Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Күрделі эфирлер

Тақырыбы: Күрделі эфирлер
Мақсаты: Күрделі эфирлердің алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері туралы жаңа білім қалыптастыру, реакция теңдеулерін жаза білуге дағдыландыру.

Әр оқушының жеке дара жұмыс жасауы керектігін түсіндіріп, жаңа сабақты бекітуге арналған мына жоспармен таныстыру:
1. “Сұрақ - жауап” кезеңі (Жаппай сыныпқа 10 сұрақ қойылады)
2. “Ой қозғау” кезеңі ( зертханалық құрал құрастыру)
3. “Отгадать ребус” кезеңі (ребус шешу)
Күрделі эфирлер - табиғатта кең таралған. Олар биологиялық маңызы бар қосылыстар.
Гүлдер мен жемістердің құрамында күрделі эфирлер болуына байланысты олардың хош иістері болады.
Өсімдік және жануарлар майлары күрделі эфирлерге жатады.
Күрделі эфирлерді алу жолдары
1. Күрделі эфирлер көбіне табиғи өнімдерден алынады.
2. Эфирлену реакциясында карбон қышқылдары мен спирттерді минерал қышқылдар қатысында әрекеттестіріп, нәтижесінде, күрделі эфир мен су түзіледі.
Физикалық қасиеттері
Қарапайым карбон қышқылдарының күрделі эфирлері түссіз сұйықтықтар, суда ерімейді. Күрделі эфирлердің көбінің иістері жағымды
Химиялық қасиеттері
Гидролиздену реакциясы. Күрделі эфирлердің гидролизі эфирлену (этерификация) реакциясына кері реакция, қышқыл немесе сілті қатысында жүреді. Күрделі эфир сумен әрекеттесіп айырылып, реакция нәтижесінде қышқыл және спирт түзіледі:
Минералды қышқылдардың күрделі эфирлері. Бейорганикалық қышқылдар да (күкірт, азот және фосфор қышқылдары) спирттермен әрекеттесіп, күрделі эфирлер түзеді.
Күкірт қышқылының маңызы эфирлері – метил және этилсульфаттар. Бұларды алкилкүкірт қышқылдары деп атайды.

“Ой қозғау” кезеңі
(4 минут)
Этилацетатты алуда қолданылатын құралды жинау үшін химиялық ыдыстар мен жабдықтарды еске түсірейік
Үйге тапсырма беру кезеңі (3 минут)

А) “Күрделі эфирлер” тақырыбына байланысты бес жол өлең құрап келу.
Ә) Хош иісті күрделі эфирлер жайында эссе жазу.

Презентациясын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Күрделі функцияның туындысы

Күрделі функцияның туындысы

Күрделі функцияларды құрастыруға және олардың туындысын табуды үйрету. Логикасын арттыру. Шапшаң, жылдам есептеуге, өз бетінше жұмыс істеуге...
Дара және күрделі етістік

Дара және күрделі етістік

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ә. Болғанбай атындағы негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қызылбаева Бактыгуль Тлеуғабылқызы...
Дара және күрделі етістіктер

Дара және күрделі етістіктер

Тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер. Мақсаты: Дара және күрделі етістіктер жайлы түсінік беру. Етістіктерді тауып оларды ажырата білуге үйрету....
Күрделі функцияның туындысы

Күрделі функцияның туындысы

оқушылардың күрделі функцияның туындысын табу білік, дағдыларын қалыптастыру; оқушыларға күрделі функцияны құрастыруға және оның туындысын табуға...
Қышқылдардың химиялық қасиеттері

Қышқылдардың химиялық қасиеттері

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектеп Химия пәнінің мұғалімі Турысбекова Гульмира...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету