Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақстанның климаты

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның климаты. Климат қалыптастырушы факторлар. Күн радиациясы.
Сабақтың мақсаты: Оқушылар Қазақстан климатының ерекшеліктері, климат құрушы факторлар туралы білімдерін жүйелейді және «күн радиациясы» ұғымын қалыптастырады. Күн радиациясы түрлерімен танысады. Қазақстан аумағындағы жиынтық күн радиациясының таралу заңдылықтарын түсінуге жағдай жасалынады.
Сабақтың міндеттері:
- Қазақстан климатының ерекшеліктеріне және климат құрушы факторларға сипаттама береді;
- мәтінді, қосымша теориялық мағлұматтарды оқып, жан - жақты зерттеу арқылы «күн радиациясы», «жиынтық күн радиациясы», «жұтылған және шағылған радиация» деген жаңа ұғымдар туралы білімдерінқалыптастырады және жиынтық күн радиациясының таралу заңдылықтарын карта арқылы анықтайды;
- жеке, жұп, топпен тапсырмаларды орындайды, мәтінді жан - жақты зерттеп, талдайды, жинақтап қорытынды шығарып бағалайды.
Оқыту құралдары: Қазақстанның физикалық картасы, Қазақстан аумағындағы жиынтық күн радиациясы картасы.
Негізгі ұғымдар: климат, климат құрушы факторлар: географиялық ендік, ауа массалары, климатқа мұхиттар мен ағыстардың, жер бедері мен биіктіктің әсері.
Номенклатура: Астана, Петропавл, Қарағанды, Жезқазған, Тараз, Шымкент және Солтүстік Қазақстан облысы, Алматы, Владивосток.
Сабақтың әдістері: мұғалімнің проблемалық сұрақтары, кубизм, Венн диаграммасы, семантикалық кесте, 5 жолды өлең.
Сабақтың бейнесі (тип): жаңа білімді қалыптастыру сабағы.
Сабақтың түрі: Сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасы шеңберіндегі сабақ
Бағалау: оқушылар бағалау парағын толтырады.
Оқушының есімі сұраққа жауап беру шеберлігі мәтін б – ша материалды қамтуы пікір ерекшелігі белсенді тыңдау жолдасын жұмысқа тартуы жалпы ұпай
Сабақтың барысы
І. Қызығушылықты ояту.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар, бүгінгі сабақ жаңа білімді қалыптастыру сабағы.
Сабақтың тақырыбы «Қазақстанның климаты. Климат түзуші факторлар»
«Қазақстанның климаты» бөлімін бастап отырмыз, онда сіздер:
- Климат түзуші факторлар.
- Ауа қысымы мен жылудың таралуы. Фронттар. Жел.
- Қазақстан аумағындағы жауын - шашынның таралуы т. б. тақырыптар бойынша білімдеріңізді тереңдетесіздер.
Сабақтың басты мақсаты – Қазақстанның климат ерекшеліктері және климат түзуші факторлар туралы білімдеріңді тереңдетіп жүйелейсіздер т. б.
Әр топтың бағалау парағы бар, сол бағалау парағы арқылы бір - бірлеріңізді бағалайсыздар.
Тапсырмалармен жұмыс:
І топ. Климат және ауа райы дегеніміз не? Анықтаңыз.
Бейнелі мысал:
«... 17 тамыз, таңертеңнен жылы болды, біз аулада жеңіл киіммен доп ойнадық. Бір уақытта 10 - 15 минуттың ішінде аспанды бұлт басып, күннің көзі көрінбей кетті, бір жақтан тұман пайда болды. Ал жартты сағаттан кейін жел тұрып, жаңбыр басталды. Жаңбыр екі күнге созылды...»
(... )
«... Солтүстік Қазақстанда жылдың жылы кезеңі көктем, сәуірдің соңғы аптасынан, яғни 20 – 22 - де басталып мамыр айының соңына дейін созылады, көктем айы қысқа 20 – 30 күндей болады, салқын және құрғақ болып келеді, осы құбылыс жыл сайын қайталанып отырады...».
(... )
ІІ топ. Климат пен ауа райының ерекшеліктері мен ұқсастықтары қандай? Венн диаграммасын толтырыңыздар.
Климат Ауа райы
3 топ. Қазақстан қандай материкте және ендіктер аралығында орналасқан?
4 топ. Қандай климаттық белдеуде орналасқан?
5 топ. Қазақстан климатының қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?
Осындай тапсырмалардан кейін барып мағынаны тануға мүмкіндік берілді.
II. Мағынаны тану. Қазақстанның климаты туралы алдын - ала берілген тапсырмалар және мәтін бойынша ақпараттармен жұмыс істеп, ойларын жинақтайды [2]:
- географиялық құбылыстардың себептерін, себеп - салдардың тіке және кері байланыстарын анықтауға үйренеді;
- мәтін негізінде семантикалық кестені толтырады, тапсырма негізгі анықтамалар мен ұғымдарды пысықтауға және оқулықпен оқу жұмысының қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
1 топ. Суреттеңіз.«Қазақстанның климат ерекшеліктері».
2 топ. Зерттеңіз. «Климат түзуші факторлар».

