Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақстан аумағында атмосфералық жауын – шашынның таралуы.

Сабақтың тақырыбы:
Қазақстан аумағында атмосфералық жауын – шашынның таралуы.
Мақсаты:
Білімділік: Қазақстан аумағында жауын - шашынның таралу ерекшеліктерін түсіндіру.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, картамен, интерактивтік тақтамен оқулықпен жұмыс жасай білу, білім – білік дағдыларын жетілдіру, география пәніне
қызығушылық қабілетін дамыту; жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды еңбексүйгіштікке, табиғатты қорғай білуге, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға, табиғат құбылысының апаттарынан сақтана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың тегі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Қазақстанның физикалық, климат картасы,
жұмыс дәптері, асtive - oit, оқулық соңындағы қосымшалар.
Пәнаралық байланыс: Физикалық география, физика, математика, экология.
Сабақтың формасы: Жеке, топтық.
Сабақтың жоспары
1. Атмосфералық жауын - шашынның түрлері.
2. Қазақстан аумағындағы жауын - шашынның таралуы.
3. Қазақстан аумағындағы қар мөлшері.
4. Ылғалдану коэффициентін анықтау.
5. Қазақстандағы экологиялық жағдай.
Үй тапсырмасын тексеру.
Сандар сөйлейді.
13394 км
2724, 9 мың км
426 км
6995 м
5, 8
16, 6 млн
9
- 132
Географиялық сөздіктерді тексеру.
1. Климат
2. Трансформация
3. Изобар
4. Изотерма
5. Психрометр
6. Температура инверсиясы
7. Күн радиациясы
8. Воейков белдеуі
Сызбаларды толтыру
Климат қалыптастырушы факторлар
Күн радиациясы Атмосфера циркуляциясы Жердің төсеніш беті
Күн радиациясы
Тура Шашыранды Жиынтық Жұтылған Шағылысқан
Қазақстан аумағына әсер ететін ауа массалары
Арктикалық Қоңыржай Тропиктік
Қазақстан аумағында соғатын желдер
Ебі Сайқан Шілік Арыстанды қарабас Қордай Мұғалжар
І топ
1. Қазақстан жеріне жауын - шашынның аз және әркелкі түсуінің себебі неде?
2. Қазақстандағы жауын - шашынның орташа жылдық мөлшері қанша?
3. Әсіресе, Қазақстанның қай аймақтарына жауын - шашын өте аз түседі?
4. Қазақстандағы жауын - шашын ең көп түсетін жерді ата
5. Республикамыздың жазық және аласа таулы өлкелерінде жауын - шашын қай бағытқа қарай кемиді?
ІІ топ
1. Солтүстіктегі жауын - шашынның орташа мөлшері қанша?
2. Орталықтағы жауын - шашынның орташа мөлшері қанша?
3. Оңтүстіктегі жауын - шашынның орташа мөлшері қанша?
4. Қазақстанда жауын - шашын мөлшері батыстан шығысқа қарай қалай өзгереді
5. Республикамыздың қай аймақтары ылғалды өңір саналады?
ІІІ топ
1. Солтүстік өңірлерге жауын - шашынның 70 - 80%- ы жылдың қай мезгілінде түседі?
2.«Құрғақ жаңбыр» деген не?
3 Қазақстанның қай жерлерінде байқалады?
4. Еліміздің солтүстігінде жылдық жауын - шашынның қанша пайызы қыста түседі? 5. Еліміздің оңтүстігінде жылдық жауын - шашынның қанша пайызы қыста түседі?
Қорытынды.
1. Қазақстан жеріне жауын - шашынның аз және әркелкі түсуінін себебі Евразия материгінің орталығында орналасуы және мұхиттардан алыс жатуы.
2. Қазақстандағы жауын - шашынның орташа жылдық мөлшері 130 - 1600 мм.
3. Қазақстанда Арал теңізінің солтүстік шығысымен Балқаш көлінің батыс бөлігіне жауын - шашын өте аз түседі.
4. Қазақстандағы жауын - шашын ең көп түсетін жер Батыс Алтай.
5. Жазық және аласа таулы өлкелерде жауын - шашын солтүстіктен оңтүстікке қарай кемиді.
