Сайтқа кіру Тіркелу

Ғаламдық экологиялық проблемалар

Сабақтың тақырыбы: Ғаламдық экологиялық проблемалар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Білімді қалыптастыруда оңайдан қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай оқытудың жүйелік ұстанымын басшылыққа ала отырып, оқушылардың алған білімдерін жүйелеу.
Дамытушылық: Ғаламдық проблемалардың пайда болу себептері, қоғам мен табиғат арасындағы байланыс, климаттың жылынуы энергетикалық проблемалар және оларды жою туралы түсінік беру.Оқушылардың ізденісін, шығармашылық белсенділігін, біліктілігін дамыта отырып оқыту.
Тәрбиелілігі: Табиғи ортаны қорғауға, сүюге, табиғат байлықтарын сақтауға және Отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ - жауап, баяндау.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: карталар, интерактивті тақта, кестелер, сызбалар, суреттер.
Пән аралық байланыс: биология, химия, физика, экология, тарих, экономика т. б.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі;
б) Жаңа сабақ;
в) Үй тапсырмасын тексеру;
г) Кестемен жұмыс;
Жаңа сабақ:
ХХ ғасырдың 60 - 70жылдарында дүние жүзі халықтарын толғандыратын күрделі проблемалар туындады. Бүкіл адамзатқа қатысы бар мұндай проблемалар ғаламдық проблемалар деп аталады. Күннен күнге адамзат табиғатқа қаталдықпен қарап, жұмыр жер бетінде табиғаттың құрып кету қаупі тұр. Ағылшынның әйгілі жазушысы Артур Кларк «Біздің ұрпағымыз жер бетіндегі тіршілік атаулының көзін қалай құртудың әдісін біліп те үлгерген» деген екен. Табиғатқа жаны ашитын қаламгер мұны ашумен айтса керекБіздер де сол ұлы қаламгердің халін кешіп отырған жоқпыз ба? Барлық қолдағы құндылығымыз жойылып біткеннен кейін ғана білетініміз қалай?
Алғашқы рет экология деген ұғымды (1866ж.) ғылымға неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізген. Экология магынасы гректің «Эко - Ойкос» деген сөзінен шыққан, үй, бізді қоршаған орта, біз өмір сүретін айнала деген ұғымды білдіреді. Демек, өзің тұрған үйді қалай таза ұстасаң, қоргаған табиғатты да солай таза сақта, соған өз үлесіңді қос.
Мысалы: Сыртқы ортаға қатты өндіріс қалдықтары да көп зиянын тигізеді. Ашық әдіспен 1 тонна темір рудасын өндіргенде 40 тонна тау жынысы електен өткізіледі, ал бұл біраз жерді жауып, ол жер ауыл шаруашылығына жарамсыз болып қалады. Екібастұз көмірі ашық әдіспен өндіріліп, сол жерде орналасқан жылу электр станцияларында жағылып, одан электр энергиясы алынады. Бірақ ондағы дүние жүзіндегі ең биік 430 метрлік мұржадан шыққан көмір түтіні Алтай тауының ғана емес, Гималай тауларының мұздықтарына дейін жетіп, тозаңы шөгеді екен.
Сен білесің бе?
1) Қазақстанда қанша АЭС бар?
2) Бактериологиялық қару қайда сыналды?
3) Ақырзаман белгілері қандай?
4) Шығыс Қазақстанда су басу себебінен неше бас мал қырылды?
Стратегиялық топтау
Экология:
1) Абай;
2) Шоқан;
3) Мұқағали;
4) Арал;
5) Балқаш;
Сабақты қорыту. Бағалау.
Үй тапсырмасы: Ғаламдық экологиялық проблемалар.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жер тағдыры – Ел тағдыры

Жер тағдыры – Ел тағдыры

Табиғат – бізді қоршаған орта, ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғаттың ерекше...
Қазақстан Республикасының экологиялық проблемалары

Қазақстан Республикасының экологиялық проблемалары

Білімділік мақсаты: Қоршаған орта, климаттың өзгеруі, ғаламдық көкейтесті мәселелер, Қазақстанның өзекті экологиялық проблемалары туралы білім беру....
Экологиялық проблемалар

Экологиялық проблемалар

XX ғасырдың екінші жартысындағы қоғам мен табиғаттың өзара қарым - қатынасы негізінде біздің елімізде күрделі табиғат жағдайы қалыптасты. Материалдық...
Табиғатты аялай да, бағалайык та білейік

Табиғатты аялай да, бағалайык та білейік

Оңтүстік Қазақстан облысы,Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы Кененбаева Жанар Кулахметовна...
Семей полигоны

Семей полигоны

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы география пәні мұғалімі Байбатырова Мира...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×