Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Бразилия

География. 11 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бразилия.
Сабақтың мақсаты:
1. Дамытушылығы; Бразилияның экон-географиялық жағдайы мен табиғаты, халқы мен оның орналасуы туралы түсініктеме беру.
2. Білімділігі: Бразилия елінің шаруашылығы мен дәстүрлері туралы әңгімелеу.
3. Тәрбиелілігі: Табиғатты қорғау, Отан сүйгіштік пен адамгершілік және патриоттыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: презентация, слайдтар, интерактив тақта. Дүние жүзінің саяси картасы.
Сабақтың әдісі: саяхат сабақ, дамыта оқыту.
Сабақтың барысы: І. Бразилия
І. Бөлім. Жұмыла көтерген жүк жеңіл (үй тапсырмасын сұрау)
ІІ - бөлім. Мұхиттың арғы жағында ( Бразилия елімен саяси карта бойынша танысу)
ІІІ - Бөлім. Тарих тағылымы.(елдің тарихы мен қалыптасуы)- слайдтық түсіндірме жүргізу.
І У - бөлім. Елдің қуаты халық. (халқының құрамы, тілі, діні)- слайдтық түсіндірме жүргізу
У - бөлім. Ғажайып табиғат.(Бразилия табиғатына сипаттама)- слайдтық түсіндірме жүргізу
УІ - бөлім. Қиялдағы қалалар.(ірі қалаларды суреттеу)- слайдтық түсіндірме жүргізу
УІІ - бөлім. Еңбек ел ырысы.(өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы)- слайдтық түсіндірме жүргізу
УІІІ - бөлім. Қасиетті дәстүрлер.(Бразилияның дәстүрлері мен ұлттық мерекелері.)- слайдтық түсіндірме жүргізу
І. Бөлім. Жұмыла көтерген жүк жеңіл (үй тапсырмасын сұрау)
1/ Латын Америкасы елдерінің географиялық орны қандай?
2/ Латын Америкасы этникалық құрамының ерекшелігі қандай?
3/ Латын Америкасының халқы қандай тілдерде сөйлейді?
4/ Латын Америкасында қандай жаңа индустриялы елдер бар?
5/Л. А. құрамына қанша ел енеді?
ІІ - бөлім. Мұхиттың арғы жағында ( Бразилия елімен саяси карта бойынша танысу)
Экономикалық - географиялық жағдайы: Оңтүстік Американың шығыс және орталық бөлігінде орналасқан.
Жер көлемі - 8, 5 млн. ш. ш
Халқы - 189 млн
Астанасы - Бразилиа
Ақшасы - реал
Діні - христиан, католиктер.
Мемлекеттік тіл - португал тілі
Ұлттық мейрамы - 7 қыркүйек 1822 жылы Португалиядан босап тәуелсіздік алды.
Мемлекет басшысы - Қарулы Күштердің бас қолбасшысы президент.
Жоғарғы Заң шығарушы органы - Ұлттық конгресс, ол федералдық сенат және депутаттар палатасынан тұрады.
Әкімшілік жағынан - 25 штатқа бөлінген. Әр штатты губернатор басқарады. Әр штаттың өз Конституциясы бар. Оңтүстік Америка материгінің жартысын қамтитын Бразилия аумағы мен халық жөнінен дүние жүзінде 5 - орында.
ІІІ - Бөлім. Тарих тағылымы.(елдің тарихы мен қалыптасуы)- слайдтық түсіндірме жүргізу.
Тарихы: Бразилия жеріне адамдар неолит дәуірінен қоныстанған. ХУІ ғасырдың басына дейін Бразилия жерін тупи - гуарани, тупинамбас, ботокуд, тамойос, короада тайпалары мекендеген. Олар аңшылықпен, балық аулаумен айналысқан. 1500 жылы Бразилия жағалауларына португал теңіз жүзушісі Педру Кабрал келіп түскен. Ол елді Португалия иелігі деп жариялаған. Теңізшілер Еуропаға паулбразил деген қызыл ағаш тасыған.
1549 жылы генерал - губернаторлық құрылып астанасы Байя болды. 1594 жылдан бастап құлдар әкелінді. Олар мақта, күріш, жүгері, қант құрағын өсірді. 1763 жылы ел астанасы Рио - де Жанейроға көшірілді. 1815 жылы Бразилияға корольдік статус беріліп, «Португалия, Бразилия, Алгавро біріккен корольдігі» құрылды. 1822 жылы Бразилия тәуелсіздігі жарияланып, 1824 жылы тұңғыш Конституциясы қабылданды.
І У - бөлім. Елдің қуаты халық. (халқының құрамы, тілі, діні)- слайдтық түсіндірме жүргізу
Халқы: 187 млн. Нәсілдік құрамы төмендегіше: ақ нәсілдер - 54 %, негрлер - 5, 9 %, мулаттар, метистер, самболар мен үндістер 38, 5 % құрайды. Соңғы жылдары жапониялық иммиграция басым болды. Қазіргі кезде елде 1 млн - дай жапондар бар, олар жоғары дәрежелі мамандар.
