Сайтқа кіру Тіркелу

Солтүстік Америка материгін қайталау сабағы

Қазалы ауданы,
Қ. И. Сәтбаев атындағы №216 орта мектептің
география пәнінің мұғалімі
Төлеген Күмісай Серікбайқызы

Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Америкаға қайталау сабақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Солтүстік Америка материгінің жер бедері, пайдалы қазбалары, климаты, ішкі сулары, халқы және елдері, негізгі ірі мемлекеттері жөнінде алған білімдерін қорытындылау.
Дамытушылық: Солтүстік Америка материгі бойынша білімдерін пысықтау және тереңдету, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту, өздік және шығармашылықпен орындауға қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, жауапкершілікке, бір - біріне көмектеуге тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтары: Солтүстік Американың физикалық картасы, оқулық, атлас, кескін карта
Сабақ түрі: сайыс сабақ
Әдіс - тәсілдер: дәріс, сұхбат, өзіндік жұмыс.
Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды топқа бөлу.
Сабақтың барысы:
I. Түйіндеме
Материктің аты:
Жер көлемі:
Ең биік нүктесі:
Ең төмен орналасқан нүктесі:
Зерттеген ғалымдар:
Жағалайын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер:
IІ. Кім шапшаң? Викториналық сұрақтар.
1. Материкте қандай ірі өзендер бар? (Миссисипи, Макензи, Миссури)
2. Ұлы көлдер жүйесіне кіретін көлдер (Жоғарғы, Мичиган, Гурон, Эри, Онтарио)
3. Солтүстік Американы қандай климаттық белдеу кесіп өтпейді? (Экваторлық)
4. «Сьерра» терминінің мағынасы қандай? (Испан тілінен аударғанда «ара» деген мағынаны білдіреді)
5. Солтүстік Америкада қандай халықтар тұрады? (Америкалықтар)
6. Жалпақ жапырақты орман ағаштары (Каштан, платан, орман жаңғағы т. б.)
7. Флорида түбегінің оңтүстігінде орналасқан қорғауға алынған аймақ (Эверглейдс батпағы)
8. «Прерий» сөзінің мағынасы қандай? (француз тілінде «шалғын» деген мағынаны білдіреді)
9. Тайга зонасының жануарларын ата. (Барибал, гризли аюы, канада сілеусіні, бұлан)
10. Кордильера тауының ең биік шыңы. (Мак - Кинли, 6193 м)
ІІІ. «Тапқыр достар» кезеңінде сәйкестігін табу.
1. Йеллоустоун-----тау
2. Кордильера-----парк
3. Мак – Кинли----өзен
4. Миссисипи----тау шыңы
5. Канада--------ағаш
6. Өлім аңғары----астана
7. Секвоя------мемлекет
8. Оттава------ең төмен нүкте
9. Тундра------шалғын шөп
10. Прерий-----зона
11. Сахара-----мемлекет
12. АҚШ------шөл
13. Аппалач-----ұшақ
14. Каньон----қала
15. Чикаго----тау
16. Боинг ----каньон
17. Тас көмір----аң
18. Барибал----пайдалы қазба
19. Джаспер----аң
20. Қойөгіз-----қорық
IV. «Ең... ең... ең...» (Географиялық сергіту)
1. Ең үлкен арал............................... Гренландия
2. Ең биік сарқырама....................... Анхель
3. Ең ұзын тау.................................. Кордильера
4. Ең үлкен материк.......................... Еуразия
5. Ең үлкен мұхит............................. Тынық
6. Ең кіші мұхит................................ Солтүстік Мұзды мұхит
7. Ең биік нүкте................................. Мак - Кинли
8. Ең дамыған мемлекет.................... АҚШ
9. Ең биік ағаш.................................. секвоя
10. Ең ыстық жер................................. Өлім аңғары (+570)
11. Ең үлкен тау мұздығы.................... Хабборт мұздығы
12. Ең ұзын жер асты үңгірі................ Флинт - Мамонт
13. Ең үлкен, әрі терең каньон............. Колорадо
14. Ең күшті жел................................... Ураган
15. Ең суы мол өзен.............................. Миссисипи

