Сайтқа кіру Тіркелу

Орталық Қазақстанның шаруашылықтың аумақтық ұйымдастырылуы

Сабақтың тақырыбы: Орталық Қазақстанның шаруашылықтың аумақтық ұйымдастырылуы. Ішкі айырмашылықтары.
Сабақтың мақсаты: Орталық Қазақстанның өнеркәсіптері, көлік, ауыл шаруашылығы мен экологиялық проблемаларын жайлы білімдерін толықтыра түсу, алған білімдерін өз беттерінше толықтыруға, ізденімпаздылық қабілеттері мен шығармашылық қабілеттерін шыңдай түсуге, тақырыптық карталарымен жұмыс істей білуге дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылар жаңа білім алады.
2. Ынтымақтастық атмосферасы орнайды.
3. Қызығушылықтары артады.
4. Сыни ойлайды.
Сабақ барысы Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды психологиялық дайындау, өзін - өзі реттеу Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алады Сәлемдеседі, сабаққа назар аударады.
Білу
Тақырып мазмұны бойынша
Кім? Не? Қандай? Қалай?
Нені? Қашан? Не істеді?
Сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелінуі қажет. 1. Орталық Қазақстанның пайдалы қазбалары туралы не білеміз?
2. Сандар сөйлейді.
1. 1358 мың. ( халқы)
2. 3, 2 адам км ( орташа тығыздығы)
3. 428 мың км ( ауданы)
4. - 15 с ( қысы суық, орташа температурасы)
5. 250 мм ( жылдық жауын - шашын)
6. 160 ( Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы)
7. 100% ( кокстелген көмір, Атасу, жезді марганецтің кен орындары)
8. 115, 1, 3 млн ( ұлт өкілдері, адам тұрады)
9. Ауданда 11, 1063, 4 мың, 479 мыңы ( қаласында, адам тұрады, оның Қарағанды қаласында )
10. 69% ( халықтың үлесі)
( әрбір дұрыс жауапқа оқушыларға жұлдызшалар таратылды)
Топтық жұмыс топтарға бөліп отырғызу Мозайка әдісі бойынша үш топқа бөліп отырғызу.
Түсіну
Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін? сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады.
1. Неліктен Орталық Қазақстанды «Тау – кен металлургия, көмірдің орталығы» деп атанған?
2. Өткен ғасырдың 30 - жылдарында қазақтың тұңғыш академик Қ. И. Сәтбаевтың жасаған жұмыстарының нәтижесі қандай?
3. Қарағанды көмірі туралы не білеміз?
4. Қ. И. Сәтбаев кім? Оның зерттеулерінің маңызы?
5. Орталық Қазақстан қандай облыспен шектеспейді?
Қолдану
Мәтінмен жұмыс. Салыстыр. Өнеркәсіптің маңызын аш, орталықтарын сипатта Топтық жұмыс
1 - ші топ: Өнеркәсіптің түрлері
2 - ші топ: Балқаш және Жезқазған өнеркәсіп тораптары, көлік
3 - ші топ: Ауыл шаруашылығы, экологиялық проблемалары

