Сайтқа кіру Тіркелу

Халықтың саны, қозғалысы, ұдайы өсуі

Сабақтың мақсаты:
Қазақстан халқының саны, қозғалысы, ұдайы қозғалысы, өсуі туралы оқып білу;
Карта, диаграмма, картосхемалармен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылықты арттыру
Бірін - бірі тыңдауға, топта жұмыс істеуге, достыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу;
Сабақтың әдіс - тәсілдері: топтық жұмыс
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу (халықтың саны бойынша алғашқы он мемлекетте адамдар қалай бір - бірімен амандасуын ұйымдастыру)
Қытай - өзіне – өзі қол қысу; Үндістан, Бангладеш, Пәкістан - кеудеде қолды скрещивают; Жапония - бас ию; Индонезия - қол беріседі, бірақ қыспайды; АҚШ - қол көтереді; Мексика мен Бразилия - құшақтасады; Ресей - қол ұстасу;
Санау арқылы топтасу
Сұрақ: Осы елдерді не біріктіреді?
Ендеше біз сендермен Қазақстанның халқы және еңбек ресурстары деген
ІІ бөлімді бастаймыз.
2. Жаңа сабақ
Ең алдымен Халық деп кімді айтамыз? (қоғамның өндіргіш күші, білімді, еңбек дағдыларын меңгерген, өндірістік тәжірибесі бар, тұтынушы)
Халық туралы не білуге болады?
- саны
- қозғалысы
- өсуі
- жастық - жыныстық құрамы
- орналасуы
- тығыздығы
- діни құрамы
- ұлттық құрамы
Осы мәліметтерді қалай білеміз? (халық санағы)
Халық санын білу не үшін қажет?
Қаншалықты маңызды? (шаруашылыққа әсері)
Бүгінгі сабақта біз Қазақстанның халқының санын, қозғалысын, өсуі туралы білеміз.
Ендеше оқулықтың 35 бетін ашамыз.(дәптермен жұмыс)
1 топ - халықтың саны
2 топ - қозғалысы
3 топ - өсуі
Тапсырма:
- мәліметтерді оқу
- постерге алған мәліметтерді түсіру (өз қалауларың бойынша: кесте, диаграмма, сызба т. б)
- тақырыптағы диаграмма, кесте, сызбанұсқа мәліметтерін ескеру;
- топтан бір өкілді таныстыру үшін дайындау;
- 15 минут уақытта үлгеру;
Топтың ережелері:
Белгіленген уақытта аяқтау;
Бірін - бірі тыңдау;
Бір - біріне сұрақ қою;
Қорғау: 10 минут
Әр топтан бір өкіл қорғайды, басқа топтар сұрақтар қояды.
Топтар бірін - бірі бағалайды («2 жұлдыз, 1 тілек» әдісімен)
«Қызықты сандар» (қызықты мәліметтер )
Жыл сайын дүние жүзінде 140 млн адам дүниеге келеді
әр секунд сайын 3 адам
әр минут сайын 175 адам
әр тәулікте 250 мың адам
Демографтардың есептеулері бойынша адамзат тарихында жер шарында 80 млрд астам адам дүниеге келген екен.
Ең көп балалы ана осыдан 200 жыл бұрын Ресейде өмір сүріпті. Ол дүниеге 69 бала әкелген екен.
16 жұп – егіздер
7 рет – 3 егізден
4 рет – 4 егізден туыпты. Соның ішінде бала кезінде 2 ғана баласы қайтыс болды. Қалған 67 баласын ер жеткізген.
4. Бағалау
«Бағдаршам» әдісі, кері байланыс (тақтаға ұсыныстарын ілу стикермен)
5. Үй жұмысы
- 7 тақырыпты оқу
- Петропавл қаласының халқы туралы мәлімет әкелу;
-«Егер сен мемлекет басшысы болсаң, туудың мөлшерін көбейту үшін қандай демографиялық саясат жүргізер едің?»- эссе жазу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Оңтүстік Американың халқы мен елдері

Оңтүстік Американың халқы мен елдері

Мақсаты: Білімділік: Материктің халқы қалай қалыптасқандығын, байырғы халқы - үндістердің тағдырын көрсету. Дамытушылық: Оқушыларды Оңтүстік...
Диаграмма мөлшерін, типін өзгерту

Диаграмма мөлшерін, типін өзгерту

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға теориялық білім нәтижелерін тәжірибемен ұштастыру. Диаграммамен жұмыс жасай білуге, оны кез - келген уақытта...
Дүние жүзінің халқы

Дүние жүзінің халқы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы география пәні мұғалімі Байбатырова Мира...
10 саны мен құрамы

10 саны мен құрамы

Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі: Зайрлиева Ботагөз...
Дүние жүзінің халқының саны және ұдайы өсуі

Дүние жүзінің халқының саны және ұдайы өсуі

Жезқазған қаласындағы № 10 орта мектептің география пәнінің мұғалімі Алданазарова Камила Алданазаровна Сабақтың тақырыбы: Дүние жүзінің халқының...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×