Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақстанның ішкі суларының түрлері

Қазақстанның ішкі суларының түрлері
География 8 сынып
Мақсаты: Қазақстанның ішкі сулары білімдерін дамыту. Өзен жүйелері және өзен алаптары, өзен жүйесінің ерекшелігі, су шығыны мен жылдық ағын, қоректенуі туралы түсінік қалыптастыру. Суды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Өткен материалды бекіту, жаңа сабақты игеру.
Сабақтың көрнекілігі: Интернет ресурстарын пайдалану: Қазақстанның физикалық картасы, сабақ тақырыбына байланысты суреттер мен видео көрсетілімдер.

І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасып, сабаққа қатыстарын тексеріп, зейіндерін жаңа сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру «Тез жауап»
1. ҚР жер көлемі
2. Шекара ұзындығы
3. Шығысындағы мемлекет
4. Батыстағы ойпат
5. Ең биік шың
6. Ауа массаларын ата
7. Күн радиациясының түрлері
8. Қандай ауа массалары әсер етеді?
9. Ең жауын - шашын мол түсетін жер
10. Уранның қоры жөнінен нешінші орында?
11. Климат қалыптастырушы факторларды ата

Қызығушылықты ояту. Жұмбақ шешу
А) Жылт - жылт етеді, жылғадан өтеді.
Ә) Қылышпен шауып, турай алмадым
Бір шайқап қалып, жинай алмадым
Б) Дәмі де иісі де жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ
Су туралы қызықты мәліметтер:
1. Жердегі ең жылы теңіз - Қызыл теңіз
2. Чилидегі Калама қалашығында мүлде жаңбыр жаумайды
3. Жердің 70% су, оның тек 2% ішуге жарамды.
4. Жердің 10% мұз жауып жатыр
5. Мұздың тығыздығы мен бетонның тығыздығы тең
6. Ыстық су суық суға қарағанда ауырлау
7. Сауд Арабиясында бір де бір өзен жоқ
8. Оңтүстік Американың тек екі мемлекеті ғана мұхитпен шектеспейді
9. Барлық мұхиттан қашық жатқан нүкте Қытайда
10. Сыртқы мәліметке байланысты су құрамы өзгереді
11. Амазонканың 500 - ден астам саласы бар
12. Қазақ ырымында түнде су алуға тыйым салынған. Қажет жағдайда су атасы Сүлейменнен рұқсат сұраған:

Су атасы - Сүлеймен
Айдыныңа тас аттым.
Рұқсат ет балаңа
Су алуға бола ма?
Түн ұйқыңнан ояттым.

Өткенді еске түсіру
Жердің су қабығы Гидросфераны құрайтын бөліктерді атайық:
Мұхиттар, өзендер, көлдер, теңіздер, жер асты сулары бөгендер, каналдар, батпақтар. Су – құрлықтағы сұйық, қатты, газ күйінде болатын және бір күйден екінші күйге жеңіл өте алатын бірден - бір минерал. Қазақстанның жер бедерінің алуан түрлі болуына байланысты ішкі сулары да әртүрлі. Олар бірнеше түрге бөлінеді: өзендер, көлдер, жер асты сулары, мұздықтар, бөгендер, каналдар.

Жаңа тақырып: Қазақстанның ішкі сулары
Қазақстанның 7 ірі өзендерінің картасы мен суреттерін, видеороликтерін көрсету.
Қазақстан аумағында 85022 өзен бар. Оның 84694 - шағын (100км), 305 - і орташа (500км) 23 - і ірі (500 - 1000км). 1000км асатын 7 өзен бар.
Олар: Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу
Республиканың барлық өзендері Солтүстік мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алабына құяды. Солтүстік мұзды мұхит алабына Ертіс (Есіл, Тобыл салаларымен) Ішкі тұйық алап.
Каспий теңізі алабы: Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Сары өзен, Қара өзен
Арал теңізі алабы: Сырдария, Арыс, Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас, Балқаш - Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан, Басқан.
Қазақстан өзендерінің бірінші ерекшелігі: Жасы әртүрлі. Жазық бөліктерінің өзен жүйелері ескі, даму сатысының соңғы кезеңінен өтуде. Бүйірлік шаю күшті, тереңдік шаю баяу. Тау өзендері керісінше.
Өзеннің су шығыны - өзеннің су қимасы арқылы 1 жыл ішінде ағып шығатын су.
Жылдық ағын - жыл бойы ағып шығатын су шығыны
Өзендердің қоректенуі мен режимі: Жазық өзендері: қар және қар жаңбыр суымен қоректенеді. Қар жаңбыр: Есіл, Тау өзендері қар суымен және мұздықтармен қоректенеді: Сырдария, Іле, Қаратал, Ертіс

Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары:
Географиялық номенклатура бойынша білім бекіту.
1. Сұрау белгісімен белгіленген нысандарды анықтау
2. Олардың атауын жазу
«Өз орнын тап»
Өзендерді өз алаптарына орналастыру
Ойыл, Талас, Торғай, Сырдария, Сағыз, Жем, Жайық, Қаратал, Лепсі
«Сандар сөйлейді»
1698км - Ертіс
1084км - Жайық
1400км - Есіл
800км - Тобыл
815км - Іле
1186км - Шу

Сергіту сәті
І топқа су туралы мақал - мәтел, 2 топқа су туралы тыйым сөздер, 3 топқа - су туралы өлеңдер айту.
Тест
1. ҚР қанша өзен бар?
А) 85000 б) 80000 в) 50000 г) 40000
2. 1000км - ден асатын өзен саны
А) 5 б) 7 в) 9 г) 10
3. ҚР өзендері неше алапқа жатады?
А) 5 б) 4 в) 3 г) 2
4. Каспий теңізі алабына жататын өзендер:
А) Жайық, Жем, Сағыз ә) Қаратал, Лепсі, Ақсу б) Шу, Сарысу, Торғай г) Жайық, Шу, Лепсі
5. Жазықтардағы өзендер солтүстіктен оңтүстікке қарай....
А) артады ә) кемиді б) өзгермейді г) өзгереді
6. Өзеннің су қимасы арқылы 1 сек ішінде ағып өтетін су мөлшері:
А) жылдық ағын ә) көп жылдық ағын б) су шығыны г) көп жылдық шығын
7. Қар және мұздақтармен қоректенетін өзендер:
А) Іле, Қаратал, Ертіс Ә) Жем, Торғай, Сарысу б) Ертіс, Торғай, Сарысу в) Жайық, Сағыз, Қаратал
8. ҚР ішкі суларына жатады:
А) өзен, көл, жер асты суы, бөген, канал, мұздық б) теңіз, өзен, көл, мұхит
в) теңіз, өзен, көл, жер асты суы. Г) мұхит, көл, өзен
9. ҚР ең ұзын өзен:
А) Есіл Б) Жайық в) Жем г) Сырдария
10. Жергілікті жердегі ірі өзен:
А) Есіл Б) Жайық в) Жем г) Сырдария

Қорытындылау
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма: Қосымша ақпарат құралдарынан өзендер туралы деректерді қарап келу.

БҚО, Жаңақала ауданы,
Мұқыр ауылы, Ә. Жангелдин атындағы ЖОББМ
география пәні мұғалімі Абжалелова Ф. Г.

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×