Халықтың табиғи өсімі - 1, 6%. Өмір сүру ұзақтығы ерлер - 59 жас, әйелдер - 69жас. Қалада тұратындар - 77%.
У - бөлім. Ғажайып табиғат.(Бразилия табиғатына сипаттама)- слайдтық түсіндірме жүргізу
Жер бедері:
Бразилия жері экваторлық, субэкваторлық, тропиктік, субтропиктік ендіктерде орналасқан. Ойпатты, көп жерін Бразилия таулы үстірті алып жатыр.
Климаты:
Негізінен ыстық, жауын - шашын мөлшері әртүрлі. Елдің батыс жағы ылғалды, экваторлық, шығыс жағы қуаңшылықтау.
Пайдалы қазбалары: жер бетінің геологиялық құрылысының күрделілігіне байланысты қойнауы түрлі кенге бай. Олар темір кені, газ, ниобий, бериллий, апатит, боксит, алтын, марганец кені және асбест (І - орын), вольфрам, молибден, фосфорит, кобальт, алмас өндіреді.
Темір кенінің қоры бойынша дүние жүзінде І - ші орында. Жанғыш тақта тас қоры жөнінен дүние жүзінде 2 - орында. Тас көмірдің қоры - 12 млрд. т.
Ірі темір кені алабы - Каражас, (қоры 18 млрд. т), мыс кені - Караиба.
Ірі өзендері: Амазонка - 6437км, Парана, Сан - Франциску, Риу - Негру, Мадейра. Токантинс.
УІ - бөлім. Қиялдағы қалалар.(ірі қалаларды суреттеу)- слайдтық түсіндірме жүргізу
Ірі қалалары: Рио - де Жанейро. Сан - Паулу, Белу - Оризонти қалаларына сипаттама жасау
УІІ - бөлім. Еңбек ел ырысы.(өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы)- слайдтық түсіндірме жүргізу
Шаруашылығы: Соңғы жылдары технология мен инвестиция арқылы өнеркәсібі ірі жетістіктерге жетті. Аграрлық елден индустриялық елге айналды.
Жалпы ішкі өнімнің мөлшері бойынша Бразилия дүние жүзінде 10 - орында. Жалпы ішкі өнім өнеркәсіптің үлесі - 33% құраса, ауыл шаруашылығы 11% құрайды.
Негізгі өнеркәсіп салалары:
1/ отын - энергетика
2/ қара металлургия
3/ түсті металлургия
4/ ағаш өнеркәсібі
5/ атом өнеркәсібі
6/ тамақ өнеркәсібі
/ медицина мен биотехнология дамыды.
Өсімдік шаруашылығы: қант құрағы - 250млн. т, кофе - 80%, қытайбұршақ, жүгері, кокос, банан, мақта - 800 мың т, какао.
Мал шаруашылығы: ірі қара, шошқа және құс өсіреді.
УІІІ - бөлім. Қасиетті дәстүрлер.(Бразилияның дәсүрлері мен ұлттық мерекелері.)- слайдтық түсіндірме жүргізу
1 - қаңтар - Жаңа Жыл мерекесі!
16 - 17 ақпан - Карнавал күндері!
1 мамыр - Еңбек мерекесі!
7 - қыркүйек - Тәуелсіздік мерекесі!
15 қараша - Республиканың тәуелсіздік мерекесі!
25 - желтоқсан - ескіше Жаңа Жыл мерекесі:
Мерекелері: 40 күндік католиктік айт мерекесі, соңынан ақпан айының сейсенбісінде 5 - 7 күн карнавалдық мерекелер, ол күні алкоголь мен темекі, еттен, жаман әдеттерден аулақ болады. «Карнавал»- етпен қоштасу деген мағынаны береді.
Сүйікті хоббилері: футбол (Әлем Кубогын 5 рет жеңіп алған 1958, 1962, 1970, 1994, 2002ж,) кофе ішу, карнавалда билеу, балық аулау.
Ұлттық тағамдары: Фейжоада - фасоль, ет, маниок, капуста, апельсин, соус, күріш.«Бразилия» кофесі, түрлі салаттар.
Сабақты бекіту: 1/ Кесте бойынша Латын Америкасы елдерін халқы және жер көлемі бойынша орналастыру
2/ Бразилия елі бойынша аннотация жүргізу.
3/Экономикалық картадан ірі өнеркәсіп орталықтарын табу.
4/ Саяси карта бойынша Бразилияның шектесетін елдерін табу.
5/ Бразилиядағы ірі географиялық объектілерді табу
6/ Ірі темір, мұнай, мыс, көмір орындарын жазу.
Үйге тапсырма беру: Бразилия
Қорытынды: Бразилия - Латын Америкасындағы жаңа индустриялық - аграрлық ел. Жер көлемі мен халық саны бойынша дүние жүзінде 5 - ші орында. 1992 жылдан бері Қазақстанмен дипломатиялық қарым қатынас орнатқан. Басты экономикалық әріптестері АҚШ, Жапония, Канада т. б елдер.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету