Сайтқа кіру Тіркелу

Металдар және олардың қосылыстарының табиғи орта жән тірі организмдер үшін маңызы

Сабақтың тақырыбы: Металдар және олардың қосылыстарының табиғи орта жән тірі организмдер үшін маңызы
Мақсаты: Оқушыларға металдар туралы алған білімдерін одан әрі олардың табиғаттағы және адам денсаулығындағы маңызы туралы түсінік қалыптастыру арқылы кеңейту.
Пәнаралық байланысы Биология, география, әдебиет, медицина.
Әдісі: «Ой қозғау» стратегиясы, «Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясы,«Жеті жұрттың тілін біл»,«Химиялық пирамида»
Көрнекілігі: Слайдтар, таратпа материал, алма
Жұмыс түрі: Топтық жұмыс

Барысы
Қызығушылықты ояту
«Ой қозғау» стратегиясы.
(Оқушыларға Қ. Мырзалиевтің «Менделеев кестесі» өлеңін оқи отырып, оқушылардан өлеңде неше металл элементтің аты аталатындығын табу жөнінде тапсырма беріледі)

Балалықпен байқамаппын, ол кездерде аңғалмын,
Менделеев кестесіне қарап тұрып таң қалдым.
Таң қалдым да ойға шомдым, жасырамын несіне,
Химия емес, осы кесте салды өмірді есіме.
Кім ойлаған формулалар қозғайды деп шеріңді,
Ұядағы әр элемент бір тағдыр боп көрінді.
Анау емес, мынау емес – титан болу сырың ба?
О, жасаған! Титан неге жиырма екінші орында?
Темірдей деп мақтаушы едік, Темірдің де кезі өткен
Кезі өтпесе, тұрар ма еді 26 - шы кезекте.
Былқ етпейтін сабырлы да, салмақты болғасын,
Тоғызыншы қатарға әрең ілігіпті қорғасын.
Ал орнын сұрама сен
Айтуға оны ұялам
Сығалайды ол бейшара ақырғы бір ұядан. элементтер ішінде де қатты сірә, қақтығыс,
Шылапшындық мысыңнан да тұр кейіндеу ақ күміс.
Күміс дейміз
Күмістің де өмір емес өмірі –
Екінші емес,
Үшінші емес –
Қырық жетінші нөмірі.
Қалай саған ұнай ма бұл?
Ұнаса егер, ал тыңда:
Жүлделі орын тимей қалған платина,
Алтынға!
Жетпіс сегіз,
Жетпіс тоғыз –
Екеуінің кезегі
Екеуі де жаратқаннан бір қиянат сезеді.
Тас - талқанын шығарғысы келгендей бір шетінен,
Платина сұп - сұр болып, қаны шыққан бетінен
Құрметті тор тимесе егер шын асылда бар ма айып?
Өз орынын күте - күте кеткен алтын сарғайып.

Мағынаны тану
Жер қыртысында металдардың таралуы әр түрлі. Металдар табиғатта, көбінесе қосылыстар түрінде кездеседі. Белсенділігі тым төмен металдар (Cu, Ag, Au, Pt) ғана coм күйінде кездеседі. Кернеу қатарындағы литийден магнийге дейінгі орналасқан ең белсенді металдар табиғатта тұздар: хлоридтер, сульфаттар, карбонаттар, фосфаттар, әсіресе силикаттар түрінде кең таралған.
Орташа белсенділігі бар металдар (магнийден сынапқа дейін) жер қыртысында, көбіне оксидтер мен сульфидтер түрінде кездеседі, бірақ олардың тұз тектес минералдары да бар.

Ж. Мыңбаев атындағы мектеп - гимназиясы
Дайындаған: Деменова Н.

Металдар және олардың қосылыстарының табиғи орта жән тірі организмдер үшін маңызы жүктеу
Слайдын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
ХЭПЖ s-элементтерінің орны, атом құрылысының ерекшелігі

ХЭПЖ s-элементтерінің орны, атом құрылысының ерекшелігі

Оқу мақсаты: Оқушылардың металдардың жалпы сипаттамасы тарауынан алған білімдерін периодтық жүйедегі s – элементтердің периодтық жүйедегі орны туралы...
Металдар мен қорытпалар

Металдар мен қорытпалар

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік мақсаты: металдар және қорытпалар жайлы түсінік беру ә) Дамытушылық мақсаты: металдардың түрлері, бұйымдар мен...
Металдар тақырыбын қорытындылау, қайталау

Металдар тақырыбын қорытындылау, қайталау

Оқушылардың теориялық білімдерін өмірмен байланыстыра отырып, шығармашылық жұмысқа баулу. Сандық есептер шығару дағдыларын жетілдіру....
Сандық есептер

Сандық есептер

Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың металдардың жалпы қасиеттері тарауы бойынша алған білімдерін жүйелеу және қорытындылау Дамытушылық:...
Металдардың жемірілуі және онымен күресу жолдары

Металдардың жемірілуі және онымен күресу жолдары

Райымбек ауданы №2 Кеген орта мектебі Химия пәнінің мұғалімі: Намазбаева Айжамал Амантұрқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×