Сайтқа кіру Тіркелу

Ескендір Зұлқарнайын жорықтары

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ежелгі Македонияның орналасуын, табиғат жағдайларын, даңқы дүние жүзіне мәлім Александр Македонскийдің өмір жылдары мен маңызды шайқастарына тоқталып өту. Оқушыларға сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресте ерліктерін баяндап, танымдарын арттыру
Дамытушылық: Оқушыларды шығармашылық ізденіске баулу. Олардың жүйелі ойлау, өздігінен жұмыс істей білу дағдыларын дамыту және өз бетінше ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Соғыс атаулыға қарсы, татулыққа, ынтымаққа, бірлікке шақыру. Туған жеріне, Отанына сүйіспеншілігін арттыруға ықпал ету.
Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру
Сабақтың әдісі: ауызша баяндау, сұрақ - жауап, картамен жұмыс
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география, әдебиет
Сабақтың көрнекіліктері: Интерактивті тақта, карта, Македонский туралы тың материалдар
Жоспар
• Ежелгі Македонияның орналасуы
• Ескендір Зұлқарнайын – бұл Александр Македонский
• Александр Македонскийдің жорықтары
• Александрдың Орта Азияға жорығы. Спитаменнің ерлігі.
• Александрдың өмірінің соңғы жылдары
Македонияның орналасуы
Александр б. з. б. 356 жылы Македония астанасы Пелла да дүниеге келген. Оның ата - аналары Македония патшасы ІІ – ші Филипп пен Эпир патшасының қызы Олимпияда болды.
ІІ Филипп патша (б. з. б. 382 - 336 жж.) Македонияның ірі мемлекет қайраткері
ІІ Филипптің реформалары
1. Әскери реформа негізінде атты әскер жаяу әскер құрылып, темірдей тәртіп орнатылды. Әскери сап – фаланга енгізілді. Әр сап 16 қатардан тұрды.
2. Б. з. б 356 жылы ақша реформасы жүргізілді. Жаңа ақша шығарылып, оның құны сол кездегі халықаоралық рынокта басым болған.
3. Құрылыс, сәулет ескерткіштері, театрлар салына бастады. Македондық грек әліппесінің таңбаларын қолданды.
А. Македонский б. з. б. 343 - ші жылдан бастап – ұлы философ Аристотельдің тәрбиесі арқасында классикалық грек білімін алды.
Александр Македонский (патшалық құрған мезгілі б. з. б. 336 – 323)
А. Македонскийдің Кіші Азияға жорығы.
А. Македонскийдің Орта Азияға жорығы
Спитамен, Сыпатай – тәуелсіздік үшін күрестің даңқты басшысы.
Спитамен – сақ қолбасшысы. Әкесі – соғдылық, Шешесі – сақ қызы. Әкесі жас кезінде гректерге тұтқынға түсіп, Афинаға құлдыққа жіберілді. Спитамен Афинада скиф жасағының құрамында тәрбиеленді.
Ескендір Зұлқарнайын - қыпшақ қыздарына хиджаб кигізбек болып, райынан қайтқан.
А. Македонскийдің жаулап алған жерлері
А. Македонскийдің патшалығының құлауы
Болған уақыты Шайқас болған жер, елді мекен Нәтижесі
Б. з. б. 334 жыл Граник өзенінің жағасы А. Македонский парсылардың әскерін талқандады. Кіші Азияның ішкі бөліктеріне және Жерорта теңізі жағалауына оңтүстікке қарай жол ашылды. Финикия жеріндегі Тир, Библ, Сидон қалалары жаулап алынды. Б. з. б 333 жыл Исса қаласының түбінде Македондықтар жау әскерін талқандап, парсы патшасы
ІІІ Дарийдің отбасын да қолға түсірді.
Б. з. б. 332 жыл Египетке жорық Александр Египетті соғыссыз бағындырды. Ніл өзенінің атырауында жаңа қала - Александрия қаласының негізін қалады.
Б. з. б. 331 жыл Гавгамелы елді мекені түбінде Ежелгі дүниедегі ірі шайқас парсылар мен грек - македондық әскері арасында болды. Саны жағынан көп ІІІ Дарий әскері талқандалып, Александр бүкіл Парсы елін өзіне қаратты.
Б. з. б. 330 - 328 жж. Орта Азия мен Қазақстан жеріне Бактрия мен Соғды елі уақытша бағындырылды. Сақтар жеріне ішкері ене алмады
Б. з. б 328 жыл Үнді өзенінің жағалауы Үлкен қиындықпен Солтүстік Үндістан жаулап алынды. А. Македонский көптеген шығынға ұшырады.
Б. з. б 324 жыл Он жылдық жорық аяқталды. Александр әскерімен Вавилонға келді.
Ескендір ”поэмасы – Абай поэмаларының ішіндегі елеулісі, ақынның гуманистік ой - пікірлерін тереңірек танытатыны.
Шығыс елдерінде Ескендір Зұлқарнайын деген атпен тараған, Еуропа Александр Макендонский деген атпен белгілі қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған. Ескендір тақырыбын Еуропа ақындарымен қоса, Шығыстың Фирдоуси, Низами, Жәми сияқты ақындары да жыр еткен.
Шығыс халықтарының арасында осы қолбасшының қос мүйізі бар екен деген лақап тарап кеткен. Сондықтан ол Зу - ль - Карнейн («Қос мүйізді») аталыпты.
Бекіту сұрақтары:
1. А. Македонский кім?
2. А. Македонскийдің Орта Азияға басып кіруі, немен аяқталды?
3. Орта Азия халықтарының еркіндік пен тәуелсіздік үшін күресінің маңызы неде?
Ол күрестен қандай нәрселерді үйренуге болады деп ойлайсыңдар?
4. Абайдың поэмасында Ескендірді қандай адам ретінде сипаттайды?
5. Македония Республикасының географиялық орнын анықтаңдар.
Сабақты қорыту. Бағалау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сақтар

Сақтар

ШҚО, Семей қаласы Қайрат Рысқұлбеков атындағы № 33 мектебінің тарих пәнінің мұғалімі: Омирбаева Меруерт Даулетбековна...
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

Сабақтың тақырыбы: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі Білімділік мақсаты: Оқушыларға сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресте ерліктерін баяндап,...
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы Джилкибаева Нуршакуль Абдикеримовна...
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы. Қ.Терібаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығының тарих пәні мұғалімі Абжаппарқызы Мира...
Республика дәуіріндегі Рим

Республика дәуіріндегі Рим

ШҚО, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы, «Амангелді орта мектебі»КММ Тарих пәні мұғалімі Бибосынова Алтынгүл Елтайқызы Ежелгі дүние тарихы 6 сынып...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×