Сайтқа кіру Тіркелу

Биолог, географ, химик

Сабақтың тақырыбы: Биолог, географ, химик.
Сабақтың мақсаттары: білімділік: жаратылыс тану бағытындағы қызмет түрлерімен таныстырып, биолог, географ, химик, эколог мамандарының еңбек жағдайы, жұмыс сипаты, кәсіби біліктілігі, жақын кәсіп түрлері туралы білім беру;
дамытушылық: жаратылыс тану пәндерінен алған білімдерін практикада пайдалану салаларымен таныстырып, пайдалануды үйрету;
тәрбиелік: еңбекке, қоршаған ортаны қорғауға және қоғам өміріне белсене араласуға тәрбиелеу.

Әдістер мен оқыту іс - әрекеттері:
Мұғалім сабақты үй тапсырмасын тексеруден бастайды, сұрақтарға жауап алады:
Кәсіптің негізгі элементтері?
Кәсіп туралы халық тәлімі?
Өндіріс, шаруашылық, сала – сөздікпен жұмыс.
Өз бетінше жүргізілетін іс - әрекеттері:
«Жұмыс істеу, еңбек ету үшін лайықты күн мен сағатты күтпе. Есіңде болсын, әр күн және әр сағат - жұмыс істеп, еңбек ету үшін ең ыңғайлы уақыт». А. Ф. Башгиль. Оқушылар нақыл сөзді оқып, негізгі ойын түсінуге тырысады. Айтылған оймен келіссе, ол туралы әңгімелеп береді.
«Аяқталмаған сөйлем» жаттығуын орындайды:
Еңбек дегеніміз.....
Еңбексүйгіштік дегеніміз....
Еңбек маған....
Сабақтың мазмұны мен барысы:
Мұғалім жаңа сабақты түсіндіруден бастайды.
Жаңа сабақ жоспары:
1. Биолог:- жұмыс сипаты;
- жұмыс жағдайы;
- білімі мен білігі;
- талаптар;
- жақын қызмет түрлері.
2. Географ:- жұмыс сипаты;
- жұмыс жағдайы;
- білімі мен білігі;
- талаптар;
- жақын қызмет түрлері.

3. Химик:- жұмыс сипаты;
- жұмыс жағдайы;
- білімі мен білігі;
- талаптар;
- жақын қызмет түрлері.
Мұғалім оқушылардың жаратылыстану, география, химия пәндерінен алған білімдерін пайдаланып, жоспар бойынша сабақты түсіндіреді.

Жұмыс сипаты

Биологтар тірі ағзалар мен қоршаған ортаның өзара әрекетін зерттейді. Бұл саланың кейбір мамандары іргелі зерттеулер жүргізіп, тірі ағзалар туралы білімдерін жинақтап, ғылыми - зерттеу жұмысымен айналысады. Биолог - зерттеушілер ағзаның қандай түрін зерттейтіндіктеріне байланысты жіктелетінін айтады: гидробиологтар су өсімдіктері мен жануарларын зерттейді. Биохимиктер тірі заттардың химиялық құрамын зерттейді. Ботаниктер өсімдіктер мен олардың түрлерін зерттейді.

Микробиологтар бактерия, балдыр немесе бөртпе тәрізді микроскопиялық организмдердің өсуі мен сипатын зерттейді. Физиологтар өсімдіктер мен жануарлардың өмірлік маңызды қызметтерін, тұтас тірі организмді (өсімдік пен жануарларды) клеткалық және молекулалық деңгейде, қалыпты және қалыптан тыс жағдайларда зерттейді. Зоологтар жануарларды олардың пайда болуын, мінез - құлқын, оларға тән ауруларды және өмірлік циклін зерттейді. Зоологтар өздері зерттейтін жануарлардың түрлері бойынша орнитолог (құстар жөніндегі маман), маммолог (сүтқоректілер), герпентолог (бауырымен жорғалаушылар), ихтиолог (балықтар) болып жіктелетінін айтады. Экологтар организмдердің арасындағы өзара қатынастарды, организмдер мен оларды қоршаған ортаның өзара қатынастарын, сондай - ақ халық саны, табиғаттың ластануы, жауын - шашын мөлшері, температура және теңіз деңгейінен биіктік тәрізді факторлардың табиғатқа әсерін зерттейді.

