Сайтқа кіру Тіркелу

Оңтүстік Американың табиғат зоналары

Тақырыбы: Оңтүстік Американың табиғат зоналары
Мақсаттары:
Білімділігі: Оңтүстік Американың табиғат зоналары туралы алған білімдерін жинақтау, қорытындылау
Дамытушылығы: Танымдық білік дағдыларын, өзіндік іс – әрекеттерін қалыптастыру, сараптау, іскерлік қабілетін дамыту
Тәрбиелілігі: сабақты қайталау арқылы еске сақтау, тез ойлауға, шығармашылық қабілеттерді қалыптастыру және дамыту
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
типі: қайталау
әдісі: сұрақ, жауап
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, ағылшын тілі
Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзінің физикалық картасы, слайдтар, кеспе қағаз, жұмыс дәптер, ашық журнал
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:(5мин) Оқушылармен амандасып, түгелдеймін. Оқушылар бүгін бізге хабарлама келіп тұр екен. Қәнекей оқып көрелік. Балалар бізге жас саяхатшылар клубынан жолдама келіп тұр екен, біз Оңтүстік Америка жеріне сапар шегеміз. Дайынбыз ба? Жарайды онда бізге берілген мына билеттерді сатып алу үшін сұрақтарына жауап беруіміз керек. Осы билетпен біз мына Жаңажол бекетінен поезға мінеміз.
Үй тапсырмасы: (10мин)
1) Оңтүстік Америка қайда орналасқан, жер бедері қанша? (тарихшы)
2) Қандай климаттық белдеулер бар?( климатолог)
3) Оңтүстік Америкада қандай өзендер бар?(гидролог)
4) Оңтүстік Американың байырғы халықтар? (этнограф)
5) Оңтүстік Американың табиғат зоналарының басты ерекшелігі неде? (Биолог)
6) Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама? (зерттеуші)
II. Мағынаны ашу.(20мин) Өте жақсы балалар, барлығымыз «Петропавл – Алматы» бағытындағы «Қазақстан темір жолы» жолаушылар тасымалы поезына мініп, Алматыға сапар шегейік. Ауа райы тамаша болып тұр екен.
Енді Алматыдан ұшақпен әуе кассасынан билет алу үшін тағы мына жұмбақтарға жауап беру керек. Бұл біздің бірінші аялдамамыз.
1. Отырса – жасыл
Ұшса – сарғаяды
Жерге түсіп қараяды. (жапырақ)
2. Ешкімнен қорықпайды бірақ қалтырайды (терек)
3. Бар ма, жоқ па
Оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде
Өмір сүріп жүрмейсің (ауа)
Мұғалім: Жақсы балалар, біз қазір ұшаққа мінеміз. Стюардесса сөйлейді: Саламатсыздар ма, құрметті жолаушылар! Біздің «Эйр Астана» ұшағына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на наш борт «Эйр Астана». Dear passengers! Welcome on the board «Air Astana»!
Біз енді Оңтүстік Америкамен тереңірек танысуымыз керек. Ол үшін біздің тарихшымызға сөз берсек.
Оқушы: Оңтүстік жарты шарлар туралы не білеміз?
Мұғалім: Оңтүстік Американың шеткі нүктелерін картадан көрсетіңдер.
Қандай тау, шөл бар?
Өсімдік пен жанаулары туралы не білесіздер.
Қандай табиғат зоналары бар?
Қандай белдеуліктерді білеміз?
Байырғы халқы туралы не білеміз?
Мұғалім: Міне Бразилияға түстік. Бұл біздің екінші аялдамамыз. Біз ормандарын аралауға барайық, жарай ма балалар?!
1. Ол үшін біз табиғат зоналарын білуіміз керек?
2. Ауыспалы ормандар зонасын білу керек?
3. Субтропиктік ормандар зонасын білу керек?
4. Саванналар дегеніңіз не?
5. Экватордың екі жағын алып жатқан қандай ормандар? ( Амазонканың ылғалды экваторлық зонасы)
6. Гелея дегеніңіз не? (ылғалды ормандар зонасы)
7. Оңтүстік жарты шар саваннасы кампоста қандай өсімдіктер өседі (тікенекті кактус, сүттіген, мимоза)
8. Неліктен Мексика таулы қыратын кактустың екінші отаны деп атайды? (өте көп өседі)
9. Субтропиктік дала зонасы қайда орналасқан? Бұл зонаны не деп атайды ( пампа)
10. Шөлейт зонасы қайда орналасқан? (материктің оңт. патагония жерін қамтиды)
11. Неліктен бұл зонаны ғаламшардың өкпесі деп атайды? (қызыл сары феролитті топырақтарда ағаштардың 2000 нан астам түрі бар)
12. Бұл қалың орманды жергілікті халықты не деп атайды? (сельвас)
Өте жақсы балалар. Біз Оңтүстік Американың табиғат зоналары туралы меңгерген екенбіз. Енді келесі аялдамамыз жас саяхатшылар орталығы. Сол жерге барып жаңа жолдама алайық, келістік пе? Бұл жер бізге мынадай тапсырма беріп отыр. Енді өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне шолу жасаңдар деп отыр, себебі бізді ертең Ғ. Мүсірепов орта мектебіне барғасын өзге оқушылар: «не көрдіңдер деп сұрайды емес пе?»
III. Ой толғаныс. (13) Суреттер картамен жұмыс. Қай жануар қандай жерде мекендейді? Қандай өсімдіктер өседі?
Егер бұларды таппасаңыздар онда ауылға қайта алмай қалуларыңыз мүмкін.
Кайтуға билет сөз жұмбақ. Жұмыс дәптерлеріңде берілген сөз жұмбақты шешеміз.
Үйге тапсырма: кескін картаға барлық зоналарды және өсімдік пен жануарлар дүниесін түсіру
IV. Оқушыны бағалау. (2мин)
Сабақ аяқталды!
Сау болыңыздар!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×