар
Қабілеті әртүрлі деңгейдегі оқушыларды бір топқа біріктіру
Мұғалімнің жекелеген оқушыларды қолдауы Сұрақ - жауап арқылы бағалау
Өзара бағалау
Таратпадағы орындалған тапсырмалар арқылы бағалау
Назар аударыңыз:
Партада отыру ережесін сақтау.
Қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Әр сабақтан кейін бөлмені желдету.
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?.

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
ХЭПЖ s-элементтерінің орны, атом құрылысының ерекшелігі

ХЭПЖ s-элементтерінің орны, атом құрылысының ерекшелігі

Оқу мақсаты: Оқушылардың металдардың жалпы сипаттамасы тарауынан алған білімдерін периодтық жүйедегі s – элементтердің периодтық жүйедегі орны туралы...
Д. И. Менделеевтің ғылыми жетістігі. Периодтық заңның маңызы

Д. И. Менделеевтің ғылыми жетістігі. Периодтық заңның маңызы

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Лайбұлақ ауылы, "Лайбұлақ орта мектебі" КММ химия - биология пәні мұғалімі Мусалиева Нурлығаш Жуматаевна...
Металдардың физикалық қасиеттері. Құймалар

Металдардың физикалық қасиеттері. Құймалар

Сабақтың мақсаты: металдардың құрамы, құрылысы және физикалық қасиеттерінің өзара байланысын түсіндіру. Кристалдық тордағы бос электрондарға...
Атом құрылысы. Атом ядросының құрамы. Изотоптар

Атом құрылысы. Атом ядросының құрамы. Изотоптар

Ақтөбе қаласы, №40 орта мектептің химия және биология пәні мұғалімі Адиева Гүлмира Өксікбайқызы...
Д.И. Менделеевтің периодтық заңы

Д.И. Менделеевтің периодтық заңы

Сыныбы. 8 Сабақтың тақырыбы: Д. И. Менделеевтің периодтық заңы. Пән мұғалімі: Намазбаева Айжамал...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×