Сайтқа кіру Тіркелу

Тұрақты электр тогы

Сабақтың тақырыбы: Тұрақты электр тогы. Тұрақты токтың пайда болу шарттары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Электр тогы, тізбегі, электр тізбегінде токтың болу шарттары туралы ұғымдар ендіру.
Дамытушылық: Тұрақты токтың өткізгіштен өту заңдылықтарын меңгеру.
Тәрбиелік: Электр тізбегінде электрден қауіпсіздік ережесін орындауды дағдыға айналдыру.
Құрал - жабдықтар, көрнекі құралдар: Электрондық оқулық, слайдтар, амперметр, Вольтметр, жалғағыш сым, ток көзі, кілттер.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: баяндау, сұрақ - жауап, есептер шығару
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу
2. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тараудағы оқушылардың білім - білік дағдыларының қалыптасуын тексеру(қосымша тапсырмалар, тест жұмысы)
1. Электростатика дегеніміз не?
2. Кулон заңы дегеніміз не?
3. Жаңа сабақты баяндау. 1. Электр тогы, бағыты, әсерлері
2. Ток көздері, Гальвани тәжірибесі, Вольта бағанасы
3. Ток күші, кернеу, кедергі, олардың өлшем бірліктері, электр тізбегінің шартты белгілері
4. Ток тығыздығы, Электр энергиясы көзінің электр қозғаушы күші.
4. Сабақты бекіту Ой қозғау 1.«Инкубатордағы жұмыртқалар»
2. «Жәндіктер»
5. Сабақты қортындылау
1. Ток күші Өткізгіш ұшындағы кернеу
Ток көзінің ЭҚК Өткізгіштің кедергісі
Сабақты бекіту
«Инкубатордағы жұмыртқалар» ойыны (сұрақ - жауап)
Электр тоғы деп нені айтады?
Электр тоғы пайда болу үшін қандай шарттар орындалу қажет?
Электр тізбегі деп нені атайды? Оның құрамдас бөліктері қандай?
Электр тогының әсері қандай?
Ток күші деп қандай физикалық шаманы айтады? Ол нені сипаттайды?
Ток тығыздығы деп қандай физикалық шаманы айтады?
Қандай күштер бөгде деп аталады?
Ток көзі деп нені айтады?
Қандай ток көздерін білесіңдер?
«Электр тогы» түсінігін енгізген ғалым?
Электр қозғаушы күш деп нені айтады?
Ток күшінің өлшем бірлігі қандай?
Ток күшін өлшейтін құралды не деп атайды?
Амперметрді ток көзіне қалай қосады?
Амперметрдің шартты белгісі қандай?
Қыздыру шамы арқылы 0, 4 А ток өтеді. Бір секунда шамның көлденең қимасы арқылы еркін зарядтардың қандай мөлшері өткен?
Электр кернеуі деп нені айтады? Ол қандай бірлікпен өлшенеді?
Өткізгіштің ұштарындағы кернеуді өлшейтін құралды не деп атайды?
Вольтметрді ток көзіне қалай қосады? Вольтметрдің шартты белгісі қандай?
Кедергі деп нені айтады? Оның өлшем бірлігі қандай?
Электр қозғаушы күшінің өлшем бірлігі қандай?
Электр тізбегі неше бөліктен тұрады?
Ішкі тізбекке не жатады, сыртқы тізбекке не жатады?
Өткізгіштің көлденең қимасынан 1 минутта 30 мКл электр мөлшері өтетін болса, ондағы ток күші қандай?
«Жәндіктер» ойыны - есептер шығару
1. Өткізгіштегі ток күшінің шамасы 3 А - ге тең. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 4 с уақыт аралығында қанша заряд өтеді?
2. Көлденең қимасының ауданы 20*10 - 2 м 2 өткізгіштен 10 с ішінде 20 Кл заряд өтсе, ондағы ток күші қандай?
3. Кедергісі 1 Ом өткізгіштен 15 с уақытта 45 Кл заряд өтетін болса, онда өткізгіш ұштарындағы кернеудің түсуі неге тең?
4. Көлденең қимасының ауданы 8*10 - 2 м2 өткізгіштен 24 Кл заряд 16 с ішінде өтеді. Ток күші неге тең?
5. Электр шамының қыл сымынан 5 мин сайын 540 Кл электр заряды өтеді. Шамдағы ток күші қандай?
6. Электр дәнекерлегішінде ток күші 500 мА. Осы дәнекерлегіші арқылы 2 мин сайын қанша заряд ағып өтеді.
7. Тізбек бөліген 50 Кл электр заряды өткенде, 800 Дж жұмыс жасалатын болса, онда тізбек бөлігінде кернеу неге тең болады.
8. Өткізгіштен 50 Кл электр заряды ағып өткенде жасалатын жұмысты есептеңдер. Ал өткізгіштердің ұштарындағы кернеу 120 В.
9. Прожектордың электр шамындағы ток күші 2 А. Егер ол 1 мин ішінде 45, 6 Дж энергия жұмсайтын болса, прожекторға түскен кернеу неге тең болады?
10. Өткізгіштің ұштарындағы кернеу 5 В. Осы өткізгіш 40 с ішінде 500 Дж жұмыс жасайтын болса, онда ток күші неге тең?
Сабақты қортындылау
1. Электр тогы
2. Ток күші
3. Өткізгіш ұшындағы кернеу
4. Өткізгіштің кедергісі
5. Ток көзінің ЭҚК
Бағалау. Үйге тапсырма.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×