Сабақ барысында ВВС Чудеса жизни топтамасынан тақырыпқа сай ОНЛАЙН ВИДЕО көрсету керек (http:/www. youtube. com.) Қазіргі таңда кәсіп ауыстырумен ешкімді таң қалдырмайсың. Еңбек нарығындағы жағдай шынымен - ақ жыл сайын ауысып отырады. Егер бір жылы Қазақстанның экономикасының дамуы үшін заңгерлер қажет болса, келесі жылы инженерлік мамандар, IT және компьютерлік аппараттық қамтамасыз етуді өңдеушілер талап етіледі. Соның бірі, қазіргі XXI ғ. қажетті мамандық — эколог мамандығы. «Экология» термині ерте 1866 жылы пайда болды. Және әрі қарай да сыртқы ортаны сақтау мәселелері көп орын алатын болады. Атмосфераға зиянды тастамалардың өсуі экология мәселелерін болашақ ғаламдық әлемде бірінші орынға қояды. Бір жағынан кәсіби экологтарға сұраныс өседі, ал басқа жағынан – табиғатты қорғаушыларға талаптар спектрі кеңейеді. Эколог мамандығы физика, химия мен биологияны, табиғатта болып жатқан үрдістерді компьютерлік модельдеуді білуді талап ететін болады. Мысалға айтын болсақ, еліміздегі Арал теңізінің су қоры неліктен жылдан жылға кеміп отыратыны эколог мамандары зерттейді.

Географтар табиғи ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалану, өндіріс орындарын оңтайлы түрде орналастыру және адам өмірі үшін қолайлы орта жасау мақсатында табиғи және өндірістік - аумақтық кешендерді және олардың құрамдас бөліктерін ( халқы мен шаруашылығы) зерттейді. Географиялық ғылымдар жүйесін жіктелуі туралы айтылады:
- Табиғи немесе физикалық - географиялық ғылымдар. Бұларға топырақтану, ланшафттану (жер бетінің көрінсін зерттеу), геоморфолдогиялық (жер бетінің құрылысы), климотология, мұхиттану т. б.
- Қоғамдық географиялық ғылымдар. Олар экономикалық география (халықтар, табиғи ресурстар географиясы) және тарихи география енеді.
Химиктер заттардың қасиетін, құрамын және құрылымын, сондай - ақ олардың өзара әрекетін, қосылуы мен реакциясын басқаратын заңдарды зерттейді. Олар жаңа өнімдер жасаумен, қазіргі бар өнімдерді жетілдірумен айналысады. Мысалы, синтетикалық каучук пен пластиктің алуан түрлері полимерлендіру процессін зерттеу нәтижесінде алынған.
Еңбек жағдайы.
Жұмыс уақыты тұрақты. Аптасына 48 сағат. Зертханаларда, ғылыми зерттеу институттарында, кеңселерде жұмыс істейді.
Білімі мен біліктіліктері.
Жоғарғы оқу орындарында дайындайды.
Қойылатын талаптар.
Жауапкершілік, еңбекқорлық, білімділік, тиянақтылық.
Жақын кәсіп түрлері.
Қорықшылар, медицина қызметкерлері, мал дәрігері, ауыл шаруашылық мамандары.
Оқушылардың жаңа сабақты дұрыс түсінгенін тексеріп, бекіту үшін төмендегідей сұрақтар қоюға болады:
- Биолог зерттеушілер жұмыс істейтін ағза типтеріне байланысты қалай жіктеледі?
- Еңбек жағдайлары қандай?
- Химиктер қандай салаларда жұмыс істейді?
- Географиялық ғылым жүйесі қалай бөлінеді?
Сабақты қорыту барысында мұғалім, жоғарыдағы мамандықтарды меңгеру үшін мектептік бағдарламадағы биолог, химия, география, математика, тарих ботаника, анатомия пәндерін жақсы оқып, осы пәндер бойынша білімдерін тереңдету қажет екендігін ескертеді.
Үйге тапсырма ретінде осы мамандық иелері туралы және ғылым салалары туралы материалдар жинап, жинақ папкісіне салу тапсырылады.
Интернетпен жұмыс, конспектімен жұмыс.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×