Сергіту сәті Интербелсенді тақтаға «Скелет биі» биін қосып қояды. Оқушылар сергіту сәтін орындайды.
Талдау
Қорытынды жасау, анықтама беру, мазмұнды жүйелеу, картадан орталықтарын көрсету Әр топ өз өнеркәсіптің орталықтарын көрсетеді, сипаттайды, баяндайды.
Көліктің түрлерін, ірі өнеркәсіп орындарын, ауыл шаруашылығын және экологиялық проблемаларын табиғатын сипаттайды, талдайды.
Топтау
Өз жұмыстарына баға беру Әр топ өз өнеркәсіптерінің орталығын көліктің маңызына баға береді, оның ауыл шаруашылығы мен экологиялық проблемаларын маңызын айтады.
Сабақты қорытындылау
Деңгейлік тапсырмалар орындайды
I деңгей тест тапсырмалары
1. Қазақтан шыққан тұңғыш геолог Ұлттық ғылым академиясының тұңғыш президенті
А) Ш. Уәлиханов Б) Қ. Сәтбаев В) М. Қашқари
2. Қарағанды көмірдің жалпы қоры?
А) 31 млрд Б) 56 млрд В) 51 млрд
3. Астана - Қарағанды - Мойынты - Шу теміржолдары қай жылдары салынған?
А) 1950 ж Б) 1930ж В) 1940 ж
4. Орталық аудандағы жақсы дамыған мал шаруашылығының саласы:
А) қой Б) түйе В) құс
5. Күкірт қышқылын өндіруден Орталық Қазақстан нешінші орында?
А) 1 Б) 4 В) 2
II деңгей тест тапсырмалары
1 Толық циклді зауыты қай қалада орналасқан?
А) Теміртау Б) Жезқазған В) Балқаш
2. Мыс кен орындарын зерттеген академик кім?
А) Ш. Уәлиханов Б) Қ. Сәтбаев В) М. Қашқари
3. Шойынмен болаттың неше %- ын береді?
А) 100, %50 % Б) 100, % 60% В) 100%, 80%
4. Орталық Қазақстанда қандай дәнді дақылдар өсіріледі?
А) бидай, арпа Б) бидай, күнбағыс В) тары, картоп
5. Орталық Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарда қандай бұйымдар шығарады?
А) аяқ киім, мех Б) тігін, тоқыма В) тоқыма, шұлық
III деңгей тест тапсырмалары
1 Мыс зауыты қай қалада орналасқан?
А) Теміртау, Балқаш Б) Жезқазған, Балқаш В) Балқаш, Қарағанды
2. Орталық Қазақстанда қандай техникалық дақылдар өсіріледі?
А) арпа Б) күнбағыс В) картоп
3. Орталық Қазақстанда химия өнеркәсібі қандай өнімдер шығарады?
А) лак, күкірт Б) бояу, тұрмыстық химия өнімдері В) бояу, фосфор
4. Петропавл - Шу магистралындағы көлік торабы:
А) Қостанай Б) Ақтөбе В) Қарағанды
5. Орталы Қазақстанның каналы:
А) Шардара, Іле Б) Кеңір, Бұқтырма В) Ертіс - Қарағанды - Жезқазған

Бағалау Мұғалім жинақтап қорытынды баға қояды. Әр топ басшысы бағалау парағындағы қорытынды ұпайды шығарып, сыныпқа хабарлайды.
Рефлексия «Әткеншек» ойыны. Балаларды екі шеңберге тұрғызу. Ішкі және сыртқы шеңбер кезегімен қозғалып сабақта не болғанын бір - біріне айтады. Оқушылар сыртқы және ішкі шеңберге тұрады. Ішкі және сыртқы шеңбер кезегімен қозғалып сабақта не болғанын бір - біріне айтады.
Үйге тапсырма §42 оқу, кескін картаға Орталық Қазақстанның өнеркәсіптерін белгілеу Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алу.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Заттардың пайда болуы мен оларға қол жеткізу

Заттардың пайда болуы мен оларға қол жеткізу

Оқу мақсаты: 6. 3. 3. 4 Қазақстандағы пайдалы қазбаларды өңдеудің ірі орталықтарын атау және көрсету....
Орталық Қазақстанның шаруашылық географиясы

Орталық Қазақстанның шаруашылық географиясы

Білімділік мақсаты – Орталық Қазақстан экономикалық ауданның ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп географиясына тоқталу, өнеркәсіпті мамандандыру және...
Солтүстік Қазақстанның шаруашылық географиясы.

Солтүстік Қазақстанның шаруашылық географиясы.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы №14 ОЖББМ география пәнінің мұғалімі Жолмуханова Айгул Салимовна...
СҚО ЭГЖ

СҚО ЭГЖ

Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Ғалым Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің география пәні мұғалімі Шекенова Күләй Сайлауқызы...
Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы

Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы

Алматы қаласы, Медеу ауданы, Ш.Уалиханов атындағы №12 гимназияның география пән мұғалімі Алимбай Салтанат Серикбайқызы Сабақтың тақырыбы: Шығыс...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×