6. Солтүстіктегі жауын - шашынның орташа мөлшері 400 мм.
7. Орталықтағы жауын - шашынның орташа мөлшері 275 мм.
8. Оңтүстіктегі жауын - шашынның орташа мөлшері 130 мм.
9. Қазақстанда жауын - шашын мөлшері батыстан шығысқа қарай кеми береді.
10. Республикамыздың шығыс және оңтүстік - шығыстағы таулы аймағы ылғалды.
11. Солтүстік аймаққа жауын - шашынның 70 - 80% жылы мезгілде түседі.
12. Жаңбыр тамшыларының жер бетіне түспей, ауада буланып кетуі құрғақ жаңбыр деп аталады. Құрғақ жаңбыр оңтүстікте байқалады.
13. Еліміздің солтүстігінде жылдық жауын - шашынның 20 - 30% қыста түседі.
14. Еліміздің оңтүстігінде жылдық жауын - шашынның 50 - 60% қыста түседі.
Қар жамылғысы
Аймақтар Қардың жату ұзақтығы Қар қалыңдығы
Солтүстікте
Оңтүстікте
Таулы аймақтарда(Іле Алатауындағы Мыңжылқыда)
Ылғалдану коэффициенті
Ылғалдану коэффициенті – жылдық жауын - шашын мөлшерінің буланушылыққа қатынасын айтады.
Ылғадану коэффициенті – К.
Жылдық жауын - шашын мөлшері – Ж.
Буланушылық – Б.
К=Ж/Б
К>1 ылғал артығымен
К<1 ылғал жеткіліксіз
К=1 ылғал жеткілікті
Ылғалдану коэффициентінің маңызы:
1. Жылу мен ылғал мөлшері арасындағы байланысты анықтайды.
2. Табиғат зоналарының таралу заңдылықтарын түсіндіруге мүмкіндік береді.
3. Ылғал сүйгіш және қуаншылыққа төзімді дақылдарды өсіретін жерлерді тиімді тандауға мүмкіндік береді.
Терминдермен жұмыс
Изогетта – жауын - шашын мөлшері бірдей нүктелерді қосатын сызықтар.
Қышқылды жаңбыр – күкірт пен азот қосындысы бар жаңбыр.
Синоптикалық метеорология – ауа райын зерттейтін ғылым.
Ылғалдану коэффициенті – жауын - шашынның буланушылыққа қатынасы.
Радиозонд – арнайы қадағалау тетіктері бар құрал.
Булану – судың сұйық күйден газ күйіне өтуі.
Буланушылық – су қоры жеткілікті жағдайдағы булану мүмкіндігі.
Энциклопедия беттерінен
1. 1907 - 1908 жылы алғашқы қышқылдық жауын Англияда байқалған.
2. Қышқылдық жауын - шашындар Скандинавия елдеріне, Англия, Бельгия, Дания, Польша елдеріне тән.
3. 1911 жылы ең қалың қар – 11, 46 м Калифорнияда тіркелді. 1921 жылы 14 - 15 сәуір Колорадо қалың қар бір тәулік ішінде 1, 93 м құрады.
Географиялық диктант
1. Қазақстанда жауын - шашынның орташа жылдық мөлшері..... аралығында.
2. Жауын - шашынның ең көп түсетін жері.....
3. Арал теңізінің солтүстік шығысы мен..... жауын - шашын небәрі 100 мм.
4. Республикалық жазық және аласа таулы бөлігінде жауын - шашын солтүстіктен оңтүстікке және шығысқа қарай.....
5. Солтүстік өңірлерде жылдық жауын - шашынның..... жылдың жылы мезгілінде түседі.
6. Республиканың солтүстігінде қардың қалындығы....., ал оңтүстігінде.....
7. Жылдық жауын - шашын мөлшерінің буланушылыққа қатынасын..... деп атайды.
8. Оңтүстікке қардың жату ұзақтығы....., ал солтүстікте..... күн.
9. Республиканың солтүстігінде қыста жылдық жауын - шашынының....., ал оңтүстігінде..... түседі.
10. Орал қаласының ылғалдану коэффициенті.....
Үйге тапсырма.
Параграф 24, атлас картаны пайдаланып Көкшетау, Алматы, Семей қалаларының ылғалдану коэффициентін табу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×