V. «Білім кемесі» кезеңінде ситуациялық сұрақтар.
1. Халықтар өзендерден «алтын ағып» жатқанын естіп, оңай олжалы болу, байлыққа кенелу үшін өзендерге барып алтынды сүзіп алған. Дүниенің түпкір - түпкірінен ағылып келеді. Алайда бұл жер өте ыстық, тамшы суға тапшы болады. Қай жер туралы айтылған? Ол заман тарихта қалай айтылған?
Жауабы: «Өлім аңғары», «Алтын дүрбелең» заманы.
2. Әлемдегі ең ұзын тау торабына келдіңдер, таулар шексіз бір - бірімен жалғасып жатыр, шыңдары ерекше болып көрінеді. Бұл қай тау, шыңдары қалай аталады, мағынасы қандай?
Жауабы: Кордильера тауы, ұзындығы 9000 км, «сьерра» сөзі испан тілінен аударғанда «ара» деген мағынаны білдіреді.
3. Бұл жерді ашқан саяхатшы Үндістанды аштым деп ойлайды. Халқы жабайы, келімсектерді ұнатпайды. Кейін осы саяхатшының ашқан жерін басқа саяхатшы зерттеп, Үндістан емес екендігін дәлелдейді, соның құрметіне дүние бөлігіне саяхатшының аты беріледі. Бұл қай саяхатшы, халқы кімдер, материкке кімнің аты беріледі?
Жауабы: Христофор Колумб, үндістер, Америго Виспучи.
4. Бұл сарқыраманың шатқалға құйылуы аспанға шашыраған су тамшыларында жиі пайда болатын кемпірқосақ сан құбылып, алыстан көз тартады. Сарқыраманың гүрілі 25 км қашықтықтан естіледі. Бұл сарқырама қалай аталады, мағынасы не?
Жауабы: Ниагара сарқырамасы, үндістер тілінде «гүрілдеуік су» деген мағынаны білдіреді.
5. Жер шарының түкпірінен келген көптеген халықтардың Атамекеніне айналған мемлекет. Үндістер тілінде «қоныс», «қауымдастық» дегенді білдіреді? Бұл қай ел?
Жауабы: Канада.
IV. « Кім көп біледі?» ойыны
1 - топтың сұрақтары
1. Солтүстік Американың жер көлемі ( 24, 2 млн км2 )
2. Дүние жүзіндегі ең үлкен әрі терең каньон ( Колорадо)
3. Дүние жүзіндегі ең үлкен тау мұздығы ( Хабборт, 145 км)
4. Дүние жүзіндегі ең биік ағаш ( секвойя, 100 м)
5. Солтүстік Американың жер шарындағы ең аз жауатын жері ( Калифорния шығанағының солтүстігі, 100 мм)
2 - топтың сұрақтары
1. Дүние жүзіндегі ең үлкен арал ( Гренландия )
2. Дүние жүзіндегі ең ұзын жер асты үңгірі (Флинт - Мамонт, 500 км)
3. Дүние жүзіндегі ең биік толысу толқындары қай жерде байқалады?(Фанди)
4. Солтүстік Американың ең биік нүктесі ( Мак - Кинли, 6193 м)
5. Материктегі ең ыстық жер ( Өлім аңғары,+570С)
3 - топтың сұрақтары
1. Дүние жүзіндегі аса ұзын, әрі енді тау жүйесі (Кордильера, ұзындығы 9000 км, ені 1600 км)
2. Солтүстік Американың теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі ( Өлім аңғары, - 86 м)
3. Материктегі жылдық жауын шашын ең көп түсетін жері (Кордильердің солтүстік батысы, 6000 мм)
4. Солтүстік Американың байырғы халықтары (үндістер, эскимостар)
5. Солтүстік Америкадағы ең суық жер (Гренландия аралы, - 700 С)
VIІ. Миға шабуыл. (Тест сұрақтары)
1) Солтүстік Америка ежелгі қай материктің құрамында болған?
А) Америка Б) Гондвана
Ә) Лавразия В) Еуразия
2) Солтүстік Америкадағы ірі тау жүйесі.
А) Колорадо Б) Аппалач
Ә) Йеллоустоун В) Кордильера
3) Қойөгіз тіршілік ететін табиғат зонасы.
А) тундра Б) арктикалық шөл
Ә) шөлейт В) тайга
4) Солтүстік Америкадағы жауын - шашын аз жауатын жер.
А) Өлім аңғары Б) Гренландия аралы
Ә) Үлкен Алап В) Колорадо
5) АҚШ халқының саны.
А) 275 млн адам Б) 300 млн адам
Ә) 280 млн адам В) 450 млн адам
6) «Боинг» ұшағын шығаратын АҚШ - тың қаласы.
А) Детройт
Ә) Нью - Йорк
Б) Лос - Анджелес
В) Сиэтл
7) Канада елінің мемлекеттік туында қандай ағаш бейнеленген?
А) шырша Б) үйеңкі
Ә) бал қарағай В) қарағай
8) Солтүстік Американың ең биік шыңы.
А) Робсон Б) Эльберт
Ә) Мак - Кинли В) Сьерра - Невада
9) Материктің солтүстіктегі шеткі нүктесі.
А) Мерчисон мүйісі Б) Ханзада Уэдьс мүйісі
Ә) Марьято В) Сент - Чарлз мүйісі
10) Дүние жүзіндегі ең үлкен арал.
А) Мадагаскар Б) Жаңа Зеландия
Ә) Жаңа Гвинея В) Гренландия
Қорытынды.
Үйге тапсырма: «Солтүстік Америка материгіне бір күндік саяхат» тақырыбында шағын эссе жазу.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Оңтүстік Америка материгін қайталау

Оңтүстік Америка материгін қайталау

Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың Оңтүстік Америка тарауы бойынша білімдерін жинақтап, жүйелеп қорытындылау, тексеру. Дамытушылық: танымдық...
Американың қоныстану және игерілу кезеңдері

Американың қоныстану және игерілу кезеңдері

Жаңаарқа ауданы, С. Сейфуллин атындағы орта мектебінің география пәні мұғалімі: Шакенов Жанбол Толеубайұлы...
Оңтүстік Америка. Материк жағалауындағы мұхиттар

Оңтүстік Америка. Материк жағалауындағы мұхиттар

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы География пәнінің мұғалімі: Қатбай Роза Бақтиярқызы...
Солтүстік Америка материгін қайталау сабағы

Солтүстік Америка материгін қайталау сабағы

Солтүстік Америка материгінің негізгі ерекшеліктерін жер бедері, пайдалы қазбалары, климаты, ішкі сулары, халқы және елдері, негізгі ірі мемлекеттері...

"Жас географ" сайыс

Пәні: Материктер мен мұхиттер географиясы Географиялық кештің тақырыбы: «Жас географ»...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×