Сайтқа кіру Тіркелу

Жердің Күн жылуы мен жарықтың таралуы, жылулық белдеулері, жыл мезгілдері

Сабақтың тақырыбы: Жердің Күн жылуы мен жарықтың таралуы, жылулық белдеулері, жыл мезгілдері.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Жердің өз осінен айналуы туралы түсінік алуға жағдай жасау.
Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылар жаңа білім алады.
2. Ынтымақтастық атмосферасы орнайды.
3. Қызығушылықтары артады.
4. Сыни ойлау дағдылары артады.
6 Міндеттері
1. Тақырыптың өмірмен байланысын анықтау.
2. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру, жан - жақтылыққа баулу, топпен жұмыс істеу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру

Сабақтың типі: Жаңа білімді үйрету, меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Пән аралық байланыс: Астрономия, физика
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: Қима қағаздар, суреттер, бағалауға арналған түрлі қағаздар, таратпа материалдар
Сабақтың әдіс - тәсілдері Сұрақ - жауап, СТО, ой шақыру
Сабақ кезеңдері:
Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушылардың іс - әрекеті
Әдістер
Бағалау
Ұйымдастыру
Амандасу тренингі
Оқушылардың көңіл - күйлерімен танысу Амандасады. Көңіл - күйлерін білдіреді.
Топқа бөлінеді.
Әр топ, топ басшысын сайлайды.
Топқа бөліну тренингі:
«Жер ғаламшары»
Оқушылар Күн және түн болып 2 топқа бөлінеді.
Үй тапсырмасын сұрау: Өткен сабақты еске түсіру үшін географиялық диктант беріледі. Оқушылар өткен сабаққа шолу жасайды.
Жаңа сабақ барысы: Оқушыларға жаңа сабақ мазмұнымен танысуға
7 минут уақыт беріледі. Оқушылар жаңа тақырыптың мазмұнымен таныса отырып, топта талқылайды, бір - біріне түсіндіреді. Түсіну дәрежесін анықтау
Топтық жұмыс: Оқушыларға тапсырма беріледі: Жердің жылдық айналуының сызбасын сыз. Оқушылар өз топтарында жердің жылдық айналуының сызбасын сызып, басқа топтарға түсіндіреді. Ес картасы
Тәжірибе: Тәжірибе барысымен таныстыру:
Глобустың бір бүйірінен жарық түсетін етіп қойып, өзіңнің тұратын жеріңді белгіле. Өзіңнің тұратын жеріңде таңның атқандығын, талтүсті, күннің батуын, түн ортасы екендігін анықтауға болатындай етіп глобусты орналастыр. Сенің тұратын жеріңде талтүс болғанда Жер шарының қай жерінде түн ортасы болады? Оқушылар тәжірибені жасау арқылы өз қорытындыларын айтып береді.
Дәптермен жұмыс: Оқулықтағы негізгі ақпараттарды түртіп алуға тапсырма беріледі. Жердің өз осінен айналуға кеткен уақыт 24 сағатқа тең. Сол себепті де 24 сағатты 1 тәулік дейміз. Жер Күнді межеленген уақытта толық айналып өтуін жыл деп атайды. т. б.
Картамен жұмыс: 1. Карта бойынша батыс пен шығыс және солтүстік пен оңтүстік бағыттарын көрсет.
2. Картадан өзіңнің тұрған жеріңнің Астанадан қай бағытта орналасқандығын анықта.
3. Картадан экваторды, полюстерді, жарты шарларды көрсет. Оқушылар өз беттерімен орындайды. Топтық бағалау
Үйге тапсырма: Жердің Күн жылуы мен жарықтың таралуы, жылулық белдеулері,
жыл мезгілдері.
Кері байланыс: Оқушылар не үйренгендерін және не үйренгісі келетіндерін жазып береді.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×