Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Гидросфера және дүниежүзілік су ресурстары. Су айналымы

География 10 сынып
1. Сабақтың тақырыбы: Гидросфера және дүниежүзілік су ресурстары. Су айналымы.
2. Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі: Оқушылар Жердің су қабығы Гидросфера екенін біледі. Су туралы мәліметтер алады.
3. Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: жеке жұмыс, топтық жұмыс.
4. Сабақтың нәтижесі:
Білу: Гидросфера қандай құрамдас бөліктерден тұратынын біледі.
Түсіну: Судың басты қасиеттерінің табиғаттағы маңызын түсінеді.
Қолдану: Оқулық мәтінін пайдаланып, табиғаттағы су айналымының сызбасын құрастыра алады. Талдау: Гидросфераның құрамдас бөліктерінің жаңару кезеңдеріне кесте бойынша талдау жасай алады.
5. Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау: критерий бойынша бағалау.
6. Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс - талабын есепке алу: Мақсаттардың орындалуы үшін оқушыларға қолдау, көмек көрсетемін. 7. Реурстар мен жабдықтар: оқулық, карта, постер, суреттер, интернет материалдары.
Сабақ барысы
Кіріспе
1. Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасады, сергіту сәтін жасайды
2. Мұғалім сыныпты қима қағаздар арқылы топқа бөледі.
3. Атмосфера және климат тақырыбы бойынша қорытынды тест алады.

Тұсаукесер
1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды. 2. Тақырып айқындағаннан кейін мұғалім оқушыларға мәтінмен танысып шығуға тапсырма береді.
1топ: Гидросфера және оның құрамдас бөліктері.
2топ: Судың қасиеттері
3топ: Табиғаттағы су айналымы тақырыптары бойынша постер жасап қорғайды

Негізгі бөлім
1. Галереяға саяхат әдісі бойынша топтар табиғаттағы су айналымының сызбасын құрастырады.
2. Мұғалім 5 - кесте бойынша Гидросфераның құрамдас бөліктерінің жаңару кезеңдеріне талдау жасауды тапсырады.

Қорытынды
1. Мұғалім сабақты қорытындылайды.
2. Үйге тап - ма:
1) §11 оқу. Өздерің тұратын аудандағы су көздеріне адам әрекетінен қандай өзгерістер болуда. Эссе жазу.
Гидросфера және дүниежүзілік су ресурстары. Су айналымы. жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету