Сайтқа кіру Тіркелу

Химия сабағында жаңа тақырыпты меңгерудегі әдіс-тәсілдер

Химия сабағында жаңа тақырыпты меңгерудегі әдіс-тәсілдер
Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, білім алушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Осыған орай, жаңа экономикалық және әлеуметтік – мәдени жағдайларда Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру сапаларын арттыруға, стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулер педагогикалық үрдіске жаңа талаптар жүктейді.
Жаңа формация оқытушының алдына қойылған талаптардың бірі интерактивті әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, күнделікті сабақты ғылыммен, қоршаған ортамен, өз өлкесімен ұштастыра білу. Әр сабақты өткен кезде білім алушының алдына бүгінгі тақырыпты неге оқыдық? Не үшін оқыдық? Неге керек? деген сұрақ туындап және оған жауап іздеуге үйрету керек? Сол себепті қазіргі заман талабына сай сабаққа қойылатын талаптардың маңызы зор. Химия сабақтарына қойылатын қазіргі талаптардың бірі:
- Білім алушылардың алған білімдерін күнделікті өмірде, болашақта қолдана білуге тәрбиелеу
- Білім алушыларға жаратылыстану пәнінің ғылыми дүниетанымы мен қоршаған ортаның бейнесін қалыптастыру
- Қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарды химиялық таным түсініктер арқылы ойлай білуге үйрету және химиялық тілді дамыту
- Химия сабақтарында заттар мен қосылыстар және олармен жұмыс істеу барсында техникалық қауіпсіздік ережесін жиі еске түсіріп отыру
- Химия пәнін оқыту барысында қоршаған орта тірі табиғат туралы қызығушылығын арттыру. Бұл мәселелерді шешу білім алушының ғылымға қызығуын ояту өз ісіне жауапкершілігін арттыруды талап етеді. Сол үшін сабақта пәнаралық байланысты кеңейту керек.
Егер білім алушы өзі қандай да бір жетістікке қолы жетсе, ол қуанып қана қоймайды, онда тағы да алдындағы белестерден өту мақсаты тұрады. Осындай жағдайда оқытушы білім алушының қандай да бір жетістікке жетуі үшін төмендегідей жағдаяттарды сабақта жиі қолданса, оқытушы жұмысының жетістігін көруге болады.
1. Мадақтау. Оқытушы сабақта білім алушының өзіне деген сенімін арттыру үшін «Жарайсың!», «Мен сендерді мақтан тұтам!», «Сен өте ақылдысың!» деген сөздер жиі қолданғаны дұрыс. Бұл сөздер білім алушының бойында оқытушының өзіне сенім артып тұрғанын сезініп, өз еркімен талаптанып, жақсы оқуға тырысады.
2. Бір мүмкіндік. Білім алушының күтпеген жерден өзінің қабілеті мен мүмкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік беріледі. Мұндай жағдаятты оқытушы арнайы дайындамайды, ол осы мүмкіндікті табиғи тәрбиелеудегі дарынымен бұл мүмкіндікті тиімді пайдаланады.

М. Ықсанов атындағы
Қызылорда политехникалық колледжі
Өндірістік оқыту шебері Сапар Марина Кәрібайқызы

Химия сабағында жаңа тақырыпты меңгерудегі әдіс-тәсілдер. жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану

Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану

Ақпараттық - коммуникациялық технологияны дамыту - білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер,...
«Химия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

«Химия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану - математикалық бағытындағы 10 - 11 - сыныптары үшін «Химия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік...
Жаңа технология-сапалы оқытудың тиімді тәсілі

Жаңа технология-сапалы оқытудың тиімді тәсілі

әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс - әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу; білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап...
Химияны оқуға оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында танымдық және де ...

Химияны оқуға оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында танымдық және де ...

Астана қаласы. №63 орта мектебі химия және биология пәні мұғалімі Иманбаева Баян Есіркепқызы...
Күкірт қышқылы өндірісінің жанасу әдісі

Күкірт қышқылы өндірісінің жанасу әдісі

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жанқожа батыр ауылы №94 орта мектептің химия пәні мұғалімі Асан Гүлзада...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×