3 топ. Салыстырыңыз. «Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облысының климатына әсер етуші факторлардың ерекшеліктері мен ұқсастықтары». Венн диаграммасын толтыру.
4 топ. Қолданыңыз. «Күннің тіршілікке әсері және Күн радиациясы».
Анықтау қажет:
- Күн радиациясы ұғымын, өлшем бірлігін, оның түрлері (тура, шашыранды, жиынтық, жұтылған, шағылысқан күн радиацияларын);
- климат карталарының көмегімен күн радиациясының таралу ерекшеліктері мен заңдылықтары туралы қорытынды шығарыңыз.
5 топ. Дауласыңыз немесе қарсыласыңыз. «Семантикалық кесте арқылы тақырып бойынша білімдерін жинақтап, жүйеге келтіру».
Қосымша тапсырмалар:
1 топ. Солтүстік Қазақстан облысына бір жылда Күннен 1 см ² ауданға түсетін жылу мөлшерін анықтаңыздар.
Картадан бір жылғы жұтылған күн радиациясының көрсеткіші анықталады. СҚО ауданы солтүстігінде (90 ккал/см ²), ал оңтүстігінде (100 ккал/см ²) изосызықтары аралығында орналасқан:
Рж= (90 + 100): 2 = 95 ккал/см ²
2 топ. СҚО ауданы солтүстігінде (90ккал/см²), оңтүстігінде (100 ккал/см²) изосызықтары аралығында орналасқан. Бір жыл ішінде 1м² жерге жұтылған радиация түрінде қандай жылу мөлшері түседі?
95 ккал/см ² ∙ 10 000 см ² = 950 000 ккал.
3 топ. Бір жылда 1 м² жерге жұтылған радиация түрінде түсетіндей мөлшерде жылу алу үшін қаншама жоғары сапалы көмір жағу қажет?
(1 кг. жақсы көмір жанғанда 7 500 ккал/кг жылу береді). СҚО ауданына бір жылда 95 ккал/см.² жылу мөлшері түседі.
950 000 ккал: 7 500 ккал/кг = 127 кг.
Жер бетінің бір га – ға түскен бір жылғы жұтылған радиацияның орнын толтыру үшін қаншама жоғары сапалы көмір жағу қажет?
127 кг ∙ 10 000 м² = 1 270 000 кг немесе 1 270 тонна.
Мұншама жүкті тасу үшін, 50 тонна жүк алатын үлкен вагондардың қаншасы керек болар еді?
1 270 т.: 50 т. = 25 вагон.
4 топ. Картадан Петропавл, Астана, Алматы, Тараз, Шымкент қалаларының жиынтық күн радиациясының мөлшерін анықтаңыз.
5 топ. Бір ендік бойында орналасқан Алматы және Владивосток қалаларында жиынтық радиацияның мөлшері не себептен әр түрлі?
III. Ой толғаныс. Оқушыларға алған білім ақпараттарын түйіндеп айту үшін бесжолды өлең құрастыруды ұсындым [2]:
1 топ Климат
Шұғыл, континентті
Құрғайды, жылыйды, ылғалданады
Атмосфера циркуляциясына байланысты қалыптасқан,
Режим.
2 топ Ауа
Арктикалық, қоңыржай.
Ығысады, көтеріледі, алмасады.
Ауа массасы үнемі қозғалыстағы
Құбылыс.
3 топ Күн
Жарық, жылы
Шашырайды, жұтылады, шағылысады
Географиялық ендік бойынша өзгеретін
Сәуле.
4 топ Ауа райы
Ыстық, суық.
Өзгереді, қалыптасады, байқалады.
Жергілікті жерге тән тропосфераның
Күйі
5 топ Радиация
Тура, шашыранды.
Өзгереді, жұтылады, шағылысады.
Мезгілге, бұлттылыққа байланысты өзгеретін,
Сәуле.
ІV. Бағалау: Оқушының бағалу парағы.
V. Үйге тапсырма: 1)§20 Мәтінді оқу, сұрақтар мен тапсырмалармен жұмыс.
2) Жұмыс дәптерлерін толтыру
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Шығыс Қазақстан географиялық орны

Шығыс Қазақстан географиялық орны

Шығыс Қазақстанның өзіне тән ерекшеліктерін түсіндіру...
Аустралияның климаты және өзендері мен көлдері

Аустралияның климаты және өзендері мен көлдері

Оқушыларды материктің климат және климаттық белдеулері, ішкі суларымен таныстыру. Оқушылардың бірлесе оқу машықтарын жетілдіру;...
Атмосфераның циркуляциясы. Ауа массалары. Ауаның қысымы және желдер.  Қазақ ...

Атмосфераның циркуляциясы. Ауа массалары. Ауаның қысымы және желдер. Қазақ ...

Мақсаттары: Білімділік. Қазақстан аумағында ауа массаларының қозғалысы туралы білім қалыптастыру. Арктикалық, қоңыржай және тропиктік ауа массалары...
Еуразия материгінің климаты

Еуразия материгінің климаты

Сабақтың мақсаты: Ең үлкен материктің климат жағдайының ерекшеліктері жөніндегі білімдерін қалыптастыру. Тәрбиелік мақсаты: Жер бетіндегі табиғат...
Қазақстан аумағында атмосфералық жауын – шашынның таралуы.

Қазақстан аумағында атмосфералық жауын – шашынның таралуы.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы №14 ОЖББМ география пәнінің мұғалімі: Жолмуханова Айгул Салимовна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×